18:30
Сырттай бағалау

ӘРІ ӘЗІРЛІК СЫНАҚ, ӘРІ ТАНЫМДЫҚ СЕРУЕН

Нақышты наурыздың күн күлімдеген соңғы күнінде 2014 жылы Ұлттық брыңғай тестілеу (ҰБТ) тапсыруға ниеттерін білдіріп, өтініштерін өткізіп қойған Лебяжі аудандық білім бөліміне қарасты жалпы орта білім беретін мектептердің он бірінші сынып оқушыларын һәм олардағы бұйрықпен бекітілген техникалық хатшыларды Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты (ПМПИ) ішінде орналасқан ҰБТ өткізу пункті (ҰБТӨП) һәм жоғары оқуға дейінгі оқыту факультеті қонақжайлылық таныта қарсы алды. Мұндай ұзақ сапарға шығудың басты мақсаты – ҰБТ тапсыратындардың білім деңгейін сырттай әзірлік сынағы арқылы бағалау.

Негізінен, осынау іскерлік байланыстың тұрақты көпірі қалыптасқаны биыл ғана емес әлбетте. Соңғы төрт-бес жылдың жүзінде пайдасы ұлан-асыр қарым-қатынастың шапағаты айтудай-ақ. Атап айтқанда, лебяжілік түлектер жалпы орта білімнің басты сынағынан ПМПИ-дегі аудиторияларда өтеді. Жасыратыны жоқ, өз аудан орталығында ҰБТӨП жоқ болғандықтан, осында тапсыруға осымен нешінші жыл қатарынан мәжбүр. Психологиялық жағынан бейімделу үшін де осындай іс-сапарлар сондайма қажет мектеп бітірушілерге: аудиториялардың ішіне кіріп, жайғасатын орындарын әуелден болжайды.

Лебяжі аудандық білім бөлімі мамандары, аудандық жол полициясы ызметкерлері, ҰБТ бойынша мектептердегі техникалық хатшылар – бәрі жауапкершілік таныта он бірінші сыныптардың алпысқа жуық оқушысын автобустармен апарды да әкелді.

Әзірлік тестілеу сынағы алдында жоғары оқуға дейінді оқыту факультетінің қызметкерлері лебяжілік түлектерді ПМПИ-дің биотехнологиялық-зертханалық орталығына, өлкетану мұражайына серуендетті. Оқушылар молынан танымдық дүниелерден хабардар болды. Содан кейін үлкен лекция залында үш сағатқа созылған тест сынағы алынды да артынша оқушылардың жауап парақтары ҰБТӨП-де бірден сканерлік тексерістен өткізілді. Басқасы басқа, ал «Алтын белгіге» үміттеніп жүрген үш лебяжілік түлек осы жолы да математика, Қазақстан тарихы һәм кәсіптік пәндер бойынша талапты балл қорын жинай алмай, бірден үш пәннен «үздік» бағаға қол жеткізе алмағаны анықталды. Мұндай сырттай бағалау іс-сапарлары сәуір-мамыр айларында да ұйымдастырылатыны жоспарланып отыр.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылыі, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 1012 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: