Данный сайт создавался с целью ознакомления с жизнедеятельностью Бескарагайской средней общеобразовательной школы. Плюс к этому, рассказать о творчестве автора сайта. Благодарень за посещение.
Изменить этот текст можно в панели управления, раздел "Редактор страниц".
Изменить этот текст можно в панели управления, раздел "Редактор страниц".
Немного об авторе:
Павлодар қаласы Бекхожин көшесі, 9/42 Ұялы: 87776249822
Электронды пошта ibbeker@rambler.ru
Ибрагим Бегімхан Керімханұлы http://shakhibbeker.ucoz.kz
Өзі туралы мәлімет • Туған жылы мен мекені: 1974 \ Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы, Қазақстан Республикасы
• Ұлты: қазақ
• Отбасылық жағдайы: үйленген
• Балалар: бір қызды тәрбиелеуде
Біліктілігі жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Білімі жоғары, С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті, 1996
Кәсіби тәжірибесі 23 жылдық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде педагогикалық өтілі бар, оның ішінде:
• 2001-2003 ж.ж. мектеп директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары
• 2007-2015 ж.ж. мектеп директорының оқу ісі бойынша орынбасары
Дипломдар, Мадақтамалар Алғыс хаттар Сертификаттар
• ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» білім беру бағдарламасы бойынша 320 академиялық сағат көлемінде мұғалімдерді оқыту курсын аяқтады (Сертификат, ПШО, Павлодар, 05/05/2018)
• ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 160 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын аяқтады (Сертификат, ПШО, Павлодар, 26/07/2016)
• «НЗМ» ДББҰ ПШО өткізген ҚР жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері үшін критериалды бағалау бойынша 40 академиялық сағат көлемінде Каникулдық мектеп шеңберіндегі семинарына қатысты (Сертификат, ПШО, Павлодар, 08/01/2020)
• Аудандық олимпиадада оқушысы ІІІ орын алды (қараша, 2015), Республикалық қашықтық олимпиадасында қазақ әдебиетінен аудан бойынша ең үздік нәтиже (Сертификат, Астана, 2015), қазақ тілінен облыс бойынша ІІІ орын (Мадақтама, Астана, 2017), қазақ тілінен қала бойынша ІІ орын (Мадақтама, Астана, 2017), қазақ әдебиетінен облыс бойынша ІІІ орын (Мадақтама, Нұр-Сұлтан, 2019), қазақ әдебиетінен қала бойынша ІІІ орын (Мадақтама, Нұр-Сұлтан, 2019), «Педагогика: дәстүрлер және инновация» республикалық қашықтық олимпиадасына қатысты (Сертификат, Нұр-Сұлтан, 2019), қазақ халқының этнографиясы бойынша (Сертификат, Астана, 2016), қазақ тілінен, қазақ әдебиетінен қатысты (Сертификаттар, 2015-2019), «Педагогикалық ғылым – білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында» қатысты (Сертификат, Астана, 2017), 10 «Б» сынып оқушысы Камилова Арына қазақ тілі пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, республика бойынша ІІ дәрежелі Дипломмен, облыс бойынша ІІІ орын алғаны үшін Мадақтамамен, қала бойынша ІІІ орын алғаны үшін Мадақтамамен, қатысқаны үшін Сертификатпен марапатталды (Астана, 2018), өзге тілді мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша аудандық мұғалімдер олимпиадасында ІІ орын алды (Мадақтама, ақпан, 2016), «Заманауи сабақ – 2017» интернет-фестивалінде ІІІ орын (Мадақтама, Павлодар, 2017), ХІІІ қалалық мұғалімдер олимпиадасында ІІІ орын (Мадақтама, Павлодар, 2017), мұғалімдерге арналған қазақ әдебиетінен өткен Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадасының жеңімпазы (І дәрежелі Диплом, Астана, 14/03/2018), жүлдегері (ІІ дәрежелі Диплом, Астана, 20/03/2019), мұғалімдерге арналған қазақ тілінен өткен Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадасының жүлдегері (ІІ дәрежелі Диплом, Астана, 14/03/2018; ІІІ дәрежелі Диплом, Астана, 20/03/2019), Республикалық Дәстүрлі Интернет Олимпиадасына қазақ тілінен, қазақ әдебиетінен қатысқанын растайтын Сертификаттар (Нұр-Сұлтан, 13.05.2019), «bilimland.kz» сайты өткізген Республикалық «Жаңашыл мұғалім – 2019» байқауының 1-кезеңінен өтіп, 2-кезеңіне, яғни ақтық мәреге қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.
