ЖАЗҒЫТҰРЫМҒЫ ЖҰМЫСТАР ПЫСЫҚТАЛДЫ
Ауылда жазғытұрымғы жұмыстар шаш-етектен. Олар да өз алдына дәстүрлі сүрлеуге түскені қашан. Асылы, көппен көрген ұлы той. Соларды рет-ретінше орнына келтіру үшін ынтымақ һәм келісім керек әлбетте. Осынау мақсатты желеу етіп, жуырда Қызылағаш ауыдық округі әкімшілігінде ауыл тұрғындарымен келелі жиын өткізілді.
Жиынды жүргізу тізгініне иелік еткен ауыл әкімі Ж.Ш.Байтілеуова жиналған бесқарағайлықтарға күн тәртібіне шығарылған мәселелерге тоқталды. Бірінші сұрақ ретінде ауыл тұрғындарының жеке меншігіндегі төрт түлік малды ветеринарлық өңдеуден өткізу һәм бірдейлендіру қарастырылды. Сөз басында Жанат Шоқанқызы ауылдық округ аумағында ветеринарлық пункт ашылғанын, ондағы қызметтің жүйелі жолға қойылғанын жеткізді. Ал өз кезегінде сөз алған ветеринарлық дәрігер қызметіндегі А.Оспанова тұрғындарға мал дәрігерлігі хақында егжей-тегжейлі түсіндіру-нұсқаулық әңгімесін айтты. Ветеринарлық қызметтің мемлекет қар
...
Читать дальше »