ҚАЗІРГІ ЖҰРТ СИҚЫ
Ат шаптырымдай аумақты алып жатқан Қызылағаш ауылдық округінің жері өз алдына жер жаннаты ғой әлбетте. Сағыныш болып қалған бір кездері мыңғырған малы, өз күнін адал еңбегімен көріп отырған халқы бар құтты мекен еді. Ал қазір ше?!
Лебяжі ауданына қарасты аталмыш ауылдық округінде тек қана Бесқарағай ауылы ғана қалды. Халқының саны сегіз жүзге де жетпейді. Тоқырау делінетін кеңестік заманда, одан қала берді Тәуелсіздігіміздің алғашқы бес жылдығында ауыл орталығынан басқа оған қарасты бір емес, үш бірдей бөлімшесі бар әжептәуір аумақты бірлік қатарынан көрініп еді. Енді, міне, тек бұрынғы өткен шақта ғана айтып жүретін сағымдайын сағынышқа айналып отыр қазіргі таңда.
Асыл тұқымды солтүстік меринос қойды өсірумен атағы берісі алты Алашқа, арысы күллі КСРО-ға жайылған үшінші бөлімшеге тиесілі болған Жаңабаз, Дөңгелек, Қалша, Тереңқұдық, Байқадам атты қыстақтардың қиранды орындары ғана қалды. Үш бірдей Социалистік
...
Читать дальше »