• 2019 жылғы Тамыз кеңесінде Павлодар қаласының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің шығармашылық топ мұғалімдері құрамында үздік әдістемелік-дидактикалық материал дайындағаны үшін Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының Сертификатымен марапатталды (Павлодар, 2019 жылғы тамыз).
• Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі халықаралық «ЭКСПО – 2017» көрме аясында өткен ақын Есентай Ерботинді еске алуға арналған жас орындаушылар арасында мәнерлеп оқу конкурсына белсенді қатысып, жүлделі орынға ие болған оқушыны дайындағаны үшін (Алғыс хат, Павлодар, 2017), ал 5 «А» сынып оқушысы Линник Екатерина аталмыш мәнерлеп оқу конкурсында «Сахналық шеберлігі» номинациясы бойынша Алғыс хатпен марапатталды.
• Латын қарпіне қазақ әліпбиін көшу бойынша Павлодар қаласы «Ана тілі» орталығының 24/09/2018 24/10/2018 аралығында ұйымдастырылған орта білім мектептерінде «Латын қарпінде жазу» 24 сағаттық оқу бағдарламасын аяқтады (Сертификат, Павлодар, 2018), «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдары Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институттарының бірлескен республикалық «Рухани жаңғыру: латын әліпбиіне көшудің жаңа көкжиектері мен ерекшеліктері» атты дөңгелек үстеліне қатысты (Республикалық Сертификат, 07/12/2018), Павлодар қаласының білім беру бөлімі тәуелсіздік күніне орай өткізген «Ел бағытын тербеткен Тәуелсіздік» эссе конкурсына 8 «А» сынып оқушысы Акимова Дариға мен 9 «Б» сынып оқушысы Матюшонок Дарья қатысты (Сертификат, Павлодар, 2018).
• «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытудағы қазіргі білім беру технологиялары» біліктілік арттыру курсы Сертификаты, ИнЕУ, 2015 жыл
• «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың ілдік және коммуникативтік құзырлықтарын дамыту» атты оқыту семинарына қатысқаны үшін Сертификат, «Ертіс дарыны» АҒТО, 2015 жыл
• ҚР Кіші Ғылым Академиясының ұйымдастыруымен өткізілген Н.А.Оразыханованың «Сатылай кешенді оқыту» бойынша 1-үйренушілік деңгейін меңгеріп, аяқтағаны үшін Сертификат, ҚР Кіші Ғылым Академиясы, Алматы, 2015 жыл
• Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты өткізген «Білім беру және оқыту сапасын бағалау» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарда білім алғаны үшін Сертификат,Тіркеу № 18-8, ПМПИ, 2016
• «Мұғалімдер сайты» білім беру сайттары желісінде «Инфоурок» ғаламтор жобасында жеке сайтын ашқаны үшін Сертификат, 2016
• Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына және Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің 15000-ыншы нөмірінің жарық көруіне орай басылымның белсенді әрі тұрақты авторы (Алғыс хат, Павлодар, қазан, 2016)
• Облыстық «Сарыарқа самалы» газетіндегі балалар мен жасөспірімдерге арналған «Айналайын» қосымшасының шыға бастағанына 20 жыл толуына орай тұрақты автор ретінде Алғыс хатпен және арнайы Статуэткамен марапатталды (Павлодар, 2018).
Өзге қайраткерлік Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі
Шығармашылық Республикалық, облыстық, қалалық газеттерге түрлі тақырыптарды қамтитын мақалалар жазу, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік веб-сайттарда оқу-тәрбие бағытындағы мақалаларды, сабақ әзірлемелерін орналастыру, өлеңдер шығару, шығармашылық аударма, жас қаламгерлер мен тілшілерді дайындау, латын үлгісіндегі қазақ әліпбиін еркін түрде үйрету, жеті модульді ықпалдастыра отырып, ОМЖ және ҚМЖ құрастыруды, коучинг және тәлімгерлікті дамыту
Басылымдары 2000-2019 ж.ж. аралығында көптеген мақалалары, өлеңдері республикалық «Жас Алаш», жалпыұлттық республикалық «Егемен Қазақстан» газеттерінде, облыстық «Сарыарқа самалы», облыстық педагогикалық «Ұстаздар газеті», «Педагогика хабаршысы», аудандық «Аққу үні» газеттерінде, БАҚ вебсайттарында жарық көрді.
2009 жылдың сәуір айынан бастап ғаламторда тәрбиелік-тағылымдық, тәлім-өнегелік, танымдық-ақпараттық веб-парақшасы бар: http://shakhibbeker.ucoz.kz
2015 жылы жарық көрген Лебяжі ауданы энциклопедиясында мақаласы жарияланды. 2002 жылдан Бесқарағай ЖОББМ-нің «Алау» қабырға газетін шығарды (06/05/2016 дейін 171 саны жарық көрді).