ХАКІМ АБАЙ ХАҚЫНДА

Әлбетте, Абай – ұлы ақын, дана ойшыл, қазақтың жаңа тарихи дәуірдегі шыншыл жазба әдебиетінің атасы.

Зерделесек, Абай есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің нышаны.

Ғасырлар бойы қалыптасқан экономикалық жағдай, тұрмыс салты үлкен өзгеріске түсіп жатқан аумалы-төкпелі заманда қоғам көшінің ендігі бағытын айқындау, қалайда елдің елдігін, тұтастығын, халықтың ұлттық рухының тазалығын сақтай отырып, жаңа жағдайға бейімделу осынау дәуірдің, әлеуметтік өмірдің өзі туғызған тарихи қажеттілік болды. Осы қажеттілік бүкіл қоғамдық ой-санаға, әдебиет пен өнерге жаңа серпін берді. Нағыз халықтық, шыншыл қағидаттарға негізделген жаңа жазба қазақ әдебиеті, Абай шығармалары осы қоғамдық сұранысқа толық жауап берді.

Ақын шығармаларын оқи отырып, біз оның адам жаны мен  ... Читать дальше »

Просмотров: 838 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 05/08/2015 | Комментарии (0)

МӘРТ МЕРҒАЛЫМ МЕРЕЙЛЕНДІ

Бойға бала жасынан-ақ біткен ерекше қабілет – сынықшылығымен алты алашқа әйгілі болған бқарапайым да бірегей тұлға Мерғалым Мұхтариханұлының сексен жылдық мерейіне арналған еске алу шарасында облыстық ақындар айтысы аламаны ұйымдастырылды.

Халықаралық, республикалық, аймақтық суырыпсалма додаларында бірнеше дүркін топ жарған алты марғасқа ақын қатысты осынау айтыс аламанына. Атап айтқанда, Баянауылдың намысын жыртқан Нұрғанат Қайрат һәм Аспанбек Шұғатаев, Қашырдың намысын қорғаған Алтынбек Мақсатхан, Ақтоғайды асқақтатуға бел буған Бейбіт Бөжен, Екібастұздың ақын назеркесі Алмагүл Жүгінісова, Павлодар шаһарының шабандозы Қуанышбек Шарман. Ал қасиетті қара домбыраның сүймелдеуімен өрілген өлең тартысын бағалауға Қазақстан Жазушылар Одағының Павлодар аймақтық филиалының төрағасы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын, қоғам қайраткері Арман Қани төраға болған, Қазақстан және Моңғолия Жазушылар Одағыны ... Читать дальше »

Просмотров: 949 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 05/08/2015 | Комментарии (0)

ҚАСЫМ ХАН

Қасым хан (шамамен 1445–1518/1523) – қазақ ханы, Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі – Жәнібек ханның баласы. Шешесі Жаған бегім Мұхаммед Шайбани ханның інісі Махмуд сұлтанның шешесінің туған сіңілісі. Қасым ханның ішкі және сыртқы саясаты, ел басқару әдісі, т. б. жөнінде мәліметтер өте аз. Жазылған еңбектердің бәрі М. Х. Дулатидің «Тарихи Рашиди» атты шығармасына сүйенеді. Мұхаммед Шайбанидың қазақ билеушілеріне қарсы соғыстары туралы деректемелерде Қасым ханның есімі алғаш рет аталады және оған «белгілі сұлтандар мен бахадурлардың» бірі деген баға беріледі, «Бұрындық ханның атты әскерінің жетекшісі» екені атап көрсетіледі. Бұрындық хан Самарқанға кетуге мәжбүр болып, шет жерде дүние салады да, Қасым хан билікті біржолата өз қолына алады. Қасым хан билеген кезеңде қазақтар мен Шайбани әулеті арасында Сырдария маңындағы қалалар үшін қақтығыстар мен соғыстар одан әрі жалғасты. 1510 жы ... Читать дальше »

Просмотров: 896 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 05/08/2015 | Комментарии (0)

 ЛЕБЯЖІ ӨҢІРІНЕН АТТАНҒАН ЖАУЫНГЕРЛЕРДІҢ ЕРЛІКТЕРІ

Ұлы Жеңістің жетпіс жылдық мерейі асқарланған биылғы жыл – тарих үшін айырықша сәт, ерекше мезет. Жеңіс күні күні кеше мерекеленіп өтсе де, осынау Жеңіске сүбелі үлес қосқан тау тұлғалар хақында танымдық әңгіме айту жалғаса бермек, жалғаса бермек. Демек, Лебяжі өңірінен аттанған жауынгерлердің ерліктері жайында сөз үзілмек емес.

