ӘНІМ СЕНСІҢ – АСТАНА!
Елордадан әлдеқайда шалғай жатқанына қарамастан Бесқарағай ауылы осымен он алтыншы жыл қатарынан Астана күнін мерекелеуді қате қылмай келеді. Өйткені бас қала – Астанаға қарап бой түзеуде ғой әрбір елді мекен әлбетте.
Соңғы жылдары Астана ажарын саяхаттап тамашалаған бесқарағайлықтардың қарасы көбейіп келеді. Әсіресе зейнеткерлік жастағы егде жандар топ құрап баруды жақсы дәстүрге айналдырып отыр. Мектеп жасындағы оқушылар да қалта көтерер бағамен Елорданы көруге баратын мүмкіндікке ие. Бас қаланың қазіргі сипатын өз көзімен көргендердің әсерлері құлақ құрышын қандырады. Ал сандық я мобильдік фотоаппаратқа түсірген бейнежазбалары, фотосуреттері Астананы барып көруге еріксіз шақырады.
Мәдениет үйіне қашаннан зәру бесқарағайлықтар әрбір айтулы мерекелік шараны амалсыздан Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің тарлау мәжіліс залында, ал жаз мезгіліндегі жаймашуақ күнде оқу ғимаратын
...
Читать дальше »