22:09
Әдет әдептері

КӨРСЕТ және ТҮСІНДІР

Бейсаналы әдетті қалай саналы түрде жасау керек. Жапонияда, АҚШ-та метрода мынадай практика қолданылады. Қызметкерлер пойыз келер алдын жолаушыларға хабарлайды. Тоқтаған кезде жүргізуші сол сәттегі уақытты дауыстап айтады. Қайтадан жүретін кезде уақытты қайтадан айқайлап айтады. Қызметкерлер жолаушыларға абай болуды ескертіп дауыстайды. Пойыздың жүріп кеткендегі жылдамдығын дауыстап айтады. Бұлай жасау себебі – минут сайын келіп-кетіп жатқан пойыздарды күтіп алу, шығарып салу әбден әдетке айналып кетеді. Адамның ойы басқада, қол мен аяғы жұмыста жүреді. Ал мұндай бейқам кезде апаттар жиі орын алады. Соны болдырмас үшін әрбір әрекет саналы түрде жасалуға тиіс. Сол үшін әрбір әрекетті дауыстап айтады, құлақпен естиді, қолмен көрсетеді. Осы тәжірибе арқылы жол-көлік апаттарын әбден азайтқан.

Сен де әдеттеріңді сырттан бақылау арқылы қайсысы саналы, қайсысы бейсаналы екенін айыра аласың. Бейсаналы түрде жасап жатқан әдетіңді сырттан қарап «неге бұл бұлай істеді?» деп сұрақ қою керек. «Неге бұл тамақтан кейін темекі шекті?», «Неге жұмыстан келгенде бірден диванға жатып, теледидар қосты?»

Саналы түрде істеуді тағы бір жолы – дауыстап айту. Күн шыққан соң ұйықтайын деп жатсаң: «Мен күн шыққан соң ұйықтайын деп жатырмын. Негізі ол өте зиян. Ұйқы онсыз да қанбайды. Басым ісіп, мең-зең боп оянамын» деп дауыстап айтып көр. Яғни, нені дұрыс, нені бұрыс істеп жүргеніңді мойындап, салдары қайда апаратынын көрсету, естірту. Абай айтқандай күн сайын немесе жұмасына бір, айына бір не жылына бір өзіңнен есеп алу керек. Сонда есті адамдардың қатарына қосыласың.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 5 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: