ЭНЕРГИЯ НЕ СЕБЕПТЕН ЖЕТПЕЙДІ?
Энергия – денсаулық. Энергия жетпей ме, демек, ағзаңызда ауру бар, қартаю процесі жүріп жатыр.
Энергияны қайдан аламыз? Табиғаттан. Энергия көзі – Күн. Күн энергиясы алдымен өсімдіктерге беріледі, одан фотосинтезделіп, адамдар мен жануарларға тарайды. Айналаңызға асықпай зер салсаңыз, жыртқыш аңдар шөпқоректі жануарларды азық қылады. Шөпқоректілер болса өсімдіктермен қоректенеді. Ал адамдар жануарлармен де, өсімдіктермен де қоректенеді.
...
Читать дальше »
|
Е-ҚОСПАЛАР: ӨНІМДЕРДЕГІ "ХИМИЯ" ТУРАЛЫ АҢЫЗДАРДЫ ӘШКЕРЕЛЕУ
Затбелгідегі "Е" әрпі радиация белгісі емес
"Сатып алма, онда Е-лер бар!" - бұл біз балалық шағымыздан естіп жүрген сөз. Бірақ шындығында "Е" индексі - бұл жай ғана Еуропадағы ("Europe") тағамдық қоспаларды таңбалау жүйесі, қауіп туралы ескерту емес.
Қорқыныш орнына фактілер:
...
Читать дальше »
|
КӨРСЕТ және ТҮСІНДІР
Бейсаналы әдетті қалай саналы түрде жасау керек. Жапонияда, АҚШ-та метрода мынадай практика қолданылады. Қызметкерлер пойыз келер алдын жолаушыларға хабарлайды. Тоқтаған кезде жүргізуші сол сәттегі уақытты дауыстап айтады. Қайтадан жүретін кезде уақытты қайтадан айқайлап айтады. Қызметкерлер жолаушыларға абай болуды ескертіп дауыстайды. Пойыздың жүріп кеткендегі жылдамдығын дауыстап айтады. Бұлай жасау себебі – минут сайын келіп-кетіп жатқан пойыздарды күтіп алу, шығарып салу әбден әдетке айналып кетеді. Адамның ойы басқада, қол мен аяғы жұмыста жүреді. Ал мұндай бейқам кезде апаттар жиі орын алады.
...
Читать дальше »
|
ТӘУБЕ ДЕГЕН НЕ?
Тәубе, тоба деген мағыналас сөздер. Тәубе, тоба – өмірде жеткен жетістіктеріңе риза болып, оң өзгерістер сыйлаған Тәңірге, тағдырға өз ризашылығын білдіре отырып, оған шын көңілден шүкіршілік етіп, қанағат тұту. Тәубе – істеген күнәларыңнан тыйылу деген сөз. Яғни, жіберген кемшіліктері үшін Жаратушыдан кешірім сұрап, қынжылатындығын білдіру, істеген ісіне ұялып өкіну, кеткен кемшіліктерді түзету жолында күнәні қайта істемеуге шешім қабылдап, көңілден сөз беріп, бар ықыласын аударуға Алланың алдында уәде беру.
Олай болса:
...
Читать дальше »
| |