ОТАН ТЫНЫШТЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖОЛЫНДА
Жер басып жүрген кез келген адам үшін Отаннан ыстық, Отаннан қымбат құдірет жоқ қой әлбетте. Қайда жүрсе де, қандай болса да атамекенге деген сағыныш, аңсары өршіп тұрады. Ошақ, отбасынан бастау алатын Отан өзінің ауасын жұтып, суын ішіп отырған әрбір баласынан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, тірек-қорғанды ашық түрде айтпаса да іштей ишарат түрінде қажетсінеді.
Қасиетті Отан осынау тірлік-тіршілігінде нендей жағдайдалрды басынан кешпеді. Соның бәрінде де шындалған шыдамдылық һәм асқан абырой танытты емес пе. Небір қиын-қыстау кездерде орманы оталып, тау қопарылып, топырағы ойрандалып, айдыны лайланса да тұрған орнынан бір қарыс жерге де шегінбеді, етегі жасқа толып еңіремеді. Өскелең ұрпақ үшін қаққан қазықтай тік тұрды.
Отанды қорғау жаймашуақ бейбіт күнде де өте-мөте қажет екендігі айтпаса да түсінікті. Осынау мақсат үшін еліміздің өз алдына Қарулы Күштері бар. Азаматтық борышын өтеген, өтеп
...
Читать дальше »