МӘРМӘР-ГРАНИТТІ МӘҢГІЛІК АЛАУ
Ұлы Жеңістің алпыс тоғызыншы көктемі! Жыл сайын майда мамырмен келетін осынау мереке-мейрам әрбіріміз үшін сондай маңызды, сондай сағынышты ғой қашанда. Майдан кешіп, жырақта жүріп, өлімнің өткір жүзінде етігімен су кешкен ата-бабаларымыз көздің қарашығындай аманат етіп тапсырған құдіретті һәм мәртебелі Ұлы Жеңістің Туы ешқашан еңкеймек, ешқашан жығылмақ.
Екінші дүниежүзілік соғыстың шешуші ірі бөлігі болып табылатын Ұлы Отан соғысы бас сұқпаған ошақ-шаңырақ жоқтың қасы. Арам пиғылды фашистерді шыққан індеріне қайта тығуға өз еркімен аттанған жауынгерлер қатарында біреудің әкесі, біреудің аға-бауыры, біреудің атасы, біреудің жұбайы, біреудің қызы, біреудің келіні, біреудің анасы, біреудің баласы болды. Тылда қалған туған-туысқандардың, отандас-ағайындардың тыныш өмірі үшін, жау қолында қалып, азаттықты аңсаған елді мекендерді азат ету үшін жанын пида еткен сұрапыл соғысты
...
Читать дальше »