19:39
Футболдан әлем чемпионаттарының тарихы

Германия – 2006

Статистиканы сөйлеткенде

Ақтық дода:

9 маусым – 9 шілде 2006 ж., Германия

Қатысушылар саны:

32

Ойындар жүйесі:

Командалар төрт командадан іріктелген сегіз топқа бөлінді, қарсыластар өзара бір-бірімен топта ойнады, он алты мықты құрама олимпиалық жүйе бойынша 1/8 финалдан бастап ақтық ойынға дейін плей-офф кезеңінен өтеді

Өткізілді:

64 кездесу, оларды 3 353 655 көрермен тамашалады, бір ойынға орта есеппен 52 401 адамнан келді

Соғылды:

147 гол (орта есеппен 2,3)

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
   
   
   
   
   
 
 

«Скуадра адзурра», Италия құрама командасы, өз тарихында төртінші әлем Кубогін жеңіп алды: Бразилиядан шыққан пентакампеондарда ғана біреуге артық. Берлиндік финалда Италия Францияны ойыннан соңғы он бір метрлік айып соққысы сериясында ұтып кетті. Қола жүлдені жарыс қожайындар – өжет те жас Германия құрамасы қанжығалады.

Лев Голео и его компаньон говорящий мяч Пилле - талисманы ЧМ - 20062006 жылғы әлем чемпионатының соңғы ақтық ойынының қосымша уақыты аяқталуға он минөт қалғанда ойыншылар киім ауыстыратын орынға Раймон Доменек жаттықтырған Францияны титулдық ойынға жеткізген, «үшжолақтылардың» капитаны Зинедин Зидан алаң қасында қойылған әлем Кубогін жанай кете барды. 1998 жылғы париждік финалдың триумфаторы болған 33 жасар Зидан кезінде өзі қолымен ұстаған әлем тәжіне көз қырын да салмағандай әсер қалдырды. Әлем футболының ең бағалы жүлдесі француздардың қолынан сусып бара жатты. Әлі күнге дейін көз алдынан кетпейтін сол бір сахналық қойылымның бояуларын қоюлатпай-ақ қоялық, сол кездегі мундиальді көбісі амалсыз еске алады.

Құрама сапында қоштасу ойынын өткізген Зиданның өкпе-ренішін түсінуге болады. Жаңа ғана аргентиндік төреші Хорацио Элисондо Зиданға итальяндық футболшы Марко Матерацци екеуі арасында орын алған коррида үшін тура қызыл қағаз көрсетті де алаңнан қуды. Француз да, итальяндық та бірінші таймда бір-бір голдан соқты. Алғашқысы ойынның басында он бір метрлік айып соққысынан есепті ашса, екіншісі «екінші қабатта» Патрик Виейрадан айласын асырып, жедел түрде есепті теңестірді. Кездесудің 110-минөтінде Зидан мен Матерацци екеуара сөзге келіп қалды, артынша француздық жартылай қорғаушы итальяндық қорғаушыны басымен кеудесін «сүзіп» жіберді... Хавбек өз құрамасын алаңдағы он ойыншымен қалдырып кетті. «Жапа шеккен» қорғаушы қарсыластың көшбасшысын кетіргеннен соң, өз командаластарын кәдімгідей серпілтіп жіберді. Екі футболшы арасындағы осынау қақтығыстың һәм одан кейінгі жайттер айналасындағы у-ду аз болған жоқ. Дегенмен финалдық акт бәрінен де маңызды ғой: алтын – осы «Скуадра адзурраны» командасын құрастыған Марчелло Липпиде.  

