18:29
Біліктілік диагностикасы

ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІ ТЕСТ ТАПСЫРДЫ

Аймақ орталығындағы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің кең де зәулім фоесінде наурыздың жиырма жетісінде Лебяжі, Ертіс, Шарбақты аудандарынан 5-11 сыныптарға жаратылыстану-математикалық һәм қоғамдық-гуманитарлық пәндерден сабақ оқытатын мұғалімдер мейілінше жиналды. Бұл – облыс әкімі Қ.А.Бозымбаевтың тікелей тапсырмасының орындалуы. Ашып айтқанда, өткен оқу жылының соңында ҰБТ қорытындылары бойынша аймаққа қарасты аудандар арасында соңғы орындарда тұралап қалған аталмыш аудан мұғалімдерінің біліктілік әлеуетін бейтарап тест алу арқылы диагностикалау Павлодар облыстық білім басқармасына міндеттелген болатын. Басқасын қайдам, ал лебяжілік мұғалімдер биылғы жылдың ақпан айында Лебяжі жалпы орта білім беретін мектебі базасында ПМПИ-дің мұрындық болуымен әзірлік тест сынағын алды да. Енді міне Павлодар облыстық білім басқармасы жауапты тест сынағын ПМУ-де ұйымдасқан түрде өткізді.

Аудандардың білім бөлімдеріне ек-үш апта бұрын тестілеуге міндетті түрде қатысатын пән мұғалімдерінің тізімдері, тапсыратын пәндері, жайғасатын аудиториялары айқындалған мәліметтер мекенделді. Жоғары оқу орнына кіріп жайғасқан лебяжілік пән мұғалімдері еш қиналыссыз тиісті орындарына жайғасты да, 45-60 минөт аралығына шақталған тестілеуден өтті. Сондағы басты мақсат – пән мұғалімдерінің біліктілік әлеуетін салыстырмалы түрде диагностикалау һәм кемшін тұстарды курс арқылы толтыру.            

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылыі, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 738 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: