АР да АРДА АСТАНА

Әлбетте, Астана – бұл кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер көрінісінің нышаны. Бұл – саяси батыл қадам. Астана шаңырағы әлі де болса биіктей түспек. Жаңа астананың келешегі бүтіндей XXI ғасырдың еншісінде жатыр. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас жеткіншектеріміз ғой қашанда.

Жаңа Астанамен бірге кемел болашақты сезіну. Эйфель мұнарасы, Кремль... Бұл астаналық нышандар – әлем картасының ең үздік жолбасшылары. Олар бұл күнде солай жаратылған сияқты. Бірақ олар белгілі бір адамдардың дарынымен, еңбегімен салынған. «Астананы құру – ұлттық тарихтың жаңа мәтінін жазу. Мұндай мәртебе әр ұрпақтың маңдайына бұйыра бермеген. Екі мыңжылдық тоғысында біз шешім қабылдап, Еуразияның жүрегінде іс жүзінде жаңа астана құрдық», - деп Елбасы һәм Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев айтқан болатын. Иә, шынымен де, ұлттық тарихтың жаңа мәтінін жазып, астананы ауыстырып, ... Читать дальше »

Просмотров: 858 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 05/07/2014 | Комментарии (0)

ЖАСТАР КҮНІН РЕСМИ ТҮРДЕ МАУСЫМДА МЕРЕКЕЛЕСЕ

«Ауру қалса да, әдет қалмайды» қашанда. Маусым айының соңғы жексенбісінде жастар күнін мерекелеу үрдісі сонау барсакелмеске кеткен Кеңес Одағы кезінен қалып қана қоймай, Тәуелсіздік таңы атысымен бері қарай жыл сайын бейресмиленген түрде әлі де алаулатып-жалаулатып тойланып жүргені еш жасырын емес. Жадыралы жаздың жаймашуақ кезімен тұспа-тұс келетін бұл күнді жастар да, жассымақтар да ерекше шабытпен мейрамдатады. Жастар саясаты істерімен айналысатын кейбір құзырлы орындар да, мемлекеттік емес ұйымдар да осынау күнді атап өтуді қате қылмайды.

Қазақстан Республикасы күнтізбесінде жастар күні мерекесі қараша айында көрсетілген. Дегенмен әлі күнге шейін жастар күнін «сұр бұлт, түсі суық» қоңыр күзде мерекелеу, жасыратыны жоқ, жетімсіреген күй кешуде. Күнтізбемізде осы күннің бар екенін бірі білгенмен, басым көбі біле бермейді тағы.

Жастық шақтың жігері – жа ... Читать дальше »

Просмотров: 825 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 05/07/2014 | Комментарии (0)

ТӨРТІНШІ БИЛІК ТҰЛПАРЫН ТАҚЫМДАҒАНДАР

 «Бәрін айт та, бірін айт» демекші бұзаралық ақпарат құралдары айдынында абыройлы еңбек атқарып жүрген қызметкерлердің мәртебелік құзырын мемлекеттік тұрғыдан тіктеудің кезі әлдеқашан келді. Әлбетте, баспагерлік, теледидарлық, радиолық, ғаламторлық жүйеде күнін көріп, нанын жеп отырғандардың жұмысы басқа да мамандықтардан жеңіл емес. Оқырмандардың, көрермендердің, тыңдармандардың көңілінен ұдайы шығу мақсатымен жатпай-тұрмай әрекеттенеді, ізденеді, сәйкестендіреді.

Менің ойымша, газет-журнал шығарумен аянбай айналысатын қызметкерлер нағыз жан-жақты тұлғалар деуге әбден тұрарлық. Себебі оқу орнындағы мұғалімге тән үзіліссіз шығармашылық ізденіс, айтыс ақынына тән тақырыптық шабыт, ішкі істер қызметкерлеріне тән өмірге қауіпті тәуекел һәм тағы басқа да іскерлік қарым-қабілеттер жетіп артылады ғой бұл қызметкерлерде.

  Жасыратыны жоқ, мерзімді баспасөз айдынындағы қызметк ... Читать дальше »

Просмотров: 833 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 05/07/2014 | Комментарии (0)