Рүстемханов Шахантай 1913 жылы Лебяжі ауданы Тақыр ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1941 жылы Лебяжі аудандық әскери комиссариатының шақыруымен әскери қызметке жарамды болып майданға аттанып кетті. 1941 жылдан 1943 жылға дейінгі аралықта Қиыр Шығыстағы шайқастарға қатысты.  1943-1945 ж.ж. Маршал Жуковтың жетекшілігімен 1-Белорус майданында болды. Чехословакияны, Польшаны, Австрияны басқыншылардан азат етуге қатысты. Соғыс қимылдарында көрсеткен ерлігі үшін «Ерлік үшін», «Соғыстағы же ... Читать дальше »

Просмотров: 813 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 05/08/2015 | Комментарии (0)

БУМЫН ҚАҒАН

Түрік қағандығының тарих сахнасында пайда болуы Бумын қағанның есімімен тікелей байланысты. Халық арасында оны «Ел қаған» немесе «Иль қаған» (бірінші қаған) деп атаған, бұл «Бүуіл ел патшасы» болып аударылады. Бумын қаған (? -552 ж.)-түркілердің өздері «Мәңгі ел» деп атаған әйгілі Бірінші Шығыс Түркі қағанатының негізін қалаушы тарихи ұлы тұлғалардың бірі. Оның алғаш тарихқа танылуы түркі еліне Батыс Вей империясының елшілерінің келуімен тікелей байланысты. Бұл кезде түркі елі Жыужән қағанатының құрамындағы, соларға темір кенін өндірумен айналысатын бодан ел болатын. Бумынның бұл кездегі лауазымы ұлы йабғу (даиеху) болды. Оған ол түркі елінің басшысы болған әкесі Ту (Туву) өлгеннен кейін, мұрагерлік жолмен ие болды. Кезінде хатталып, қағаз бетіне түспегендіктен, Батыс Вей империясының елші келгенге дейінгі түркі елінің де, оның басшысы Бумынның да тарихы белгісіз болды. Сондықтан ... Читать дальше »

Просмотров: 2145 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 05/08/2015 | Комментарии (0)

 ЛЕБЯЖІ ӨҢІРІНЕН АТТАНҒАН ЖАУЫНГЕРЛЕРДІҢ ЕРЛІКТЕРІ

Ұлы Жеңістің жетпіс жылдық мерейі асқарланған биылғы жыл – тарих үшін айырықша сәт, ерекше мезет. Жеңіс күні күні кеше мерекеленіп өтсе де, осынау Жеңіске сүбелі үлес қосқан тау тұлғалар хақында танымдық әңгіме айту жалғаса бермек, жалғаса бермек. Демек, Лебяжі өңірінен аттанған жауынгерлердің ерліктері жайында сөз үзілмек емес.

Нуркин Қабдеш Темірбайұлы 1923 жылы Лебяжі ауданында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1941 жылы Павлодар педагогикалық училищесін тәмамдады. 1954 жылы Мәскеудегі КОКП ОК жанындағы жоғарғы партия мектебін бітірді. Еңбек жолын 1941 жылы Лебяжі ауданына қарасты Қорт ауылындағы сегізжылдық мектепте қатардағы мұғалім ретінде бастады, артынша сол оқу орнында оқу ісітерінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1946-1951 ж.ж. Павлодар облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, қалалық партия комитетінің насихат және үгіт бөлімінің м ... Читать дальше »

Просмотров: 1515 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 05/08/2015 | Комментарии (0)

