21:17 Көркем сөздің құдіреті | |
СЕР (көне.) Батыр, ер, ержүрек, қаһарман. Мысалдар:
Атақты, мықты ер еді, Еріні қанды бөрі еді, Қайтпайтұғын мықты сер еді. (Қобыланды батыр /Г.Байғанин нұсқасы/)
Қолы жетпей жамандап адам оңбас! Тоқсан бір Қодарменен сер бойдақ бар, Маңына алмақ түгіл, бір бара алмас. (Қозы көрпеш – Баян сұлу /Бейсенбай нұсқасы/)
Сер әскер кеп оятты, Бар деп бәле, қорқыныш. Хан аша алмай ұйқысын: «Не бәле бар? Не қысым?»
(А.Байтұрсынұлы, Алтын әтеш)
ҚОРЖАҢ Қорбаң, икемсіз, епсіз, ебедейсіз. Мысалдар:
Қоржаң суық келеді кей сасық ми. Ері ақылды, қатыны мінезді боп, Тату болса, райыс үстіндегі үй. (Абай, Жігіттер, ойын арзан, күокі қымбат)
(Ә.Нұршайықов, Махаббат қызық мол жылдар) 3. Ешқайсысын оятпастан ротаның оң қанатына жете бергенімде, бес-алты жауынгердің қоржаңдап бекініс істеп жатқанының үстінен шықтым. (Б.Момышұлы, Москва үшін шайқас)
ШАУ
Сөз тіркесі: Шау тарту – егде тарту, қартаю. Мысалдар:
Күркірейді, айтса дау. Кісі алдына барғанда Шабан, шардақ және шау. (Абай, Ішім өлген, сыртым сау)
Тасына да жерімнің дән өседі, Бауырсаққа жаримыз, талқанға да, Шаттанады шау қарттар, шалқар бала. (М.Мақатаев, Бала шақтан – болашаққа) 3. Таңатар өзін соншалық сорлы сезініп жалғыз-ақ түнде шау болып шөгіп кеткендей еді. (О.Бөкей, Өз отыңды өшірме) 4. Не қызметіне де әзірміз, - деп Айтолқын жаққа еңсеріле бұрылды да, - бірақ сенің көзіне жас боп көрінгенімізбен, Ажар екеуміз де шау тартып қалдық қой. Былтырдан бері науқас айналдырып, менің де мәнісім болмай жүр... (Қ.Жұмаділов, Тағдыр) әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |