22:33
Ұлы Жеңіс ұлағаты

ЛЕБЯЖІ ӨҢІРІНЕН АТТАНҒАН ЖАУЫНГЕРЛЕРДІҢ ЕРЛІКТЕРІ

Ұлы Жеңістің жетпіс жылдық мерейі асқарланған биылғы жыл – тарих үшін айырықша сәт, ерекше мезет. Жеңіс күні күні кеше мерекеленіп өтсе де, осынау Жеңіске сүбелі үлес қосқан тау тұлғалар хақында танымдық әңгіме айту жалғаса бермек, жалғаса бермек. Демек, Лебяжі өңірінен аттанған жауынгерлердің ерліктері жайында сөз үзілмек емес.

Лосев Михаил Григорьевич 1922 жылы Ресейдің Смоленск қаласында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Сұрапыл соғыстың алғашқы күндерінен-ақ майданға шақырылды. Медициналық қабілеті бар ол санитарлық бөлік және госпитальда фельдшер болды. Сталинград түбіндегі ауыр шайқастарға қатысты. Медициналық қызметтің майоры шеніне дейін көтерілді. Соғыстан кейінгі бейбіт күндерде Лебяжі ауданына қарасты Ямышев ауылдық үлескелік ауруханасында ұзақ жылдар бойында фельдшер қызметін абыроймен атқарды. «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және басқа да мерейгерлік медальдармен наградталды.

Молдажанов Тумырза 1910 жылы Лебяжі ауданы Төсағаш ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1932-1935 ж.ж. Семейдің мұғалімдер даярлайтын техникумында оқыды да, Бесқарағай ауданының Атшапқан ауылындағы мектепте мұғалім болып қызмет атқарды. 1940 жылы әскер қатарына алынып, ұшқыш-бортинженер дайындайтын курсты бітіріп, Таганрог қаласында бес жыл бортинженер болды және сол жақтағы  авиация ұйымында бастауыш партия хатшысы болып қызмет атқарды. 1945 жылы елге оралып, Лебяжі ауданы Бесқарағай ауылына қарасты Подпуск бөлімшесіндегі 1 Мамыр жеті жылдық мектебінде география мұғалімі және оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1947-1950 ж.ж. Сарыөзек және Керей бастауыш мектептерінде мұғалім болды. 1950-1957 ж.ж. «Жас еңбек» ұжымшарындағы жылқы фермасын басқарды және сол ұжымшардың бастауыш партия ұйымының хатшысы болды. 1957-1975 ж.ж. Лебяжі кеңшарының жылқы шаруашылығында қажырлы еңбек жасады. Ленин орденімен және бірнеше мерейгерлік медальдармен наградталды.

Мұсаипов Қабиден 1923 жылы Лебяжі ауданы Тереңкөл ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Тереңкөл ауылдық мектебінде 7-сыныпты бітіріп, 1941 жылы әскери комиссариаттың шақыруымен Кеңес Армиясы қатарына шақырылды. 1942 жылы Калинин майданында 830-полкта атқыштар дивизиясында болды. 1943 жылы қолына жарақат алып, госпитальда жатып шықты. Бойындағы ерік-жігері мен қайсарлығы арқасында майданға қайта оралып, байланысшы міндетін атқарды. Осы кезде тағы ауыр жарақатқа ұшыраған азамат госпитальға түсіп, 1943 жылы мамыр айында елге оралды. Елге келісімен қырық жылдан астам уақыт мал дәрігерлік қызметін атқарып жүріп, зейнеткерлікке шықты. «ІІ дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков» медалімен, «Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен және “Ұлы Отан соғысы Жеңісінің елу жылдығын мерекелеу” медалімен наградталды.

Мұсаев Оразғали Айдарханұлы 1926 жылы Павлодар облысы Бесқарағай ауданы Қыстаутерек ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1944 жылдың сәуір айында майданға алынды. Жапония, Корея және Владивосток ұрыстарына қатысты. Ұлы «ІІ дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Жапония түбіндегі Жеңіс үшін», «Германия түбіндегі Жеңіс үші», «Кореяны азат еткені үшін», «КСРО Маршалы Г.К.Жуков», «Еңбек ардагері» медальдарымен және басқа да мерейгерлік медальдармен наградталды.

Молдажанов Зайзолла Қажығалиұлы 1924 жылы Лебяжі ауданы Малыбай ауылының Қазантай бөлімшесінде дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1942 жылы Ключевск ауданынан соғысқа шақырылды. «ІІ дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальмен наградталды.

Мукин Дошай 1920 жылы Лебяжі ауданы Жабағылы ауылында дүниеге келді.Ұлы Отан соғысына қатысушы. Жабағылы ауылында соғысқа дейін мал шаруашылығында еңбек етіп, 1941 жылы майданға аттанды. 1945 жылы соғыстан аман-есен оралып, еңбек жолын мал шаруашылығында жалғастырды. Соғыста ерлігі үшін алған ордендері, медальдары бар. Еңбек жолында да алған мадақтамалары жетіп артылады.

Молоков Степан Анисимович 1921 жылы Ресейдің Алтай өлкесіне қарасты Кепочев ауданының Северка ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1934 жылы Қазақстанға көшіп келді. Еңбек жолын 1937 жылы лебяжі ауданы Бесқарағай орта мектебінде мұғалім ретінде бастады 1940 жылы Кеңес Армиясының қатарына шақырылды. Моңғолияда әскери борышын атқарды. Ұлы отан соғысы басталған шақта полк мектебін тәмамдады. 1941 жылғы қазан айының басында 82-дивизияның құрамына алынды. Дәл сол жылы майдан даласында жарақат алды. Бес ай бойында госпитальда ем-дом алды. 1942 жылдың наурызында елге оралуға мәжбүр болды. 1942-1952 ж.ж. Бесқарағай орта мектебінде мұғалім болып қызмет етті. 1952-1959 ж.ж. Семй облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Белокаменка ауылында тұрды да, сонда ұстаздық жолын жалғастырды. 1959 жылы Лебяжі ауданына қарасты Бесқарағай ауылына қайта көшіп келді. 1959-1976 ж.ж. Бесқарағай орта мектебінде абыройлы еңбек атқарды. «ІІ дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «КСРО Маршалы Г.К.Жуков», «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысында Герменияны жеңгені үшін» және басқа да мерейгерлік медальдармен наградталды.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 682 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: