12:05
Абай әлемі

ФЗУЛИ, ШӘМСИ, СӘЙХАЛИ...

Абайдың 1855-81 ж. аралығында жазған өлеңі. Ақын шығармаларының 1933 жылғы жинағында өлеңнің шығарылған уақыты 1858-59 ж. деп көрсетілген. Көлемі 4 тармақты бір шумақ. Зерттеушілердің деректеріне қарағанда 14 жастағы жасөспірім Абай Семейдегі Ахмет-Риза медресесінде оқып жүргенде жазған сияқты. Шынында да ақынның шығыс тілі мен әдебиетін деңдей оқып, Шығыстың ұлы философ-ақындарының классикалық туындыларымен барынша тереңірек танысатын шағы осы кезең. Сыры мол, құпиясы көп өлең өнерін аңсап, сол бір тылсым әлемге барар жол іздеген жас ақын өзі шығармаларын құмарта оқып, таусылмас нәр алған шығыс ғұламаларын әулие тұтып, медет тілейді, ақындық жолдағы жебеушім болыңдар деген ниет аңғартады. Осынау айналдырған 4 жол өлең жас Абайдың өнер, білім, талап қуған шағының өзінде-ақ, өлеңнің Фзули, Шәмси, Сәйхали, Науаи, Сағди, Фирдауси, Хожа Хафиз сияқты қлы шеберлері туындыларымен жақсы таныс болғанын аңғартады. Бұл жолдардан жас ақынның өлең өнерінде алғашқы кезеңде сол өзі сыйынған ақындар нақышын үлгі тұтқаны көрінеді. Тек шығыс ғұламаларынша сөз құрауға деген құмарлық байқалады. Бір шумақ өлеңде бір ғана «бер» деген қазақ сөзі келтірілген. Бұл Абайдың ақындық жолының алғашқы кезеңіне тән қасиет. Өлең алғаш рет ақын шығармаларының 1933 жылғы толық жинағына енгізілді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 20 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: