21:18 Көркем сөздің құдіреті | |
МОНТАНЫ Өтірік, момынсынған, білсе де білмегенсіп тұратын: екіжүзді, қу, арамза. Мысалдар:
Харекетсіз – сопы монтаны. (Абай, Отыз жетінші сөз)
(М.Әуезов, Абай жолы: 4 том) 3. Ойнағаны шығар дедім. Жүгіріп, ізінше бөлмеге кірсем, түк көрмеген, білмеген болып, төсегіне шоқиып отыра қалыпты, монтаны болып. (Ш.Мұртаза, Қасқырдың тарамысы) 4. Ол анда-санда монтаны көкшіл көзін бұлар жаққа салып қояды. Көзінің мүкісі бардай сығырая қарайды. Көздері ұшырасып қалғанда екі беті ду қызарып, әрі бұрылады. (Ә.Кекілбайұлы, Шеткері үй)
ӘМБЕ Бар(-лық/-ша), бәрі, бүкіл, түгел, күллі, дүйім, мұқым. Мысалдар:
(М.Мақатаев, Қос қарлығаш) 2. Дүниеге нұр сәулесін жаяды олар, Сырлары сонда әмбеге аян болар, Жаны ашып бір-бірінің саулығына, Мүсіркеп, бірін-бірі аяр болар. (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ) 3. ...тек бір өлкенің ғана емес, күллі Евразия құрлығының, ол түгілі әмбе жер шарының, тіпті күнді айнала орналасқан ғарыштық әлемнің талай тылсым құпиясына қаныға алар еді. (Ә.Кекілбайұлы, Жер кіндігі атанған өлке) 4. Атағың ауданнан асып, әмбе облысқа тарады, саған одан артық қандай мәртебе керек, - деп, бұдан бұрын сірә да байқалмастан бір серпінді мақтаныш сезімін жеткізді кемпірі. (С.Омаров, Өмір асулары)
СЕКСИЮ Қылтию, селтию, шошаю, қалбию. Мысалдар:
(Ж.Аймауытов, Жаңабайдың жанындағы трагедия) 2. Үйден шашы үрпиіп Сейсап шықты. Үстінде шолақ тақыр тон. Ескі көйлектің етектері борша-борша. Қою қара шашының жарым-жартысы үрпиіп, сексиіп, жоғары өрекпісе қалған жарымы сыбағысып салпылбап, екі бетін баса түсіпті. (М.Әуезов, Тас түлек) 3. Шаттықпенен секірді Секситіп құлақ қоян да. Шықты шөпке секіріп, Ертеңгі тамақ іздеді. (М.Жұмабаев, Ертеңгі сәулелер /аударма/) 4. Бурыл шолақтың үстіндегі кісі шаңқ етіп ақырып жіберді. Жүгіріп келе жатқандар сексиіп-сексиіп тұрып қалды. (Ә.Кекілбайұлы, Бәйгеторы) әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |