ҚАЗАҚТЫҢ ЖАҒЫМСЫЗ БЕЙНЕДЕГІ СӨЗДЕРІ

Абыройсыз (ұятсыз, қадірсіз, жаман) – көп алдында жаман аты шыққан, сүйкімсіз адам.

Ақсаусақ – еңбек етпейтін, бос жүрген жалқау.

Аққұс (сабырсыз, жеңілтек, ұшқалақ) – жеңіл мінезді.

Аяр (екі жүзді, опасыз, сатқын, жүзіқара, жәдігөй, залым, ұятсыз) – сенімсіз, өте жаман.

Арсыз (ұятсыз, бетсіз, құнсыз, жексұрын, оңбаған, затсыз) – ар-ұяттан безген.

Арам (ішмерез, іші тар, күншіл) – тек жамандық ойлап, өз мүддесін ғана көздеуші.

Алаяқ (қу, сұм, алдамшы, екі жүзді, жылпос, арам, ұятсыз) – сөзінде де, ісінде де береке жоқ, алдамшы, сенімсіз.

Арызқой – жұрт үстінен өтірік-шыны аралас арыз жазушы, көре алмайтын.

Ашықауыз (аңқау, аңғал, аңғырт, бейғам) &n ... Читать дальше »

Просмотров: 954 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 22/02/2016 | Комментарии (0)

ЫНТАНЫ АРТТЫРУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

  • Сабақ оқитын жерді ретке келтіріңіз;
  • Ағзаңыздың қажеттіліктерін орнына келтіріңіз;
  • Жұмысыңызды түрлендіріп отырыңыз. (Бір пәнді қайталаудан шаршасаңыз, жалықсаңыз, ойыңыз шашыраса, дереу басқа пәнге ауысыңыз. Осылайша әрі тынығасыз, әрі ойыңызды жинайсыз.);
  • Адам бір тақырыпты шамамен 25 минут бас алмай оқи алады. Одан әрі қарай миы шаршап, ойы бөліне бастайды, бірақ әр 25 минут сайын үзіліс жасай алмайсыз. Алайда әрбір 25-30 минутта орныңыздан тұрып, 1-2 минут бірнеше қадам жүріп, терең дем алып, қайтадан сабаққа кіріссеңіз, миыңыз сергіп қалады.

Сондай-ақ:

  1. Өзіңізге талап қоя біліңіз;
  2. Қол жеткізуге болатын меже белгілеңіз;
  3. Нені біліп, нені білмейтініңізді анықтаңыз;
  4. Кедергі келтіретін істерді кейінге қалдырыңыз;
  5. Белгілі бір жүйемен, тәртіппен дай ... Читать дальше »
Просмотров: 652 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 22/02/2016 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚТЫҢ ЖАҒЫМДЫ БЕЙНЕДЕГІ СӨЗДЕРІ

Кішіпейіл (сыпайы, елгезек) – өте белгілі адам болса да өзін кіші, сыпайы ұстайтын адам.

Күшті (қайратты, білекті, палуан, қуатты, әлді) – күші көп.

Қайраткер – білімін, қызметін ел-жұртына арнаған азамат.

Құймақұлақ – естігенін ұмытпайтын, ұғымтал.

Қонақжай – үйіне қонақ көп келетін және оны ықыласпен қарсы алу.

Өнегелі – көпке жақсы үлгі таратушы.

Өнерлі (өнерпаз, шебер, бесаспап) – он саусағынан өнер тамған, іске шебер.

Өлермен – әр қиын іске тәуекел етуші, батыл.

Отансүйгіш – елін, жерін, халқын сүюші.

Сыпайы (салмақты, сырбаз, сүйкімді, қыз мінезді, мәдениетті) – өзін әдеппен ұстаушы.

Сабырлы ... Читать дальше »

Просмотров: 826 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 22/02/2016 | Комментарии (0)

ДҰРЫС БІЛІМ АЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Әлбетте, «үйрену» дегеніміз – қимыл-әрекетімізде, ұстанымымызда һәм түйсігімізде пайда болатын үздіксіз өзгерістер. Адамның үйрену деңгейі мен үйрену жылдамдығы түрлі себептерге байланысты өзгеріп отырады. Айталық, білім алу кезінде қолданылған тәсілдер оқушының үйренуін жеңілдетеді немесе қиындатады, сондықтан сабаққа дайындалу тәсілі мен дағдысы нәтижеге жетуде маңызды рөл атқарады. Бірдей шарттарда бола тұра, сабаққа дұрыс дайындалатын оқушылар басқараларға қарағанда көбірек жетістікке жетіп жатады. Пайдалы әрі тиімді білім алу дағдыларын кез келген оқушы бойына сіңіре алады, осылайша үйрену деңгейін көтере алады.

Асылында, сапалы білім алып, жетістікке жету – білім алудың тиімді жолдарын табуға және жоспармен жұмыс істеу дағдысын жетілдіруге тікелей байланысты. Жеке тұлғаның үйрену тәсілі, іздену дағдысы, ұстанымы және білім алатын ортасы да оның сапалы б ... Читать дальше »

Просмотров: 677 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 22/02/2016 | Комментарии (0)