ЖАРАТУШЫНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

Ақиқатында, адамның түсінігіне ең тиімдісі Алла тағаланың тұлғалық қасиеттері болып табылады. Себебі әрбір жан иесі тұлға болғандықтан өте аз мөлшерде болса да ондай қасиеттерге ие. Сондықтан өмірде барлық сипаттары бірдей ұқсас келетін адамдарды табу қиын. Адамдардың барлығы да бір-бірінен бөлек, мінез-құлық, түр-сипат, әдеттерімен бір-біріне ұқсамайды. Абай олар туралы «Өздерің де ойлаңдар, неше түрлі жан барсың» дейді.

Тіпті хайуанаттар дүниесі де түрлі тұлғалардан құралады. Әрбір жануардың, малдың, аңның мінез-құлқы, сезіп-білуі бөлек. Бұл бір түр мен екінші түрдің арасында ғана емес, бір түрдің ішінде, тіпті бір топ хайуанаттың арасында да аңғарылады. Өсімдік әлемінде де түрлі өсімдіктерді байқауға болады. Бір өсімдік пен екінші өсімдіктің арасында бір қарағанда ұқсастық болғанымен, көз жіберіп қараған адам көптеген айырмашылықтар табады. Айталық, ұқсас деген екі ағашты с ... Читать дальше »

Просмотров: 549 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 10/02/2020 | Комментарии (22)

100 ТАҒЫЛЫМ

31. Жолдас деген – еңсесі биік пана, мызғымайтын тас қамал, нәр суы сарқылмас берік қорған. Жолдас деген таусылмайтын рахат, қызық, еселей түсетін шаттығың, той-думанның көркі. Жолдас деген жүректің шамшырағы, көздің қарашығы, әулетті қолдың қуаты, медеткер тірегің. Жолдас деген қас дұшпанға қаһарлы айбының, достарыңның үміт-сүйеніші, жат алдында мақтанышың. Жолдас деген – басыңа ауыр күн түскендегі таянышың, ауырып-сырқасаң, еліңнің басына қатер төнсе, жанын қияр серігің.

32. Адам ісімен танылады.

33. Жақсы атақ алғаннан басқа жақсы іс жоқ.

34. – Осынша әдептілікті қайдан үйрендің? – дегенде Лұқпан хакім «Әдепсіздерден үйрендім» депті.

35. Келіннің үш күйеуі болады: алғашқысы – алтын елі; екіншісі – ар-намысы; соңғысы – алған жары.

36. Егер қадірлі болғың келсе, ... Читать дальше »

Просмотров: 474 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 10/02/2020 | Комментарии (1)

3-ҚАДАМ: СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНЫҢЫЗ ЖӘНЕ БІЛІМІҢІЗДІ ӘРДАЙЫМ АРТТЫРЫҢЫЗ

Қандай талап қылсаң, соның жемісін жейсің.

Ó Аристотель

Білімді мен білімсіздің арасы – өлі мен тірінің арасы секілді.

Ó Аристотель

Ақыл тек білімде ғана емес, сол білімді іске пайдалана білуде.

... Читать дальше »

Просмотров: 359 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 10/02/2020 | Комментарии (0)

ШАР

Жанжал, дау, шатақ.

Сөз тіркес: Дау-шар – дау-дамай, талас-тартыс, жанжал.

Мысалдар:

  1. Бұл өзіне пайдалы сөздерді ұғар.

«Жем қай жақтан түседі!» - деп, бір соны ойлап,

Сөз аяғы әр түрлі шарға соғар.

(Мәшһүр Ж.Көпейұлы, Қара өлең)

  1. Ақылың болса жарқыным

Жіберме шарға ісімді

Қадіріме жетер ең

Танымайсың түсімді.

(С.Сейфуллин, Қамбар батыр)

3. Зүбәйла ноқта емес, әр аттың басына бір ілет беретін. Ішіңнен шыққан балаң, өзі жалғыз, менің тілімді алсаң енді балаңның басын шар ... Читать дальше »

Просмотров: 342 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 10/02/2020 | Комментарии (0)

ТАТАУ

  1. (көне) Арам, теріс пиғыл; жауыз ниет, ой; 2) Ақау, мін.

Мысалдар:

  1. Алжаспай сөзді ағытып,

Есебін тауып үлгерген.

Ерегіскен олармен

Ажалы жетпей күнде өлген.

Қарадос, Өске, Бұдабай,

Серәлі, Садыр, Орынбай,

Татауы жоқ сөзінің

Шұбырған көштің жолындай.

(Базар жырау жырынан)

  1. Тасбақа, түлкі, қарға, киік – төрті

Дос болды, бастарының аманында.

Сыйласты шын көңілмен бірін-бірі,

Бо ... Читать дальше »

Просмотров: 360 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 10/02/2020 | Комментарии (0)

ЖАСТЫҚ ШАҚТЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

«Жастық шағын ойнап-күлумен өткізген жан қартайғанда күнін жылаумен өткізер»

Адам баласының уақытының ішіндегі ең маңыздысы, оған санаулы күндер түрінде сыйға тартылған баға жетпес нығмет – жастық шағы. Ақылы бар адам бұл бағалы да шектеулі мүмкіншілікті ең тиімді түрде өзінің мәңгілік пайдасына жұмсаудың жолдарын іздейді.

Алайда жастықтың қадірі көбіне кәрілікте ғана аңғарылып жатады. Тәжірибесі мол, көпті көрген ақсақалдардың бірауыздан айтар шындығы: «Байқа, жастық шағыңда алданып қалып жүрме! Өйткені ол жылдам өте шығады екен».

Имам Раббани екі ауыз сөзбен қандай тамаша жеткізген: «Уақытыңның ең бағалысы болып табылатын жастық шағыңды тиісінше ең бағалы істермен өткізуің керек».

Жастық шақты ойнап-күлу мен ойын-сауық уақыты деп ойлайтындар қатты қателеседі. Жастық шақ адамға өмірл ... Читать дальше »

Просмотров: 369 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 10/02/2020 | Комментарии (0)

БАЛАНЫ ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДА ӨЗІН ҰСТАУҒА ҮЙРЕТУ

Бала болған соң тентек болмай, жыламай тұрмайды. Алайда қоғамыдқ көлікте, пойызда жұрт ұйықтап жатқанда еркелеп жылап, мазаны алатын балалар ешкімге ұнамайды. Дүкенде айтқан затын алып бермей қойса, жата қалып жылайтын балалар да бар. Оларды қалай тәртіпке салуға болады?

Балаға әр жерде әртүрлі тәртіппен жүру керегін түсіндіріңіз. Үйде айқайлап, шулап ойнауына рұқсат ететін болсаңыз, ал сыртқа шыққанда қатты дауыс шығаруға болмайтынын, басқа адамдар ренжитінін түсіндіріп айтыңыз.

... Читать дальше »

Просмотров: 357 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 10/02/2020 | Комментарии (0)