11:51 Ғажайып ми | |
ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ЖАҚСАРТАТЫН АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕР Бал. Балдың құрамы қанға, одан жасушалар мен тіндерге сіңіп кететін көмірсулар, белоктар, протеиндер (аминқышқылдары мен органикалық қышқылдар), минералды тұздар (калий, кальций, натрий, темір, хлор тұздары мен күкірт т.б.), пайдалы микроэлементтер мен ферменттерге (каталаз, липаз, амилаз) өте бай. Құрамындағы фруктоза, глюкоза және құрғақ қант бұлардың барлығы да адам ағзасына аса қажетті. Ол есте сақтау қабілетін жақсартады. Құрма. Құрманың құрамындағы В6 дәрумені, жүйке жүйесін жақсартады. Оның құрамындағы магний өте көп. Күніне 2-3 тал құрма жеген адам ағзасына қажетті магнийдің тәуліктік мөлшерін алған болады. Құрамындағы В1 дәрумені жүйке жүйесінің қалыпты қызметін сау қалпында сақтауға көмектеседі. Сондай-ақ, В2 дәрумені ағзадағы көміртегінің тасымалдануына көмектеседі. В1 және В2 дәрумендері ағзадағы ақуыздардың, көміртектің және майлардың ыдырауын қамтамасыз етіп, жасушалардың жаңарып отыруына әрі ағзаны керекті күш-қуатпен қамтамасыз етеді. Інжір. Інжір ми жұмысын жақсартады. Інжір шығармашылықпен айналысатындарға жақсы пайдасын тигізеді. Мысалы, суретшілерге, композитор, жазушы, ақын және кәсіпкерлерге. Олар толассыз ой үстінде жүргендіктен, бұл жемістің миға әсері мол. Қырыққабат. 25 жылға созылған және әртүрлі мамандықтағы бірнеше мың әйелге әсер еткен. Америкалық ғалымдардың зерттеуі есте сақтау қабілетінің бұзылуы көкөністерді көп жейтін адамдарда аз болатынын дәлелдеді. Есте сақтау қабілетін жақсартатын азық-түліктердің чемпиондары қатарына – шпинат, брокколи және кале қырыққабаты кіреді. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |