17:02 Көркем сөздің құдіреті | |
ТАТАУ
Мысалдар:
Есебін тауып үлгерген. Ерегіскен олармен Ажалы жетпей күнде өлген. Қарадос, Өске, Бұдабай, Серәлі, Садыр, Орынбай, Татауы жоқ сөзінің Шұбырған көштің жолындай. (Базар жырау жырынан)
Дос болды, бастарының аманында. Сыйласты шын көңілмен бірін-бірі, Болмады ойларының татау, кірі. (Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Төрт дос)
(Ж.Аймауытов, Күнікейдің жазығы) 4. Жас сұлтанның лыпыған жүрдек жорғадай татаусыз көңілі тағы да кібіртіктейді. Бірақ, көп ұзамай көзіне қайтадан жылт ойнады. Езуіне күлкі жүгіріп, өзінен өзі жымиып қояды. (Ә.Кекілбаев, Үркер)
ТІН
Мысалдар:
(Ә.Кекілбаев, Үркер)
(Х.Есенжанов, Ағайынды Жүнісовтер) 3. Нұрлан ақынның суреткерлік өнерінің негізгі тіні – адалдық. Бағзы заманнан ақын біткен аласұрып арашашы болған адалдықтың зұлымдықпен жекпе-жек әлі итжығыспен келеді. (Ф.Оңғарсынова, Қырдың қырмызы бояулары) 4. Жүйке тіні нейрондар мен нейроглия жасушаларынан құралады. Оларға тән қасиет – қозғыштығы және қозу өткізгіштігі болып саналады. («Қазақстан» ұлттық энциклопедиясынан)
КІБІСЕ ЖЫЛ Толық жыл. Хижри (араб) жыл санауы бойынша 355 күннен тұратын жыл. Ал Григориан жүйесінде әр төрт жыл сайын келетін, ақпан айы 29 күнге толатын жыл. Мысалдар:
(М.Мағауин, Өлі мен тірі) 2. Мысалы күн қозғалысына негізделген күнқайыру түрлерінде (Бируни, Омар Хайам күнқайыруларында) де, ай қозғалысын арқау еткен ай жижрасы есебінде де кібісе жылдар орын алған. Түрлі заңдылықтарды ескере отырып белгілі фазаларды кібісе жылды қоса есептеу арқылы жыл бойындағы уақыт дәлдігі реттеліп отырады. (Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі энциклопедиясы: 3-том)
әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |