СЫН СЫНАҒЫ СӘТІМЕН САБАҚТАЛСЫН

Әлқисса, биылғы оқу жылының ең басты рәі ең жауапты сынағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді лебяжілік түлектер маусым айының екінші жұлдызында Павлодар мемлекеттік педагогикалы институты ғимаратында тапсыратын болды.

Сонда орналасқан Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктіне сонау Астанадан келіп түскен рұқсатамаларда тест тапсыруға өтініш білдірген әрбір түлектің тапсыратын легі һәм отыратын аудиториясы көрсетілген екен. Осы құжатта көрсетілген ережелермен әр түлек оқып танысты. Сонымен тест тапсыру кезінде мектеп бітірушіге:

  1. Аудиториядан рұқсатсыз шығуға;
  2. Орын ауыстыруға, сөйлесуге;
  3. Емтихан материалдарын ауыстыруға, көшіруге;
  4. Шпаргалкаларды, оқулықтарды және басқа да әдістемелік әдебиеттермен қатар тест мазмұнын және олардың дұрыс жауабын ашатын кодтар туралы мәліметтерді пайдалануға;
  5. Калькуляторды, фотоаппаратты, мобильді байланыс құралдарын (пейджер, ұя ... Читать дальше »
Просмотров: 765 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 24/05/2014 | Комментарии (0)

АРДАҚТЫ АҚАТАЕВТАР

Жалғанда айрандай ұйыған, құмырсқаның илеуіндей бірлігі мығым, тірлігі нық отбасының орны бөлек. Осынау сипаттағы жанұя қоғамның маңызды ұяшығы болуға әбден лайық. Өз алдына шаңырақ көтеріп, отын міне-міне түтетіп отырған жас отбасыларға үлгі-өнеге ғой әлбетте.

Лебяжі ауданына қарасты Бесқарағай ауылында таңын таңға соғып отырған Ақатаевтар отбасы әрі ардақты, әрі құрметті, әрі мерейлі. Ал осынау жанұяның дүниеге келгеніне қырық жеті жылдың жүзіне айналып отыр. Әскерден соң мұғалімдік қызметтің қисыны қиын жұмысына білек сыбана кіріскен Сүлейменнің Думашы және сауда қызметін тәп-тәуір айналдырып жүрген Хамиттың Гүлсарасы «махаббаттың құдірет күші әлдиімен» жарасымдылық тауып, қос жүректің қалауымен екі жарты бір бүтінге айналып, отау тікті. Өзара сыйластық пен ортақ түсіністік арқасында әрі ерлі-зайыптық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтаған олар қазіргі таңда төрт қыз және бір ұлдың ата-анасы дәреж ... Читать дальше »

Просмотров: 893 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 24/05/2014 | Комментарии (0)

ҰЛТЫМЫЗ БЕН ҰЛТТЫҒЫМЫЗДЫ ЖАЙПАҒАН ҚАСІРЕТ-ҚАЙҒЫ

Дүние жүзінің кемпірқосақтың түсіндей бірнеше палитралы саяси картасында өз алдына ел болып танылған Қазақ елінің, Қазақстанның басынан көптеген соғыс, шайқас, көтеріліс, дүмпулер өтті. Сонымен бірге ұлтымыздың санын едәуір азайтуға кесір-зиянын тигізген босу, ашаршылық, қуғын-сүргіннің нәубеті бір бөлек. Бұлардың тарихта болғанын растайтын ескерткіштер, белгі тастар еліміздің жер-жерінде тұрғызылды. Әр жылдың 31 мамырында солардың басына барып, жазықсыздан-жасықсыз құрбан болған жандарды еске алып, көздің жасын бір сығып, аруақтар рухына Құраннан дұға түсіреді. Ұлтымыз бен ұлттығымызды жайпаған осынау қасірет-қайғы хақында тұщымды әңгіме өрбітіп көрейік.

Осыдан 89 жыл бұрын, яғни 1925 жылы 13 қыркүйекте, Қазақстан өлкелік партия комитетінің хатшылығына Мәскеудегі орталық билік Филипп Исаевич (Шая Ицкович) Голощекинді жіберді. 1933 жылдың 21 қаңтарына дейін осы қызметте отырған Голощекин ... Читать дальше »

Просмотров: 2135 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 24/05/2014 | Комментарии (0)

ЖАЛҒАН ДІНИ ЖӘНЕ ДЕСТРУКТИВТІК ҰЙЫМ ҚАУПІ

Айтудай-ақ айтылып жүрген, жазудай-ақ жазылып жүрген, көрудей-ақ көрсетіліп жүрген жалған діни, деструктивтік ұйым, теріс ағым ұғымдары аясындағы әңгіме күн тәртібінен түспей келеді. Өйткені бұлар қоғамдық-көпшілік арасында өшудің орнына, маздаған шоқтай одан бетер өршу үстінде. Үрейлендіріп отырған соң да бұл аждаһаның алдын алу бойынша ұйымдастырылып отырған шаралар өте-мөте қажет. Күн тәртібінен түспей тұрғаны да сондықтан. Аса бір байыппен қарастыруды қажет ететін бұл мәселенің түйшектелген түйіні бірлік пен ынтымақтың үйлескен күш-жігері арқылы ғана шешілмек. Осындай мақсатпен Павлодардағы «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» биылғы жылдың 12-16 мамыр аралығында Лебяжі ауданына қарасты ауылдар тұрғындары үшін «Тұрғындардың жалған діни және деструктивтік ұйымдарға тартылуының алдын алу негіздері» атты көшпелі семинар ұйымдастырды.

Аталмыш ... Читать дальше »

Просмотров: 964 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 24/05/2014 | Комментарии (0)

АЗАМАТТЫҢ ДЖИУ-ДЖИТСУДАҒЫ АСУЛАРЫ

Тағдырдың сызығы әр адамға талғамның қалауынша өз ырысты несібесін үлестіреді. Қайсыбіріне ғылым-ілімнің таусылмас тасын зерттеу бұйырса, енді біреуіне сахна төрінде өнерімен тамсандыру бағы шақырады, кейбіреуі өз бақытын жігер-шымырлы спорт әлемінен табады һәм тағысын тағы. Өз жөнін, өз жолын сәтімен сабақтағандар белестен соң белесті бағындырып, асудан соң асу асып жемісті жеңіске, мәртебелі даңқ-абыройға бөленеді. Сондай жанның бірі – бесқарағайлық Азамат Ақатаев. Жас та болса джиу-джитсу аталатын жекпе-жек түрінен халықаралық деңгейдегі спорт шебері атағына қол жеткізіп отыр осы күні.

Джиу-джитсу дегеніміз не?

Джиу-джитсуді жапондық күрестің аса ежелгі түрлеріне жатқызады. Джиу-джитсудің негізгі принципі — «жеңіс үшін тікелей қарсылыққа шықпау» — қарсы шықпай, ал тек керек жаққа жіберіп, қарсыластың күшін өзіне қарай жіберу. Бұл принцип Сиробэй Акаяма дәрі ... Читать дальше »

Просмотров: 846 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 24/05/2014 | Комментарии (0)