ТОМИРИС

Массагет тайпаларының ханшайымы (б. з. б. 531–528) Томирис ержүрек, батыр болып тәрбиеленеді. Геродоттың естелігінше, парсы патшасы Кир Томириспен соғыста қаза болған. Кир патша Томирис патшайымды өзіне әйел етіп алмақшы болып, елшілер жіберді. Томирис Кирдің өзіне емес, елі мен жеріне құда түскелі отырғанын түсініп, оның ұсынысын қабылдамайды. Қулығы іске аспаған Кир 530 ж. массагеттерге ашық соғыс жариялайды. Кир массагеттер жеріне жарамсыз әскерін уланған тағамдармен қалдырып кетеді. Массагеттер Кир тастап кеткен әскерге шабуыл жасап, олардан қалған тағамдардан уланады. Соғыста Томиристің баласы Спаргапис тұтқынға түседі. Томирис баласын босатуын сұрайды. Бірақ Спаргапис ұяттан өзін-өзі өлтіреді. Томирис айтқанын тыңдамаған Кирге қарсы шабуылға шығады. Шайқаста массагеттер жеңіп, Кирдің өзі өлтіріледі де, әскерінің басым бөлігі қаза табады. Томирис торсықты қанға толтырып, оған Кирдің басын салуға бұйрық береді: «Се ... Читать дальше »

Просмотров: 788 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 05/08/2015 | Комментарии (0)

ЛЕБЯЖІ ӨҢІРІНЕН АТТАНҒАН ЖАУЫНГЕРЛЕРДІҢ ЕРЛІКТЕРІ

Ұлы Жеңістің жетпіс жылдық мерейі асқарланған биылғы жыл – тарих үшін айырықша сәт, ерекше мезет. Жеңіс күні күні кеше мерекеленіп өтсе де, осынау Жеңіске сүбелі үлес қосқан тау тұлғалар хақында танымдық әңгіме айту жалғаса бермек, жалғаса бермек. Демек, Лебяжі өңірінен аттанған жауынгерлердің ерліктері жайында сөз үзілмек емес.

Лосев Михаил Григорьевич 1922 жылы Ресейдің Смоленск қаласында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Сұрапыл соғыстың алғашқы күндерінен-ақ майданға шақырылды. Медициналық қабілеті бар ол санитарлық бөлік және госпитальда фельдшер болды. Сталинград түбіндегі ауыр шайқастарға қатысты. Медициналық қызметтің майоры шеніне дейін көтерілді. Соғыстан кейінгі бейбіт күндерде Лебяжі ауданына қарасты Ямышев ауылдық үлескелік ауруханасында ұзақ жылдар бойында фельдшер қызметін абыроймен атқарды. «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысында ... Читать дальше »

Просмотров: 681 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 05/08/2015 | Комментарии (0)

АНАҚАРЫС

Анахарсис: шамамен жыл қайыруымыздан бұрынғы 620–555 жылдары өмір сүрген. Аты аңызға айналған дала данышпанының нақты өмірбаяны туралы деректер сақталмаған. Тек Диогеннің мәліметі бойынша, ол шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 594-жылы, «Архонт Эвкраттың тұсындағы қырық жетінші Олимпиада өтіп жатқан сәтте Афиныға келген». Бұл скифтердің Алдыңғы Азиядан бетін бұрып, отанына орала бастаған кезі. Ал Анақарыстың Афиныға барғаны анық. Сол кезде шамамен жиырма бес жаста деп шамаланғанның өзінде, ол мөлшермен б. д. д. 625–620-жылдары дүниеге келген. Ал нақты қай жерде туды, ол жағы белгісіз. Тек әке-шешесінің кім болғанына қарап барып әлдебір болжам жасауға болады. Геродоттың айтуы бойынша, «Анақарыс – скиф патшасы Спаргапиптің шөбересі, Ликтің немересі, Гнурдың баласы». Сонда Анақарыс Спаргапип Ишпақайдың, Лик Партатуаның, Гнур Мәдидің заманында өмір сүрген болып шығады. Анақарыстың өзі айтқандай, олардың өмі ... Читать дальше »

Просмотров: 1210 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 05/08/2015 | Комментарии (0)