13:18
Сырттай бағалау

С.ТОРАЙҒЫРОВ атындағы ПМУ-дің ХОШ ҚАБЫЛДАУЫНДА

Әлбетте, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті – аймағымыздағы жоғары оқу орындарының бірегей көшбасшысы. Университеттер ішінде мемлекеттік құзырға иелік етіп отырған осынау білім ошағында мыңдаған студент, жүздеген магистрант ғылым гранитін ынта һәм талап танытып әрі қырлауда, әрі әрлеуде. Асылында, ғылымменен мақтанып жүрген өз алдына тұлғалар.

Биылғы сәуірдің әл-әзір салқындау лебіне қарамастан әрі ПМУ-дің арнайы шақыртуымен Лебяжі ауданына қарасты жалпы орта білім беретін мектептерінде жыл сынағы – Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) ұдайы дайындалып жүрген мектеп түлектерін Лебяжі аудандық білім бөлімінің жетекші мамандары бас болып жоғары оқу орнына алып барды күні кеше. Кең де зәулім мәжіліс залға жайғастырылған лебяжілік түлектерді университеттің мүйізі қарағайдай докторлары, профессорлары, доценттері, небір ғылымдардың кандидаттары, факультеттер декандары мейірімділік таныта қабыл көрді. Үгіт-насихаттық бағытты мақсат тұтқан осынау кездесудің басында түлектер назарына С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің қазіргі тыныс-тіршілігі жайында танымдық бейнефильм көрсетілді. Онда жоғары оқу орнының кемел ғылыми жетіктіктері, зерттеушілік-инновациялық ізденістері жан-жағынан паш етілді. Сонымен бірге ғылым-іліммен сусындатып отырған факультеттер туралы пайдалы мәліметтер мен ақпараттар таратылды. Жоғары мінберден сөз алған университтегі жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің деканы, ғылым кандидаты А.Кудерина мемлекеттік тілде де, ресми қарым-қатынас тілінде де «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты» лебяжілік түлектерге ҰБТ айналасын мейілінше қамтыған нұсқаулық жасаумен қатар, іргелі оқу орнына конкурстық құжаттарды тапсырудың тиімді жолдарын да тілге тиек етті. Негізінен, аталмыш жоғары оқу орны университеттер ішінде бүкіл Қазақстан бойынша таңдаулы бестіктің қатарына кіреді екен. Оның үстіне жақын һәм алыс шет елдердердің азуы алты қарыс жоғары оқу орындарымен тығыз іскерлік байланыста. Демек университет студенттері арнайы академиялық бағдаралама арқылы шет елдің кез келген жоғары оқу орнында белгіленген уақыт аралығында білімін жетілдіре алады. Нақты мысал ретінде осы күндері үшінші курста оқып жүрген Дулат есімді студент Латвия астанасы Ригадағы халықаралық академияда алған тәжірибесімен бөлісті. Ұйып тыңдаған әрі презентациясын көрген лебяжіліктер түлектер пайдалы жайттарға қанық болды. Сонымен бірге үлкен сахна төрінде университет студенттері тамаша әндерін шырқады, келісті билерін көрсетті. Әсіресе көпшіліктің көңілінен ПМУ-дің көңілділер мен тапқырлар командасының жарасымды әзіл-оспақтары мейілінше шықты.     

Бұл жолғы сырттай бақылау сынағы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институт жанындағы колледждің ғимаратында ұйымдастырылды. Орындарына жайғасқан мектеп түлектеріне олар әлі орындамаған байқау сынағы сұрақ кітапшаларының нұсқалары үлестірілді. ҰБТ нұсқаулық-ережесіне сай үш жарым сағатқа созылған тест сынағы алынды да артынша оқушылардың жауап парақтары ПМПИ-дің бас ғимаратындағы ҰБТӨП-де бірден сканерлік тексерістен өткізілді. Барлығымызды толғандырып отырған мониторингке көз жіберсек, лебяжілік биылғы түлектер бұл байқау сынағына барын салып бақты. Дегенмен сәті түскен шақта әлі де ұялы телефонның көмегіне, жасырып алған шпаргалкаларға қайта-қайта жүгінумен әуре-сарсаңға да түсті. Әрине, нақ ҰБТ тапсыратын күні мұндай «көмекшілерге» сүйенетіндей ешқандай жағдай болмайды

ҰБТӨП-нің бас маманы Нағима Мәжитқызының айтуынша, мамырдың алғашқы онкүндігінде ҰБТ тапсыратын күн және түлектің отыратын аудиториясы көрсетілген рұқсаттамалар келеді. Содан кейін лебяжілік түлек-талапкерлерді тағы бір мәрте шақыртады да рұқсаттамада көрсетілген аудиториялардың орналасқан мекенін көрсетеді.

Ал биылғы ҰБТ-ге қатысуға өтініштер толтырып, тапсыратындар базасында тіркелу 24 сәуірде жабылады. Бұдан кейін кері қайтуға да, тіркелуге де толығымен жол жабылады.  

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылыі, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 846 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: