ТУСТУКОВ ҚАБДУДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТАРТЫСТЫ ДОДА

Осымен бірнеше жылды артқа тастап бара жатқан Лебяжі ауданындағы «Естелік пойызы» бірегей жобасы өз тағылымдық шапағатымен адамзат игілігін нұрландыруда. Ел болудың іргетасын тіктеу жолында баһадүр ерлігімен де, ерен еңбегімен де дараланып танылған тұлғаларды тағзым ете еске алу аудан орталығында да, ауданға қарасты ауылдарда да сол бір тегі асыл жандардың ұрпақтарының ауызбірлігі арқасында жүзеге асырылу үстінде. Асылында, «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын».

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде де бірегей жоба «Естелік пойызының» биылғы аялдамасы болып Ұлы отан соғысының ардагері, ауылдың дамуына өлшеусіз үлес қосқан еңбек ардагері, марқұм Тустуков Қабду Абылұлы айшықталып отыр. Бір жақсысы, мектепте өткізілген волейбол жарысы Ұлы Жеңістің алпыс тоғыз жылдығы қарсаңында ұйымдастырылды. Осынау құрметке ие болып отырған Қабду ақсақал х ... Читать дальше »

Просмотров: 1014 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 20/04/2014 | Комментарии (0)

ПАЙДАЛЫ СЕМИНАР

Орта білім беру ісімен айналысатын кез келген оқу орны үшін әдістемелік әлеуетті жетілдіріп арттыру үшін қазіргі таңның талабымен алғанда ұдайы ізденіс, зерттеушілік, ғылымилық, инновация ауадай қажет әлбетте. Білім беру һәм білімдену айдынында жаңалық атаулы, эксперимент толқынды толқын қуғандай жаңаруда.

Күні кеше Лебяжі жалпы орта білім беретін мектебінде Лебяжі аудандық білім бөлімі әдістеме дәрісханасының мұрындық болуымен ауданға қарасты мектептердің оқу ітері меңгерушілеріне арналған пайдалы әдістемелік семинар өткізілді. Күн тәртібіне ауқымды үш мәселе шығарылды. Аталмыш шараны білім бөліміндегі әдістеме дәрісханасының меңгерушісі Г.Қалиева тізгіндеді.

Семинардың алғашқы бөлімінде 2013 жылдың күзінде «Өрлеу» ұлттық біліктілік орталығы өткізіп жүрген үш айлық жаңа формациялы біліктілік арттыру курстарының бірінші деңгейін тәмамдаған Баймолдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ ... Читать дальше »

Просмотров: 802 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 20/04/2014 | Комментарии (0)

С.ТОРАЙҒЫРОВ атындағы ПМУ-дің ХОШ ҚАБЫЛДАУЫНДА

Әлбетте, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті – аймағымыздағы жоғары оқу орындарының бірегей көшбасшысы. Университеттер ішінде мемлекеттік құзырға иелік етіп отырған осынау білім ошағында мыңдаған студент, жүздеген магистрант ғылым гранитін ынта һәм талап танытып әрі қырлауда, әрі әрлеуде. Асылында, ғылымменен мақтанып жүрген өз алдына тұлғалар.

Биылғы сәуірдің әл-әзір салқындау лебіне қарамастан әрі ПМУ-дің арнайы шақыртуымен Лебяжі ауданына қарасты жалпы орта білім беретін мектептерінде жыл сынағы – Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) ұдайы дайындалып жүрген мектеп түлектерін Лебяжі аудандық білім бөлімінің жетекші мамандары бас болып жоғары оқу орнына алып барды күні кеше. Кең де зәулім мәжіліс залға жайғастырылған лебяжілік түлектерді университеттің мүйізі қарағайдай докторлары, профессорлары, доценттері, небір ғылымдардың кандидаттары, факультеттер деканда ... Читать дальше »

Просмотров: 846 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 20/04/2014 | Комментарии (0)

Оңтүстік Корея һәм Жапония – 2002

... Читать дальше »
Просмотров: 1082 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 20/04/2014 | Комментарии (0)

ӨМІРГЕ ҚАУІП ТӨНДІРЕТІН АПАТТЫ НЫСАНДАР

Жалғанда адам өмірінен қымбатты абыройлы қазына жоқ шығар. Өлшеп берген дәуренді қауіп-қатерсіз өткізуге ешқандай кедергі болмаса екен деп Жаратшуы Иемізге құлшылық жасаймыз әлбетте. Ал қандай да бір қиындықтың алдын алу үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын ұстануымыз керек.

Өз арнасымен ағып жатқан қарт Ертісті жар жағалай орын тепкен ауылдардың бірі – Бесқарағай. «Бірлік түбі – тірлікті» өмірлік бағыт еткен ауылдың осынау ауыл болғанына да сексен жылдан асып бара жатыр. Кеңестер заманында ұжымшарлы-кеңшарлы болған бұл елді мекен де бабалар аңсаған Тәуелсіздік таңы атысымен өзге ауылдар сияқты нарықтық экономиканың сүрлеуіне түсті. Акционерлік қоғам да болды. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік те болды. Бірнеше нысандар жабылды. Қиратылды, бұзылды. Тиын-тебенге сыртқа сатылды.

Зәулім нысандардың ішінде қазіргі таңда тек Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебі ... Читать дальше »

Просмотров: 1007 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 20/04/2014 | Комментарии (0)