Жарыстың тағы бір жарқын элементі – Германия құрамасы. Бундестимнің жетістіктерін үш тағанға тіреуге тұрарлық: дәстүрлі неміс мінезі, сол кездегі бас бапкердің көмекшісі Йоахим Лев қалыптастырған ойын фундаменті һәм жейде білегін сыбанып, алаң жиегінде әрдайым дамыл таппай шауып жүретін бас бапкер Юрген Клинсманның эмоционалды әсері. Голдық дүмпуге жұтаңдау болған бұл мундиальде (нәтижесі сиректеу болған 1990 жылғы Италиядағы әлем біріншілігіне дейін түсіп қалды, плей-офф кезеңінде құрғақшылық орын алды, ешбір футболшы хет-трик жасай алмады) жарыс қожайындары ең шабуылдаушы команда болып көріне алды. Немістер жиыны он төрт гол соқты, олардың авторлары болып алаңдағы ойыншылардың барлық үш шебінің футболшылары танылды. Бір қызығы, бұл чемпионатта қорғаушылар соғылған голдардың шымылдығын да ашты, пердесін де түсірді (ақтық ойындағы он бір метрлік айып соққысы сериясындағы голдар есепке алынбайды әлбетте, дегенмен онда да соңғы болып қақпаға доп дарытқан итальяндық қорғаушы Фабио Гроссо болды): неміс Филипп Лам басын бастаса, итальяндық Матерацци соңғы нүктесін қойды.

2006 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне 198 команда қатысты, іріктеуден финалға шыққан бір ғана Германия құрамасы босатылды (жарыс қожайындары ретінде). Ал әлем чемпионы Бразилияға аталмыш жаһандық додаға қатысу жолында өзгелер секілді барлық сынақтардан өтуіне тура келді. Десе де бұл сынақ пентакампеондарға жалпы он сегіз мундиальдің ішінде өзінің он сегізінші рет қатысуына еш кедергі келтірмеді. Сонымен қатар әлемдік жарысқа тұңғыш рет Ангола, Кот-д’Ивуар, Чехия, Гана, Того, Тринидад және Тобаго, Украина һәм Сербия мен Черногория құрамалары қатысуға жолдама алды.

Ақтық додаға деген қызығушылық айқын болды, дегенмен сондайма өршіген жоқ. 1994, 2002 және 1990 жылдарда өткізілген әлем чемпионаттарын теледидар алдындағы көрермендер көбірек тамашалаған. Неміс көрсетілімдерін әлемнің 26,29 миллиард телекөрермендер бақылады. Финалдық кездесудің аудиториясын 715,1  миллион адамды құрады.

Осыдан төрт жыл бұрынғы азиялық тосын сыйларға қарағанда бұл жолы барлығы қалыпты түрде түзілді. Мықты сегіздік астына тек қана Еуропа және Оңтүстік Америка құрамалары жиналды. Украина мен Португалиядан басқасы әр жылдары әлем чемпионы атанған алып алты құрама: Германия және Аргентина, Бразилия және Франция, сонымен бірге Италия және Англия. Жартылай финал таза еуропалық болып шықты. Дәл осындай жағдай бұдан бұрын үш рет орын алған екен: 1934, 1966 һәм 1982 жылдары. Құрғақшылыққа тап болған жағдайда плей-офф кезеңінде Италия, Германия, Аргентина, Бразилия және Франция құрамалары бір гол соғумен ғана шектелді.

Ескерту және алаңнан қуылу жағынан 2006 жылғы әлем чемпионаты еш құрметке лайық емес ең сорақы рекорд жасады: 345 сары қағаз және 28 қызыл қағаз. Ресейлік төреші Валентин Иванов Португалия – Голландия арасында өрбіген 1/8 финалдық ойында, «Нюрнбергтегі шайқас» деген атқа ие болған ойын бұл, бірден 16 сары және 3 қызыл қағаз көрсетті ғой. Осының кесірінен португалдықтар ширек және жартылай финалдық кездесулерінде құрамға қажетті екі ойыншысынан айырылып қалуға мәжбүр болды. Осының өзі бразилдік бапкер жаттықтырып апарған және Криштиану Роналдосы бар португалдықтарға 1966 жылғы әлем чемпионатында әйгілі Эйсебионың жетістігін жаңартуға кедергі келтірмеді. Осыдан төрт жыл бұрын туған Бразилия құрамасымен чемпион атанған Сколариға жартылай финалда Франциядан ұтылғаннан кейін екінші мәрте қатарынан финалға шығуға мүмкіндік бермеді ақыры.

Ескерту қағазынан бас айналған ағылшын төрешісі Грэм Пол топтық кезеңде қарсыласқан Хорватия мен Австралия кездесуінде Йосип Шимуничке үш ескерту қағазын жазып берді. Әйтсе де «артық» қарсыласқа қарамастан Гус Хиддинк баптаған Жасыл құрлық өкілдері 1/8 финалға қадам басты, тек Италиямен болған ойында арбитрдің қателігінен негізсіз белгіленген он бір метрлік айып добы соққысынан жеңілуге тура келді. 

