21:15 Білгенге - маржан | |
ҮЙДІҢ ЭНЕРГЕТИКАСЫН ТАЗАЛАУ Үйдің энергетикасы неден және қалай нашарлауы мүмкін? Үй жинау Үйдің энерегетикасын тазалаудың ең оңай түрі – үй жинау. Үй жинаған сайын, сіз шаң-тозаңмен бірге, жаман энергетикадан да құтыласыз. Сондай-ақ, үй жинар алдында "энергетиканы тазалауға ниеттендім" деп айтқан абзал. Энергия үнемі қозғалыста болатындықтан, оның жолында бөгет болмаған жөн. Дұрыс орынға орналастырылмаған жиһаз энергия ағымына кедергі келтіреді. Қай жиһаздың дұрыс тұрмағанын анықтау үшін, өзіңіз бала сияқты барлық бөлмелерді аралап, жүгіріп өтіңіз. Сіздің қозғалысыңызға ең көп кедергі келтірген жиһазды басқа жерге орналастырған абзал. Күн – жердегі барлық тіршіліктің көзі. Мыңдаған жылдар бойы түрлі халықтардың тұрмыс-тіршілігінде, мәдениетінде күннің алатын орны бөлек еді. Қазірдің өзінде Күн терапиясы, Күнмен емдеу, т.б. сияқты Күн энергиясын пайдаланудың жаңа жолдары пайда болуда. Сондықтан, Күннің энергиясы үйдің энергетикасын тазалауда да таптырмас құрал. Бірақ, жылына 2 рет жуылатын терезелерден Күн энергиясы толық өтпейді. Сондықтан, терезелерді жиі жуып, перделерді күндіз барынша ашып қоюға тырысыңыз. Біздің адамдардың керек, керек емес нәрселерді жинай беретін әдеті бар. Жылдар бойы сөрелерде шаң жинап жататын ескі киімдер, техника, альбомдар, кілемдер, ыдыстар, т.б. орын алып тұрғаннан басқа, ескі энергетиканы да сақтап тұр. Басқа сөзбен айтқанда, олар қолданыста болған кезде үйде болған бар жақсы-жаман оқиғалардың куәсі ретінде, сол естеліктерді бойын жинап қалады. Кейде біз ескі нәрсені көріп, түсініксіз сезімде болып қалатынымыз да сол себептен. Ерінбей бір күніңізді арнап, шынымен пайдаланатын нәрселерді ғана алып қойып, артықтың бәрінен құтылыңыз. Босаған сөрелерді сүртіп, әдемі нәрселермен безендіріп қойсаңыз нұр үстіне нұр болады. Адам денесі сезетін вибрациялардың ішінде дыбыстың орны бөлек. Қатты дыбыс жиналып қалған жаман энергетиканы тарқатып жібере алады. Ол үшін үйдің ішінде бір ырғақты дабыл қағып, бөлмелерді аралап шықсаңыз болады. Дабылды кез-келген дыбыс шығаратын нәрсемен алмастыруға болады: шапалақ, қоңырау, "жел әуені" және т.б. Ең бастысы, шыққан дыбыс құлаққа жағымды болып, өзіңізге ұнау керек. Дүкендерде үйге арналған дайын иістендіргіштер, хош иісі бар тұтанатын таяқшалар, немесе бөлек сатылатын эфир майлары бар. Солардың көмегімен де үйдің энергетикасын тазалауға болады. Кейбір иістер адамға жағымды әсер етсе, кейбіреулері бас ауруын туғызуы мүмкін. Кейіер иістер (мысалы, цитрус) адамға сергек сезімін сыйласа, енді бір иістер (лаванда, бергамот) ұйықтатып тастауы мүмкін. Сондықтан, иіс таңдағанда мұқият болыңыз. Адраспан шөбінің емдік қасиеттері ғылыми дәлелденген. Оның түтіні де ауадағы көзге көрінбейтін зиян нәрселерді жояды. Сондықтан, адраспан шөбін тұтатып, үйдің бөлмелерін оң жақтан сол жаққа жүріп тазалап шығуға болады. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |