ЖҮРЕГІМНІҢ ТҮБІНЕ ТЕРЕҢ БОЙЛА...

Әлбетте, Абай шығармаларында мол көрініс табатын «жүрек» категориясы ең әуелі оның дүние танымдық түсінігінен, соның ішінде адам болмысы туралы, оның түпкілікті мәні жайындағы пәлсапалықлық-танымдық, моральдық-эстетикалық пайымдарынан айқын көрініс тауып, онан әрі әдеби-көркем бейнелеулермен, тілдік ажарлы айшықтаулармен астасып жатады. Дүние жаратылысты танып білудегі ілкі ізденістер, пәлсапалық көзқарастар, ғылыми-теологиялық ұстанымдар мен ұмтылыстар негізінен екі түрлі өлшемге иек артады. Бірі – ақыл мен сананы жоғары қойса, екіншілері – «жүрек» категориясын, яғни махаббат сүйіспеншілік һәм ізгілік мұраттарды алға шығарады.

Зерделесек, Абай – дүние болмыстың ақиқатын «махаббатпен» түсіндірушілер қатарында. Абай пәлсапасының үш тағаны - «иманигүл үш  сүю». Ол – махаббатпен жаратқан Алланы сү ... Читать дальше »

Просмотров: 1133 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 30/07/2014 | Комментарии (0)

БЕСҚАРАҒАЙҒА ДА ЖАСАНДЫ ШАҒЫН ФУТБОЛ АЛАҢЫ КЕРЕК

Аудан орталығы Аққудағы немесе Қарақала ауылындағы темір себетпен қоршалған, жасанды жасыл газонмен төселген шағын футбол алаңына бесқарағайлықтар қызыға қарайды, осындай ойын алаңы болғанын әрі қалайды, әрі армандайды.

Ауылда шағын футбол ойнауға арналған екі алаң бар әрине. Екеуі де Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебіне қарасты аумақта. Қазіргі сапасы жоғарыда арман-қиыл болған жасанды газон төселген заман талабына сай футбол алаңына жетпейді. Айналасы қоршалмағандықтан ерсілі-қарсылы жүрген көлік те, төрт аяқты мал да көп кедергі. Аптап ыстықта шаңы бұрқырап жатады. Жауын-шашыннан соң арам шөбі қаулап кетеді. Алаңның шектеу сызықтары көрінбейді. Айта берсек, таусылып бітпейтін мұң-шағым.

Әңгіме жоқ, заман талабына сай жасанды газоны бар шағын футбол алаңын тұрғызу үшін қыруар қаржы қажет. Дегенмен салауатты өмір салтын берік ұстауға бет бұрған ойын балаларының назын жү ... Читать дальше »

Просмотров: 731 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 30/07/2014 | Комментарии (0)

АУЫЛ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ТЫНЫСЫ ТАР

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебі ғимараты екінші қабатының ең түкпірінде, құстың ұясындай ғана тар бөлмеде Бесқарағай ауылдық кітапханасы бар. Кезінде бұл бөлмесымақ орын ұзын дәліздің ең түкпірі еді. Дәліздің екі жағынан кірпіштен қабырға қалап, алақандай бөлмеге айналдырып еді. Бұдан бұрынырақ аталмыш бөлме оқушы пионерлер жиналатын орын болды, артынша, оқыту дәрісханаларына мұқтаждық кезінде, бастауыш сынып оқушылары оқитын сынып бөлмесіне айналды. Соңғы уақытта ауылдық кітапхана қызметін атқарып келеді.

Қазіргі таңда мұнда мерзімді баспасөз құралдарымен, ғылыми-танымдық һәм көркем-көпшілік әдебиет кітаптарымен аузы-мұрнына шейін лық толып тұр. Оның үстіне соңғы уақытта жаңа кітаптар жиі түсуде. Кітаптың көптігі соншалық – аядай жерде жүріп-тұрудың өзі қиындық тудырады. Оқырмандарға арналған оқу залы мүлдем жоқ. Заман талабына сай компьютердің жоқтығынан оқырмандар есебін жүргізу ескі ... Читать дальше »

Просмотров: 714 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 30/07/2014 | Комментарии (0)

ӘҢГІМЕ ӨЗЕГІ – МАЛ ДЕНСАУЛЫҒЫ һәм ОРМАН АМАНДЫҒЫ

Жуырда Бесқарағай ауылындағы Қызылағаш ауылдық округіғимаратының мәжіліс залында облыс және аудан орталығынан келген мамандардың қатысуымен келелі жиын өткізілді.ондағы әңгімеге өзек болғаны – жеке меншік үлесіндегі төрт түлік малдың денсаулығы һәм жар жағалай орын тепкен орманның амандығы. Жиынды тізгіндеген ауыл әкімі Ж.Байтілеуова мәжіліс залына жиналған бесқарағайлықтарға жиынға келген мейман мамандарды таныстырды. Сондағысы – Павлодар облысы табиғи ресурстар жәнетабиғатты пайдалану басқармасына қарасты Павлодар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеменің биолог- аң аулау танушысы Л.Оралтаева, Лебяжі аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Н.Жолмағамбетов, Лебяжі телемұнара басшысы А.Савицкий, Лебяжі аудандық мәслихаты хатшысы Қ.Әлтаев, Қарақала орман қорығының қорықшысыТ.Сейітов.

Жиынды ашқан Жанат Шоқанқызы аудан бойынша бруцеллез ауруына шал ... Читать дальше »

Просмотров: 921 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 30/07/2014 | Комментарии (0)