12:08
Елорда - елдігіміздің еншісі

ӘНІМ СЕНСІҢ – АСТАНА!

Елордадан әлдеқайда шалғай жатқанына қарамастан Бесқарағай ауылы осымен он алтыншы жыл қатарынан Астана күнін мерекелеуді қате қылмай келеді. Өйткені бас қала – Астанаға қарап бой түзеуде ғой әрбір елді мекен әлбетте.

Соңғы жылдары Астана ажарын саяхаттап тамашалаған бесқарағайлықтардың қарасы көбейіп келеді. Әсіресе зейнеткерлік жастағы егде жандар топ құрап баруды жақсы дәстүрге айналдырып отыр. Мектеп жасындағы оқушылар да қалта көтерер бағамен Елорданы көруге баратын мүмкіндікке ие. Бас қаланың қазіргі сипатын өз көзімен көргендердің әсерлері құлақ құрышын қандырады. Ал сандық я мобильдік фотоаппаратқа түсірген бейнежазбалары, фотосуреттері Астананы барып көруге еріксіз шақырады.  

Мәдениет үйіне қашаннан зәру бесқарағайлықтар әрбір айтулы мерекелік шараны амалсыздан Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің тарлау мәжіліс залында, ал жаз мезгіліндегі жаймашуақ күнде оқу ғимаратының алдында өткізіп жүр. Биылғы Астана күні мемлекеттік деңгейдегі мейрамы мектеп алдындағы импровизацияланған сахнасында мерекеленді.

Аталмыш шараның ресми бөлімінде Қызылағаш ауылдық округінің әкімі Ж.Байтілеуова тақырыпты-мазмұнды қысқаша баяндамасында арда Астананың күн санап қарыштап дамып келе жатқанын, елорданы еңселетуде Елбасы һәм Ұль көшбасшысы Н.Назарбаевтың ерен ұйымдастырушылық еңбегін ерекше түрде екшеп өтті. Мектеп алдында жиналған бесқарағайлықтар мен келген қонақтарды осынау маңызды мерекемен шын жүректен құттықтап, жүрекжарды тілектерін шашудайын жаудыртты.

Биылғы жылы ауыл бойынша «Ең үздік аула» байқауы өткізілген болатын. Соның нәтижесі осы күні шығарылды. Әрі тазалығы, әрі көріктілігі жағынан Бесқарағай ауылы бойынша «Ең үздік аула» атағына Жағалау көшесінде тұратын Мұқашевтар жанұясының үйі ие болды. Ауыл әкімі Жанат Шоқанқызы отанасы Жамал Мұқашеваға Алғыс хат және естелік сыйлықты салтанатты түрде табыстады. Сонымен бірге Астана күні туылған Рыбалевская текті ауыл тұрғынына да азын-аулақ сый-сияпат көрсетілді.

Дәл осы мерекеде «Нұр Отан» партиясының «Бесқарағай» бастауыш партиялық ұйымы ауылдың қоғамдық өміріне белсенді түрде атсалысатын кейбір тұрғындарға жетекші партияның жуырда ғана жарық көрген жаңа үлгідегі партиялық билеттердің бір парасын қолға ұстатты. Сондай бақытты жандардың бірі педагогикалық қызметтің «Еңбек ардагері» әрі қоғамдық өмірдің белсенді мүшесі Д.Ақатаев қашанғы қызыл тілді шеберлігі арқасында ауылдастарын Астана күні мерекесімен құттықтай келе түйдек-түйдек өлең шумақтарын жатқа оқып, құрмет-қошеметке кеңелді. Жаңа үлгідегі партия билеттері тыл ардагері Б.Жүнісова әжеге, еңбек ардагері А.Голиковаға, жоғарыда сөз болған «Ең үздік аула» иесі Ж.Мұқашеваға, биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша «Алтын белгіге» ие болған Айгерім Тілектесованың әжесі Л.Қапановаға ресми түрде табыс етілді.

Бесқарағайлықтарды Астана күнімен құттықтауғааудан орталығы Аққудағы Мәдениет үйінен күміс көмей әншілер А.Хамзин және К.Қасенова арнайы келді. Елжандылық пен отансүйгіштік рухпен қанаттандыратын һәм пырақтандыратын әндерін шырқаған Ардақ та, Күләнда да бесқарағайлықтар мен қонақтарды мейілінше жігерлендіріп тастады.

Асылында, бас қала – Астанамыз көз ілеспес қарқынмен өркендеп келеді. Жыл сайын бой көтерген еңселі нысандар ел игілігіне тарту етілуде. Астананы аралауға баратындар үшін барлық жағдайлар жанға жайлы түрде қарастырылған. Бас қаланың ажарын әспеттейтін қоғамдық-көпшілік орындар көздің жауын алады. Олардың кереметін теледидардан да, жаһандық ғаламтордан да тамсана да сүйсіне қызықтап жүрміз тағы. Астанамыз асқарлана берсін!      

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ[i]

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

 

[i] Қазақстан Республикасы Журналистер Одағығының мүшесі, №3741-мүшелік билет

Просмотров: 1098 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 vepegrietry  
0
They also have made a habit of crossing into public and private properties where they are obviously not intended to be. Pking supplies & tools include scissors, knife, tapes, adhesives, and obviously – boxes, lot of boxes! Moving boxes are different from normal boxes because moving boxes are made from thicker cardboard which allows for heavier pking. If you think you need more storage space at a time, going away, http://www.uscheapjerseysclub.us/ - Cheap Jerseys Free Shipping, choose a backpack with enough pockets. With crooked cops, ruthless biker gangs, and even mbers of the narcotics squad on the take, you won't believe how deep the corruption goes in this thrilling serial from writer Phil Stanford and artist Patric Reynolds. Right, on to the kite. The reason behind people strugglinghard to tough to difficult to challenging to loseexcess weight excess fat unwanted weight extra weightis mainly is principally is primarily is especiallydue to their because of their because of the this can fluctuating nature.You are going to find that once your compost is ready youre going to have the opportunity to grow larger vegetables in your garden due to the nutrients that you will find in the compost. Normal etings4. These sorts of bags are for single use or for storage of ducts that are not hefty or large. CBT tehes you The education sector in India has progressed to an advanced stage. When fed with this issue, you need to fe these charges within ten days from the date of the arrest.The first thing you are going to need to do is find a location on your property with a compost pile will be out of sight and also out of smelling distance.http://www.uscheapjerseysclub.us/ - www.uscheapjerseysclub.us.http://www.uscheapjerseysclub.us/ - Wholesale Jerseys.

Имя *:
Email *:
Код *: