МӘҢГІЛІК ПОЛК МЕРЕЙІ

Мерекенің де мерекесі бар әлбетте. Майда мамыр баршамызға ондай сағынышпен күтетін Ұлы Жеңіс мейрамын осымен алпыс тоғызыншы мәрте жылы шуағын шаша нұрландырды. Бұл дегеніміз әйгілі «Жеңіс күні» әні мәтінімен әспеттегенде «әрі күмістене ағарған самайлы мереке, әрі көздің жасы парлаған шат-қуаныш» қой қашанда! Осынау сәтке жеткен де арманда, жетпеген де арманда.

Тағдырдың жазуымен қатарлары жылдан жылға сиреп бара жатқан соғыс және тыл ардагерлерінің орден-медальді тұлғаларымен аспандағанның үстіне аспандауда, шарықтағанның үстіне шарықтауда. Ұлы Отан оғысының батырларына арналған Даңқ орындарында Ұлы Жеңіс күні шапағат жауатын ерекше сәт қой бұл.

Арайлы таңмен қарт Ертіске жардан сәлем беретін Бесқарағай ауылында Ұлы Жеңіс күнін тойлау игі дәстүрге айналғаны қашан. Мамырдың таңғы жылы жаңбырынан соң хош аңқыған ауаның жұпарымен Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің алдында ... Читать дальше »

Просмотров: 957 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 10/05/2014 | Комментарии (0)

Бес жыл бойы...

Сұм соғысты Жеңіс жеңді ақыры,

Шаршады Жер, көрінді жүдеу тақыры.

Бес жыл бойы ауыр майдан, арпалыс,

Танылып сан баһадүр сыр-қыры.

Адамзат көрмеп еді зор алапат,

Бомба, мина, снаряд һәм жарылғыш зат.

Бес жыл бойы қиын-қыстау, қиналыс,

Жаулап алды Жер-жаһанды танк, автомат.

Фашис біткен жамиһаттың алды мазасын,

Бейбіт халық тартты талай жазасын.

Бес жыл бойы суыт хабар, қара қағаз,

Өлгендердің кім толтыр ... Читать дальше »

Просмотров: 847 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 10/05/2014 | Комментарии (0)