17:04 Жетістіктің жүз қадамы | |||||||||||||||||||
3-ҚАДАМ: СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНЫҢЫЗ ЖӘНЕ БІЛІМІҢІЗДІ ӘРДАЙЫМ АРТТЫРЫҢЫЗ Қандай талап қылсаң, соның жемісін жейсің. Ó Аристотель Білімді мен білімсіздің арасы – өлі мен тірінің арасы секілді. Ó Аристотель Ақыл тек білімде ғана емес, сол білімді іске пайдалана білуде. Ó Аристотель Спорт адам денсаулығының кепілдігі болып табылады. Күніне кемінде 40 минут, 1 сағаттай спортпен айналыссаңыз, денсаулығыңыз жақсы болмақ. Таңғы жеңіл спорттың маңыздылығы өте жоғары. Жүгіру немесе жеңіл гимнастикалық жаттығулар, сізге күні бойы көңілді болып жүруге жағдай жасайды. Таңғы жаттығуыңызды аяқтаған соң, білім жинауға кірісіңіз. Таңғы уақытта оқыған анықтамаларыңыз ойға қонымды болады және де тағы уақытта өнімді жұмыс атқарасыз. Әрине, қойған мақсаттарыңызға жетуде сізге біліміңіз керек болады. Біліміңізді арттыру үшін, айталық, әлемге танымал тұлғалардың өмірбаяны, өмірлік стратегиясы жайлы немесе әлемге танымал тұлғалардың кітаптарын оқысаңыз, сіздің санаңызда өзгерістер бола бастайды. Мұғалім, дәрігер болыңыз немесе жеке кәсіпкерсіз бе, тіпті үй шаруасындағы адам болыңыз, қандай салада болсаңыз да сізге өзіңіздің іскерлігіңізде табысқа жету үшін, жалпы білім керек болады. Білім жинағанда заманауи білімдерді алуға басымдық беріңіз. Олар маркетингтік білімдер, ІТ саласы бойынша т.б. Бұл білімдер сізге үлкен мүмкіндік туғызады. Қазіргі таңда білім жинау бұрынғыдай қиынға соқпайды. Ғаламтор мен технология дамыған дәуірде өзіңізге керекті білімдерді ақпараттық-танымдық сайттар мен онлайн білім беру порталдарынан оқумен қатар, түрлі бейнежазбалар қарап, аудиожазбалар тыңдап, кітапханада қолыңыз жетпей жүрген кітапты электронды нұсқасын жүктеп оқу арқылы меңгеріп алу мүмкіншілігі туды. Таза пайдалы инвестиция ол сіздің біліміңізге салған инвестицияңыз болып табылады. Себебі сіз, айталық, киім алдыңыз, ол белгілі уақытта ескіріп жаңасын алуға тура келеді немесе сіз бір көлік алдыңыз, ол белгілі уақыттан кейін ескіріп жаңасын аласыз немесе сіз тамақтануға инвестиция құйдыңыз, бұл да сізге уақытша болады. Ал білімге құйған, өзіңізді дамытуға құйған инвестицияңыз мәңгілік болады. Сіз еш уақытта жинаған біліміңізге өкінбейтін боласыз, қандай білім игерсеңіз де ол сізге кез-келген уақытта қызмет ететін болады. Айталық, білім түрлерін игергенде бизнес, жайлы, мотивациялық, психологиялық, әлемге танымал тұлғалардың өмірбаянын, салауатты өмір салтына қатысты, мақсатты қалай жүйелеу керек секілді немесе әлемге танымал тұлғалардың кітаптырн оқыңыз бұл сізге қойған мақсаттарыңызға жетуге таптырмас күш болады.
жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||||||||||||||||||
|
Всего комментариев: 0 | |