БЕЛЕСТЕРДІ БАҒЫНДЫРҒАН БАТЖАМАЛ

Ұстаздық атты ұлы кәсіпті өмірлік бойтұмар, тағдырлық шамшырақ қылып ұстап та, ұстанып та жүрген абыройлы һәм абзал тұлғалар аз емес ортамызда. Еліне елеулі, халқына қалаулы болып айшықталған аяулы жанның бірі де бірегейі – Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сыныптар, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Батжамал Мүсілімқызы Құсманова.

Осыдан жиырма үш жыл бұрын педагогикалық еңбек жолын жоғарыда аталған оқу орнында бастаған Батжамал Мүсілімқызы осы күнге дейін осынау білімнің қара шаңырағында асқан абыроймен жалғастырып келеді. Бастапқыда, 1993 жылы, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің бастауыш сыныптар факультетін тәмамдаса, 2002 жылы Павлодардағы Инновациялық Еуразия университетінің қазақ тілі мен әдебиеті факультетін сәтімен бітірсе, араға он екі жыл салып аталмыш жоғары оқу орнында «Филология» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдардың&nbs ... Читать дальше »

Просмотров: 4766 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 29/02/2016 | Комментарии (5)

АБЫРОЙЛЫ АЯУЛЫМЫЗ

Өз іскерлік қабілетімен танылып жүрген аяулы жандар болғаны қандай тамаша! Ауылдың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін тіктеуде осынау жандардың еңбегін елемеу азаматыққа жатпайды. Ендеше, Қызылағаш ауылдық округі әкімшілік ғимаратында абыройлы еңбек атқарып жүрген Гүлзия Дәйкенқызы Сейітова хақында әңгіме өрбітіп көрейін.

Осыдан отыз бір жыл бұрын Железин ауданынан оң аяқты келін болып, Бесқарағай ауылына келген Гүлзия Дәйкенқызының қызыққа толы еңбек жолы да басталып кетті. Арыстай төрт ұлдын анасы болып, ортасы толып, кезіндегі «Бесқарағай асыл тұқымды қой зауыты» кеңшарында, қазіргі «Бесқарағай-Әлкей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде сан түрлі жұмыстардың басын қайырды. Дегенмен маман ретіндегі абыройы осы күнгі аудандық «Жалын» жастар бастамаларын дамыту орталығына қарасты Бесқарағай ауылы жастары бойынша нұсқаушы ретінде асқақтады. Осынау салада жүргеніне тоғыз жылдың жүзі ... Читать дальше »

Просмотров: 775 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 29/02/2016 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚТЫҢ ЖАҒЫМСЫЗ БЕЙНЕДЕГІ СӨЗДЕРІ

Керең (көрсоқыр, ойсыз, топас) – 1. Білсе де, білгісі келмейтін, көрсе де, көргісі келмейтін тоғышар; 2. Құлағы естімейтін адам.

Күншіл (қызғаншақ, өзімшіл) – біреудің жақсылығын көре алмайтын байғұс.

Көкбет (долы, көкдолы, бетпақ, тұрпайы, шайпау, ашушаң) – әлепсіз әйел.

Кесепат (кесір, терісбақан, қияңқы, теріссиген) – теріс мінезді, жөн білмейтін, қалыпсыз.

Күйгелек – ашуланшақ, байыз таппайтын.

Қар (әйел) – өсекші, ойнасқор, ұятсыз, бетсіз.

Қарабет (жүзіқара) – ел-жұрт алдында масқара болған, ең жаман адам. Мұндайлармен жұрт сәлемдеспеген, көрші қонбаған.

Қарбаша – жамандыққа жаны құмар бала.

Қанішер – адам өлтіруші.

Қорқа ... Читать дальше »

Просмотров: 837 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 29/02/2016 | Комментарии (0)

ӨМІРДЕГІ МАҚСАТТАР ҚАЛАЙ АНЫҚТАЛАДЫ?

  1. Өзіңізді танып біліңіз.

Әр адамның өзіндік ерекшеліктері бар. Жасы, жынысы, ұлты, мәдениеті, сенімі, білімі, сезімі – бәрінің орны бөлек. Сондай-ақ жетілдіруді қажет ететін жасырынып жатқан ерекше жақтары да бар. Адам өзін тану үшін, осы ерекшеліктерге назар салу керек. Ол үшін өзіне мына сауалдарды қоя білуі керек:

  • Мені не қызықтырады?
  • Қай салаға қабілетім жетеді?
  • Қай мамандық қызығушылығым мен қабілетіме лайықты?

Осындай және осыған ұқсас сұрақтар өзіңізді тануыңызға және не қалайтыныңызға шешім қабылдауыңызға көмекші болады.

  1. Өзіңізге сеніңіз.

Әркімнің қолынан келетін міндетті түрде бір кәсібі болады. Кез келген адам өмірде түрлі сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Бұл сәтсіздіктер оның бұдан кейінгі өмірінде жалғасады деген сөз емес. Қайта әрбір сәтсіздіктен дәріс алып, қалай же ... Читать дальше »

Просмотров: 663 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 29/02/2016 | Комментарии (0)