ЛЕБЯЖІ ӨҢІРІНЕН АТТАНҒАН ЖАУЫНГЕРЛЕРДІҢ ЕРЛІКТЕРІ

Ұлы Жеңістің жетпіс жылдық мерейі асқарланған биылғы жыл – тарих үшін айырықша сәт, ерекше мезет. Жеңіс күні күні кеше мерекеленіп өтсе де, осынау Жеңіске сүбелі үлес қосқан тау тұлғалар хақында танымдық әңгіме айту жалғаса бермек, жалғаса бермек. Демек, Лебяжі өңірінен аттанған жауынгерлердің ерліктері жайында сөз үзілмек емес.

Тілеуғабылов Жұматай 1919 жылы Лебяжі ауданы Қорт ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Сталинград ұрысына, Ленинградты қорғауға қатысты. Польшаны, Чехословакияны азат етуге ат салысты. Кеңес-жапон соғысында болды. «Қызыл Жұлдыз», «Отан соғысы» ордендерімен, «Соғыстағы жетістіктері үшін», «Ерлігі үшін» медальдармен, Бас қолбасшы И.В.Сталиннің Алғыс хатымен және Маршалл Г.К.Жуковтың атаулы қаруымен марапатталды. 1946-1969 ж.ж. Лебяжі аудандық ішкі істер бөлімінде абыройл ... Читать дальше »

Просмотров: 657 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 22/08/2015 | Комментарии (0)

АБАЙҒА ДЕГЕН МӘҢГІЛІК ҚАЖЕТТІЛІК

Қазақ һәм жаһанның бағына дара туылып, дана атанған Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жыл толып отырған осынау мерейтой – биылғы жылдың бірегей айқындамасы. Берісі ұлан-байтақ еліміздің, арысы бүкіл дүние жүзінің елді мекендерінде Хакім Абайдың мерейіне арналған айтулы шаралар жүзеге асуда. Күні кеше ғана аудан орталығы Аққуда ұйымдастырылған түрде өткізілген Абай күні осы қатардан ойып тұрып өз орнын алды.

Осыдан үш жыл бұрын, 2012 жылы, Абайтанушы, қаламгер, философия ғылымдарының докторы, профессор, академик, белгілі қоғам қайраткері, ұлт жанашыры, «Лебяжі ауданының Құрметті азаматы» Ғарифолла Есімнің мұрындық болуымен алаулатып-жалаулатып, қазақы қонақжайлылықпен ас та төк той үлгісінде тұғырға тұрғызылған данышпан ақын Абайдың мүсіні жанында тәлімдік-тағылымдық һәм елдік-ұлтжандылық мән-маңызы ұшаң-теңіз шара өткізу игі дәстүрге айналды.

Алыс-жақыннан келген қонақтарды құша ... Читать дальше »

Просмотров: 1212 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 22/08/2015 | Комментарии (0)