Төрешілер мәселесі ФИФА президенті Зепп Блаттердің де мазасын кетірді. Ол үнсіз қалуды және жөн көрмеді. Ізін суытпай Ивановтың алаңдағы әрекеттерін қатаң сөккенмен, артынан ашуды түсінбеушілікке ауыстырды. Кейіннен ережені өзгертуді ұсынды: дисквалификация кесірінен ойыншылар финалдық ойыннан тыс қалмау керек.

Мундиальда қызықты футболды кейде тамшылардан жинауға тура келді. Әрине, көретін дүния қалмады деген жүдеу ой туындамау қажет. Айталық, плей-офф кезеңінде Франция Испания және Бразилия құрамаларынан айласын шеберлікпен асырды. Аргентиндіктер 6:0 есебімен Сербия және Черногория құрамасын тас-талқан еткен ойында 24 жүрістен құралып, Эстебан Камбьяссоның гол соғуымен аяқталған нәтижелі шабуылын паш етті. Мексикаға қарсы ойында аргентиналық Макси Родригес жарыстардың ең бір әдемі голын соқты. Осынау әлемдік додаға тұңғыш қатысып отырған құрамалар да жерге қаратпады. Солардың ішінде қара құрлықтан келгендері де бар. Кот-д’Ивуар топтық кезеңде Аргентина және Голландия құрамаларымен бел кеткенше алысты. Мексика және Иран командаларымен кездескен Ангола құрамасы екі бірдей тең нәтижеге қол жеткізді. Ал шабуылдауды бағыт тұтқан Гана құрамасы өз ойыншылары Стивен Аппиа һәм Майкл Эссьеннің жігерімен Чехия және АҚШ командаларын қапыда қалдырды. Топтық кезеңде ганалықтар тек қана Бразилиядан ұтылды. Пентакампеондардың форварды Роналдо әлем чемпионаттарының ақтық додаларындағы нәтижеліліктің рекордын жаңартты. Германия алаңдарында он бес гол соққан бразилдік атақты неміс Герд Мюллерден де осынау көрсеткішпен асып түсті. Аса жарқын емес мундиальдің жасындай жарқыраған сенсациясы болып Украина құрамасы танылды. Бас бапкер Олег Блохин бастаған, керемет ойыншы Андрей Шевченко қостаған украиндықтар ширек финалға дейін қол жеткізді. Олардың жолын Италия құрамасы ғана бөгеді.

Әлем чемпиондары өз дегендерін командалық ойын арқылы алды. Марчелло Липпи өз футболшыларын тек ойынға аудара білді, себебі бұған дейін итальяндық футбол сыбайлас жемқорлық жанжалына ұшыраған еді. Тамаша орындаушылары бар «Скуадра адзурра» сондай шебер команда болып шыға келді. Әсіресе қорғаныс шебінде мін болмады. Қорғаушы Фабио Каннаваро бастаған қорғаныс көмегімен қақпашы Джанлуиджи Буффон жарыс барысында тек қана екі гол өткізіп алды: өкініштен сан соқтырған автогол мен финалдық ойында он бір метрлік айып соққысын орындаған Зиданнан.  Жартылай қорғаныс шебінде Андреа Пирло мен Дженнаро Гаттузо комбинациялық ырғақ танытты. Қапталдарға қорғаныстан Джанлука Дзамбротта мен Фабио Гросса қосылып отырды. Сол Гроссо ғой Германиямен болған жарты финалдық ойынның қосымша уақытында шешуші голды соқты. Липпи қатардағы 23 ойыншының 21-ін алаңға шығарды. Олардың оны соғылған голдармен танылды. Франция қарсылас болған ақтық ойында итальяндықтар он бір метрлік айып соққысы сериясында түптің түбінде жеңіске қол жеткізді. Бұған дейін осынау сынақтарда олар көбінде ұтылып қалып жүрген, оның ішінде 1994 жылғы әлем чемпионатындағы финалда Бразилияға қарсы ойында.   

 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 861 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: