23:03 Әлеуметтің әлегі | |
БЕСҚАРАҒАЙҒА ДА ЖАСАНДЫ ШАҒЫН ФУТБОЛ АЛАҢЫ КЕРЕК Аудан орталығы Аққудағы немесе Қарақала ауылындағы темір себетпен қоршалған, жасанды жасыл газонмен төселген шағын футбол алаңына бесқарағайлықтар қызыға қарайды, осындай ойын алаңы болғанын әрі қалайды, әрі армандайды. Ауылда шағын футбол ойнауға арналған екі алаң бар әрине. Екеуі де Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебіне қарасты аумақта. Қазіргі сапасы жоғарыда арман-қиыл болған жасанды газон төселген заман талабына сай футбол алаңына жетпейді. Айналасы қоршалмағандықтан ерсілі-қарсылы жүрген көлік те, төрт аяқты мал да көп кедергі. Аптап ыстықта шаңы бұрқырап жатады. Жауын-шашыннан соң арам шөбі қаулап кетеді. Алаңның шектеу сызықтары көрінбейді. Айта берсек, таусылып бітпейтін мұң-шағым. Әңгіме жоқ, заман талабына сай жасанды газоны бар шағын футбол алаңын тұрғызу үшін қыруар қаржы қажет. Дегенмен салауатты өмір салтын берік ұстауға бет бұрған ойын балаларының назын жүзеге асыруға бірден-бір амалын табуға болатын шығар. Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ[i] Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы [i] Қазақстан Республикасы Журналистер Одағығының мүшесі, №3741-мүшелік билет | |
|
Всего комментариев: 0 | |