22:11 Тұлғалану толқындарында |
ЭНЕРГИЯ НЕ СЕБЕПТЕН ЖЕТПЕЙДІ? Энергия – денсаулық. Энергия жетпей ме, демек, ағзаңызда ауру бар, қартаю процесі жүріп жатыр. Энергияны қайдан аламыз? Табиғаттан. Энергия көзі – Күн. Күн энергиясы алдымен өсімдіктерге беріледі, одан фотосинтезделіп, адамдар мен жануарларға тарайды. Айналаңызға асықпай зер салсаңыз, жыртқыш аңдар шөпқоректі жануарларды азық қылады. Шөпқоректілер болса өсімдіктермен қоректенеді. Ал адамдар жануарлармен де, өсімдіктермен де қоректенеді. Бұл – Алла дарытқан табиғат заңы» табиғат заңына сай адам 85% өсімдіктен, 15% жануардан алынған өнім тұтынуы керек. Ас бойымызға сіңіп, қорытылып, метаболизм құбылысынан кейін энергия пайда болады. Ағза энергияны қайдан алады? Энергияның екі көзі бар: бірі – глюкоза, бірі – май. Майдың энергия қуаты глюкозаға қарағанда әлдеқайда жоғары. Глюкозаның көп бөлінуі қандағы инсулинді көтереді. Бұ гормондардың тепе-теңдігі мен зат алмасуды бұзады. Ағзада сүтті қышқыл мен май жиналып, денені тотықтырады. Сөйтіп энергия тапшылығы туындайды. Өткенге көз жүгіртсек, ата-бабамыз табиғат заңдылығын бұзып химикатпен егін баптап, гормонмен малын жемдемеген. Уақыт өте келе ауылшаруашылығы дамыды, тамақ өнеркәсібі пайда болды. Адамдар көмірсулары тым жоғары тағамдарға әуес бола бастады. Бұл дегеніміз – қант, түрлі тәтті тағам, ұннан жасалған өнімдер, нан, дәмді, тәтті, бірақ май мен нәруыздың қызметімен және көмірсумен ағзаны қамдай алмайды. Адам қанша тамақтанса да, қарны тез ашады. Өйткені көмірсу берген қуат ұзаққа бармайды. Ағза өзіне түскен тамақты тез қорытып, энергияны жаратып үлгереді де, миға сигнал жібереді. Ми оны «ашығу белгісі» ретінде қабылдап, адамды тамақтануға әрекеттендіреді. Содан печеньемен шай ішу, жүріп бара жатып фастфуд жей салу, үзіліс кезінде бірдеңе жеп үлгеру әдеті басталады. Бұл әдет ағзадағы зат алмасу әрекетін бұзады, ішек құрылысын зақымдайды, жүрек-қан тамырлары жұмысын нашарлатады. Табиғат заңын өзіміз бұзып, зардабын өзіміз тартамыз. Көмірсуы көп табиғи емес тамақтарды артығымен жеп, көп ауырамыз, тез қартаямыз. Табиғи өнімдердің орнын басатын «жасанды» дүниелердің бағасы қолжетімді болуы мүмкін, бірақ арзанның сорпасы татымайды. Дұрыс тамақтану, табиғи өнімдерді тұтыну – «жақсы» май мен көмірсу қатынасын 85:15 мөлшерде сақтау, жеткілікті нәруыз қолдану, тағам рационына өсімдіктер, көкөністер мен жемістер кіргізу ағзадағы «сілтілі отаның» жақсы жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Сізге мол энергия сыйлап, өмір салтыңызды жасампаз етеді. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
