БАТА-ТІЛЕКТЕР
Халық бата-тілегі
Жолаушыға бата
Иә, Құдайым оңдасын,
Оң жолына бастасын.
...
Читать дальше »
|
АТ ТҰЛДАУ
Қазақ салтында атпен үйге дүбірлете шауып келу көргенсіздіктің, тәртіпсіздіктің ең жаман түрі. Кісі өлген үйге ғана «ой, бауырымдап», дауыс қылып, ат қойып келген.
Өткен ғасырда өлген адамның атын тұлдау, қазақтың жерлеу ғұрпының ажырамас бөлігі болғаны туралы Құрбанғали Халидтің, В.В.Радловтың еңбектерінде, әсіресе М.Әуезовтің эпопеясында жақсы баяндалған. Өлген адамға ат арнау Х.Арғынбаевтың белгілі монографиясында, жалпы кеңес этнографиялық әдебиеттерінде жақсы зерттелген салттардың бірі.
...
Читать дальше »
|
ДОСБОЛ мен КӨКШОЛАҚ БИ
Бала би Досбол он екі жасында жоғарғы Өр Найманға жүз жылқы дауына бас болып барған екен. Жылқыны айдатып алдырушы Өр Найманда Ебей, Себей деген бір тума екі бай қолдарына жүзден жігіт ұстап, шет елден мал алдырып тұратын болған.
Орта жүз Момын баласы жүз жылқы алдырып бас қосып сөйлесіп, жүрген-тұрғанды тексере келгенде Ебей, Себейдің жігіттерінің Момын ішіне келгендігі, жылқыны алып кетуш
...
Читать дальше »
|
ФЗУЛИ, ШӘМСИ, СӘЙХАЛИ...
Абайдың 1855-81 ж. аралығында жазған өлеңі. Ақын шығармаларының 1933 жылғы жинағында өлеңнің шығарылған уақыты 1858-59 ж. деп көрсетілген. Көлемі 4 тармақты бір шумақ. Зерттеушілердің деректеріне қарағанда 14 жастағы жасөспірім Абай Семейдегі Ахмет-Риза медресесінде оқып жүргенде жазған сияқты. Шынында да ақынның шығыс тілі мен әдебиетін деңдей оқып, Шығыстың ұлы философ-ақындарының классикалық туындыларымен барынша тереңірек танысатын шағы осы кезең. Сыры мол, құпиясы көп өлең өнерін аңсап, сол бір тылсым әлемге барар жол іздеген жас ақын өзі шығармаларын құмарт
...
Читать дальше »
|
СӨЙЛЕУГЕ ДЕЙІН ҚАНДАЙ ДАЙЫНДЫҚ ҚАЖЕТ?
7. Өзіңізді төмендетпеңіз – сахнаға шыққан соң, өзіңіз туралы теріс пікір айтудан аулақ болыңыз. Көпшіліктің алдына шыққан соң: «Енді бәленше сияқты керемет емеспін, түгенше сияқты сөзшең емеспін, ондай болу қайда-а-а, бірақ сөз берілген екен, сөйлеп көрейін» деп, өзін өзгелермен салыстырып жататын қазақтың қанына сіңіп кеткен әдеті бар ғой. Сондай сөздерден, тіпті ойдан сақ болыңыз. Өзіңіз туралы ойыңыз жақсы болсын. Сонда сөзіңіз де өтімді болады. Сахнаға шыққан бойда өзіңіз туралы теріс пікір айтсаңыз, көріністің 80 пайызы
...
Читать дальше »
|
ҚАЗАҚ ТІЛІ
Шет тілін үйренуге ниет еткен, әлем кезіп, өзге жұртпен біліскісі келген әрбір қазақ баласы – бірінші өз жұртын, өз ұлтын танып, ана тілінің қадіріне жетсе игі. Құдайдың тағдырына, бергеніне шүкіріміздің бір көрінісі де сол болмақ.
Түріміз қазақ боп, тіліміз өзге болса, бәрібір өзге жұртқа айналып кете алмаймыз. Ілгеріде бір ақсақал орыс тілді қазаққа айтқан екен: «Орыс болайын десең түрің келмейді, қазақ болайын десең тілің келмейді», - деп.
...
Читать дальше »
|
БАЙБАЛАМ
Айқай-шу, ың-жың, азан-қазан.
Сөз тіркесі: Байбалам салу — Күйіп-пісіп безектеу, айқай-шу көтеру, бажалақтау.
...
Читать дальше »
|
АШУДЫ ЖЕҢУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Адамдағы эмоциялардың жағымсыз қырын жеңудің алғашқы қадамы – ілім және іс-әрекет. Адам ең әуелі ненің не екенін, не нәрсемен күресіп жүргенін, оның сипаты мен болмысын жақсы тануы қажет. Сол кезде сәйкесінше іс-әрекетке көшуі де жеңіл келеді.
Мына мәселені ескерген жөн. ашу эмоциясын түп-тамырымен жойып жіберу мүмкін емес. Оның үстіне, егер адам бұл эмоциядан мүлдем айырылып
...
Читать дальше »
|
ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ЖАҚСАРТАТЫН АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕР
Бал. Балдың құрамы қанға, одан жасушалар мен тіндерге сіңіп кететін көмірсулар, белоктар, протеиндер (аминқышқылдары мен органикалық қышқылдар), минералды тұздар (калий, кальций, натрий, темір, хлор тұздары мен күкірт т.б.), пайдалы микроэлементтер мен ферменттерге (каталаз, липаз, амилаз) өте бай. Құрамындағы фруктоза, глюкоза және құрғақ қант бұлардың барлығы да адам ағзасына аса қажетті. Ол есте сақтау қабілетін жа
...
Читать дальше »
| |