22:07 Рухани-танымдық сүрлеулер |
ТӘУБЕ ДЕГЕН НЕ? Тәубе, тоба деген мағыналас сөздер. Тәубе, тоба – өмірде жеткен жетістіктеріңе риза болып, оң өзгерістер сыйлаған Тәңірге, тағдырға өз ризашылығын білдіре отырып, оған шын көңілден шүкіршілік етіп, қанағат тұту. Тәубе – істеген күнәларыңнан тыйылу деген сөз. Яғни, жіберген кемшіліктері үшін Жаратушыдан кешірім сұрап, қынжылатындығын білдіру, істеген ісіне ұялып өкіну, кеткен кемшіліктерді түзету жолында күнәні қайта істемеуге шешім қабылдап, көңілден сөз беріп, бар ықыласын аударуға Алланың алдында уәде беру. Олай болса: Байыған үстіне байысам деп құнықпаған жөн. Жүректегі асыл байлық – иманды суытпаған жөн. Тәубе еткен жөн болар, байытып, қажыту да, Алланың әмірімен боларын ұмытпаған жөн. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
