ЖАРАТУШЫНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Зәредей толық бөліктердің, яғни тірі жандардың, Толық Бүтінді тануға мүмкіндігі бар. Бірақ жүрек көзін фәни өмірдің шелі қаптағандықтан адам Оны тани алмайды. Соның салдарынан адамзат Жаратушыдан бөлініп, «толық қанды өмір сүру үшін» табиғат байлықтарын қарақан басының қажеттілігін өтеуге жұмсайды. Бірақ бұрыс жолға түсіретін бұл әрекеттер алдамшы өмір бастауы болып табылады. Толық Бүтінмен бірікпейінше адам өмірінің бақытты болуы мүмкін емес. Айталық, қол денемен бірігіп тұрғанда ғана оның толық бөлігі болып табылады. Ал егер оны денеден бөліп тастайтын юолса, ол қолдың түрі сақталғанымен, қолдық қасиеті жоғалады. Сол сияқты адам баласы Толық Бүтіннің бөлінбес бөлшегі болғандықтан дүниеде өз орнын тауып Толық Бүтіннің ықпалымен әрекет етсе ғана өмірі толық болмақ. Өмір өзінің негізгі мұратына бағытталмаса, оның құны жоғалады. Абайдың «Сен де
...
Читать дальше »
Просмотров:
614
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
24/02/2020
|
|
Құрсақ тойы (дәстүр). Жас келіншектің екі қабат болғаны белгілі болса, оның абысындары мен қайын сіңлілері сол үйге оңаша құрсақ тойын жасатып, аман-сау босануына тілек білдіреді. Қазақ ғұрпы бойынша бала біткен келіншекті «күмәнді», «аяғы ауыр», «ішінде көжесі бар» деп тұспалдап айтады.
Қазанжарыс – әйел босанар сәтте басқа әйелдер қазанға жеңіл-желпі тамақ істеп, оны босанатын әйелден бұрын пісірмек болып жарысады. Халық ұғымы бойынша туатын бала «қазан жарысқа қатысып» одан бұрын өмірге келуге тырысады деп түсінген.
Сүйінші. «Сүйінші келініңіз келеді деп, Әдеппен қол қусырып сәлем берді» («Наурызбай – Қаншайым» жырынан). Қуанышты хабар жеткізуші адам сүйінші, сүйінші деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі қалағаныңды ал дейді. Немесе оғар риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл шын қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да,
...
Читать дальше »
Просмотров:
410
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
24/02/2020
|
|
5-ҚАДАМ: МАҚСАТТЫ ҚАЛАЙ ҚОЯМЫЗ
Адамның адамдығы мұратына жетуде емес, оған жетер жолда көрінеді.
Мақсатыңа жетер жолда саған үріп, кедергі келтірген әрбір итке тас ату үшін еңкейе берсең, ешқашан жолыңның соңына жете алмайсың.
Мақсат қою жүйесіне оралайық, айталық, сіз 70-ке жуық мақсаттарыңызды жазып қойдыңыз. Оны күнде оқып мотивация алып тұрсыз. Ең
...
Читать дальше »
Просмотров:
388
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
24/02/2020
|
|
МОНТАНЫ
Өтірік, момынсынған, білсе де білмегенсіп тұратын: екіжүзді, қу, арамза.
Мысалдар:
- Тоқ тіленші – адам сайтаны,
Харекетсіз – сопы монтаны.
(Абай, Отыз жетінші сөз)
- Бұл қанішерлердің басында сәлде, қолында таспиқ, аузында «тәһлилі». Төмендеп сүзілген монтаны мүләйім көздерінде көлеңкедей қара сүрме.
(М.Әуезов, Абай жолы: 4 том)
3. Ойнағаны шығар дедім. Жүгіріп, ізінше бөлмеге кірсем, түк көрмеген, білмеген болып, төсегіне шоқиып отыра қалыпты, монтаны болып.
(Ш.Мұртаза, Қасқырдың тарамысы)
4. Ол анда-санда монтаны көкшіл көзін бұлар жаққа салып қояды. Көзінің мүкісі бардай сығырая қарайды. Көздері ұшырасып қалғанда екі беті ду қызарып, әрі бұрылады.
(Ә.Ке
...
Читать дальше »
Просмотров:
383
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
24/02/2020
|
|
СЕР
(көне.) Батыр, ер, ержүрек, қаһарман.
Мысалдар:
- Ұрысқан жауды алатын.
Атақты, мықты ер еді,
Еріні қанды бөрі еді,
Қайтпайтұғын мықты сер еді.
(Қобыланды батыр /Г.Байғанин нұсқасы/)
- Көргем жоқ оған орай бір жігітті,
Қолы жетпей жамандап адам оңбас!
Тоқсан бір Қодарменен сер бойдақ бар,
Маңына алмақ түгіл, бір бара алмас.
(Қозы көрпеш – Баян сұлу /Бейсенбай нұсқасы/)
- Бір күні ұйықтап хан жатты,
Сер әскер кеп оятты,
Бар деп бәле, қорқыныш.
...
Читать дальше »
Просмотров:
382
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
24/02/2020
|
|
УАҚЫТТЫҢ МАҢЫЗЫН ТҮСІНГЕНДЕР
«Уақыт – ең шектеулі қор. Егер ол дұрыс басқарылмаса, басқа еш нәрсе дұрыс басқарылмайды»
Питер Дракер
Тарихта артында өшпестей із қалдырған Хетт патшалығы, Мысыр, Грек және Рим мәдениетінде күнтізбе қолданылуы олардың сонау ерте заманнан уақыттың қадірін түсініп, соған сай өмір сүруге тырысқанын аңғартатындай. «Күнтізбе», «уақытты белгілеу» деген ұғымдар мемлекет пен адамдардың істері уақытқа қарай жоспарлағанын білдіреді. Күн тәртібі бойынша әрекет ету уақыттың ретке келтіріліп, адам өмірінің аса тиімді өткізілуін көрсетеді. Тарихтағы ең алып мемлекеттердің бірі болған Мысырда жылды 12 айға, күндізді 12 сағатқа, түнді 12 сағатқа б
...
Читать дальше »
Просмотров:
353
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
24/02/2020
|
|
ҮЙДІҢ ЭНЕРГЕТИКАСЫН ТАЗАЛАУ
Үйдің энергетикасы неден және қалай нашарлауы мүмкін?
Энергияны біз көзбен көрмесек те, оның барын жоққа шығара аламаймыз. Бөтен адамдардың арам ойлары, тіл-көздері, жаман ниеттері үйдің энергия тепе-теңдігін бұзуы мүмкін. Одан басқа, жаңа қоныстанған үйдің бұрынғы иелері сол үйде қалай тұрып, не істегені де энергия ретінде сақталып қалады. Үйдің ішінде ұрыстар, даулар, жанжалдар жиі болып тұрса, ол да энергетикаға әсер етпей қоймады. Аталмыш себептерден бұзылған энергетика адамның денсаулығына, көңіл-күй
...
Читать дальше »
Просмотров:
351
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
24/02/2020
|
| |