23:16 ҰБТ: озық тәжірибе, ортақ әдіс | |
ДҰРЫС БІЛІМ АЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? Әлбетте, «үйрену» дегеніміз – қимыл-әрекетімізде, ұстанымымызда һәм түйсігімізде пайда болатын үздіксіз өзгерістер. Адамның үйрену деңгейі мен үйрену жылдамдығы түрлі себептерге байланысты өзгеріп отырады. Айталық, білім алу кезінде қолданылған тәсілдер оқушының үйренуін жеңілдетеді немесе қиындатады, сондықтан сабаққа дайындалу тәсілі мен дағдысы нәтижеге жетуде маңызды рөл атқарады. Бірдей шарттарда бола тұра, сабаққа дұрыс дайындалатын оқушылар басқараларға қарағанда көбірек жетістікке жетіп жатады. Пайдалы әрі тиімді білім алу дағдыларын кез келген оқушы бойына сіңіре алады, осылайша үйрену деңгейін көтере алады. Асылында, сапалы білім алып, жетістікке жету – білім алудың тиімді жолдарын табуға және жоспармен жұмыс істеу дағдысын жетілдіруге тікелей байланысты. Жеке тұлғаның үйрену тәсілі, іздену дағдысы, ұстанымы және білім алатын ортасы да оның сапалы білім алуына оң ықпалын тигізеді. Дайындық барысында осыларға ерекше назар аударған жөн. Сәтсіздіктің себебі көп, әсіресе, білім алу тәсілін дұрыс таңдамаудың ықпалы орасан зор, сондықтан ең алдымен білім алу тәсілдері мен дағдыларын нақтылап алған жөн. Білім алу тәсілдері нәтижені арттыруға бағытталу керек, тұрақты болу керек және мәлімет беретіндей болу керек. Осындай білім алудың тиімді тәсілдері арқылы бүкіл ынта-ықыласты сабаққа беріп, теріс әдеттерден (егер бар болса) арылу керек. Әркім өзінің ойлау қабілетіне қолайлы білім алу тәсілдерін белгілеп алған соң, оқитын сабақтарын жоспарлау керек әрі сол жоспар бойынша білім аламын деп алдына мақсат қоя білу керек. Әрбір адамның басқалардан өзгеше жағы болады. Оның жасы, жынысы, ұлты, мәдениеті, сенімі, білімі, сезімі – бәрінің өзіндік орны бар, өйткені әркімде жетілдіруді қажет ететін жекелеген қабілеттер болады. Тиімді білім алу тәсілдері арқылы, міне, осы қабілеттерді жарыққа шығарып, оларды жетілдірудің жолын қарастыру керек.
КӨП ОҚУ ДҰРЫС БІЛІМ АЛУҒА ЖАТА МА? Кейбір оқушылар сабақ оқуға көп уақытын бөлсе де, ойлаған мақсатына жете алмағанын айтып, шағымданып жатады. Оқушы сабақ оқуға кететін уақыттың ұзақтығы мен тынығатын уақыттың ұзақтығын дұрыс реттемегендіктен, ойлау қабілеті шаршайды да, оқуға деген құлшынысы азаяды, сабаққа ынтасы жоғалады. Осыған байланысты мынаны ұмытпай керек: кітап пен дәптердің алдында ұзақ уақыт өткізу сабақ оқуға жатпайды. Көп оқуды емес, тиімді дайындала білуді мақсат ету керек. Уақытты барынша тиімді қолдану деп пайдалы және қолайлы білім алу тәсілін айтады.
БІЛІМ АЛУ НЕГЕ ҚИЫН?
Осынау тізбектелген сөздер – ҰБТ-ға дайындалған көптеген оқушының шағымдары. Сынаққа дайындалған оқушылар сабақты қалай оқу керектігін емес, көбіне осындай проблемаларды ойлап басын қатырады. Оқушылар көбіне «сабақ оқуға кірісе алмау» проблемасын бастан кешеді. Бұдан шығатын жол, негізінде, оқушының өзі. «Оқи алмаймын, қолымнан келмейді» деп қаша беру проблеманы шешпейді, керісіңше, проблеманы одан сайын көбейтіп жібереді. Жалпы, ҰБТ-ға дайындаталын оқушының екі проблемасы бар:
Ал бұл жағдайға душар болудың басты себебі – ынтаның аздығы. «Ынталану» деген ұғымға «ой-санамен және дене-бітіммен мақсат етілген межеге жұмылу» деген анықтама беруге болады. Бұл көлік жүргізуге ұқсайды: қайда баратыныңызды көлікке отырмай тұрып, жүргізбей жатып, алдын-ала білуіңіз керек. Ынта-ықылас – оймен және қимылмен жетістікке жетудің әрі табысқа кенелудің кілті. Жалпы алғанда, үлгерімі төмен оқушының ынтасы да аз болады, дегенмен үйрену үшін, әркім өз еркімен сабақ оқуға кететін уақытқа бағынуға, білім алуға жетелейтін қағидаларға мойынсұну керек. Ынталы оқушы мен ынтасыз оқушының әрекеттері бір-біріне ұқсамайды. Ынталы оқушыда мынадай белгілерді байқауға болады:
Дайындық барысында жоғарыдағы әрекеттерді жүзеге асыра алатын оқушыны нағыз ынталы оқушы деуге болады. Мақсат қойсаңыз да, ынтамен іске кіріссеңіз де, атқаратын ісіңізді беріліп істей алмасаңыз, мақсатыңыз да, ынтаңыз да ештеңеге жарамай қалады. (жалғасы бар) жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |