ЕРКЕКТІҢ ЕСЕР «ЕРКЕКТІГІ»
Жалғанды жан-жағынан қаумалайтын тірлік түйіткілдері теперіш һәм тауқыметке толы. Атылған оқпен тең дөрекілеу-тұрпайылау айтылған сөз бас жармаса да, тас жармаса да әрдайымғы жазығы жоқ естіген құлаққа жағымсыз болады. Көзге бірден көрінетін небір анайылау сипат-көріністер көрген көзге қораш қой әлбетте.
Бірде әлдебір құжаттарға қол қою үшін білдей бір мекеменің ішіне кіріп, оның ішіндегі тиісті орынға барып, құжаттарды ұсынған келіншектің жүзіне қарағанда көгеріп тұрған даққа еріксіз көзім түсіп кетті. Не болғанын қазбалап сұрайтындай менің қай шаруам. Құжаттардың қажетті тұстатырына қолымды қойып шықтым да жөніммен кете бардым. Содан бері алма жүзінде көгерген дағы бар сол келіншектің ажары көз алдымнан кететін емес. Бірақ айтарыма осы бір қарапайым мысал негіз болып отыр.
Қазақты «үйлену оңай, үй болу қиын» деген өміршең нақыл бар. Отбасы болғаннан кейін ыдыс-аяқ сылдырламай
...
Читать дальше »