БЕСҚАРАҒАЙЛЫҚТАР ЖАРАДЫ

Жыл басынан бері әуелден бекітілген кесте бойынша ұйымдасқан түрде өткізілп жүрген ауыл тұрғындары арасындағы аудандық спартакиадаға Қызылағаш ауылдық округі атынан Бесқарағай ауылының спортшылары үзбей қатысып келді. Бұдан сәл ертеректеу болған волейбол, тоғызқұмалақ, дойбы-шахмат, үстел теннисі, жазғы көпсайыс, шағын футбол жарыс түрлерінде бесқарағайлықтар жүлделі орындардан көріне біліп, жалпы командалық есепте намысты қолдан бермей, не бел, не белбеу кеткенше тырысып, ауылдың намысын тұғырлы үштікке жетелеумен болды.

Жуырда Лебяжі ауданының 75 жылдығына арналған аудандық жазғы, ұлттық жән халықтық түрлері бойынша ХІІІ аудандық спартакиадасының түрліше жас аралығында Президенттік миляны  жүгіруден өткен жарысқа Бесқарағай ауылынан алты желаяқ қатысып, өз бап пен бақтарын сынап көрді.

Аудан орталығы Аққудың Амангелді һәм Иванов көшелерін қамтыған 2400 метр қашықтықты қамтыған асфальт жолын жүгірі ... Читать дальше »

Просмотров: 1166 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 21/07/2014 | Комментарии (0)

БІР ҒАСЫР БҰРЫНҒЫ БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ ШЫҒУ СЕБЕПТЕРІ һәм ОНЫҢ СИПАТЫ ХАҚЫНДА

Осыдан тура бір ғасыр бұрын басталып, әупірімдеп жүріп бақандай бес жылды бойына жинаған Бірінші дүниежүзілік соғыстың құдіреті күшті тарихтың төрінде алатын өзіндік орны бар әлбетте. Оның қаралы да азалы ізін басқан Екінші дүниежүзілік соғыспен салыстырғанда оның ауқымы, негізінен, «Кәрі құрлық» атанып кеткен Еуропаны толық дерлік, арагідік Африка мен Азияны да шарпыды. Майдан шебінде қару асынып, етігімен су кешкен сарбаздардың қаны судай ағып, еш кінә-күнәсіз бейбіт халықтың сансыз қырылуы, ірілі-ұсақты елді мекендердің жермен-жексен болып қирауы бұл алапат соғыста да орын алды. Осынау жаһандық қырғынның шығу себептері һәм оның сипатын төменде өрбитін әңгімемізге тиек етіп көрейік. 

Империалисті ... Читать дальше »

Просмотров: 1066 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 21/07/2014 | Комментарии (0)