ӨСИЕТ ӨРНЕКТЕРІ

Әлбетте, ата-бабалардан аманат-мирас болып қалған һәм ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнегелі өсиет, жаһандану мен өркениеттенудің шарықтау кезіне қарамастан, өз мән-мағынасын еш жоғалтпақ емес. Ал оны сана-сезімге сіңдіріп, бойына қалыптастыра алған өскелең ұрпақ ештеңені жоғалтпайды, керісінше, тағылымды тәліммен тұлғалана түспек. Қарапайым халық ішінен шыққан ақылдылардан қалған осынау нақылдарға зер салып көрейік.

  • Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе.
  • Жүріп келе жатқан адам отырған адамға, атты адам жаяуға, аз адам көпке сәлем беруге тиіс.
  • Үлкендер мен ғалым адамдар алдында көп сөйлемеуге тырыс. Мешітке, үйге «ассалаумағалейкүм» деп кіру керек, кешке «кеш жарық» деп кіру керек.
  • Үлкен кісілерді, ананы, әйелді көлікке қолтықтап демеп мінгізу не түсіру керек. Көшеде, жолда жатқан шыны, темір болса, алып таста.
  • Үлкендерден бұрын ... Читать дальше »
Просмотров: 587 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 17/04/2017 | Комментарии (0)

ЖИРЕНШЕ ШЕШЕН

Жиренше шешен (XV) – қазақтың ақыл-парасатымен, тапқырлығымен аңызға айналған ділмәр шешені. Аңыз-әңгімелердің дерегі бойынша, ол тарихта болған, әз Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген кісі, бірақ тарихи шығармаларда Жәнібек ханның төңірегінде ондай адам болды деген дерек кездеспейді. Дегенмен қазақтың әйгілі шипагер ғалымы, елдің әлеуметтік саяси өміріне жүйрік тарихшысы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баян» кітабында өзі туралы былай дейді: «Өтейбойдақ Тілеуқабылдың ұлымын. Ата тегім? Ұлы жүз Зарман, Зарман ішінде Албан. Мекенім Жетісу. Ауылымда құрбы-құрдас, таныс-білістерім аз емес. Жанымда Жиренше шешен, Жәнібек ханның қарашасымын. Жылым иіртек, сексен беске келдім. Бойым ұзын, қара торы, қоңқақ мұрын, кең иықты, қап сақалды, ұзын қасты, кем сө ... Читать дальше »

Просмотров: 612 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 17/04/2017 | Комментарии (0)

ДОМАЛАҚ АНА

Домалақ ана (Нұрила) Түркістан қаласында Қаратау, Балабөген өзенінің жағасында жерленген, есімі ел ұранына айналған абыз аналардың бірі. Түркістандық Мақтым Ағзам қожаның немересі. Әкесінің есімі – Әли Сылан, анасының есімі – Нұрбике. Нағашы ағасы Уәйіс хан Моғолстанның ханы болған. Домалақ ананың әкесі Әмір Темірдің әскерінде қызмет етіп түзде жүреді, ел анасы ерте қайтыс болып, жетім қалады. Сөйтіп Нұрила атасы Мақтым Ағзам қожаның қолында тәрбиеленеді. Кейінірек Бәйдібек бидің шақыруымен Мақтым Ағзамның отбасы Қаратау маңына көшіп барып қоныстанады. Мақтым Ағзам жаңа қонысында мектеп-медресе ашып, мешіт салдырады. Осында жүріп бой жеткен Домалақ ана атасы Мақтам Ағзамның өсиетімен 19 жасында (1397 жыл) Бәйдібек биге тұрмысқа шығады. Домалақ ананың елге ақылдылығым ... Читать дальше »

Просмотров: 529 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 17/04/2017 | Комментарии (0)

БОПАЙ ХАНЫМ

Бопай, Бәтима (шамамен 1690 жылы дүниеге келген, 1780 жылы Елек өзені бойында қайтыс болған) — Әбілқайыр ханның зайыбы, ел басқару ісіне араласқан қайраткер, мәмілегер. Төре тұқымынан шыққан.

Бопай күйеуі Әбілқайырдың түпкі мақсаты Жайық қазақтарының, башқұрттар мен Еділ қалмақтарының шапқыншылықтарын тоқтату, жоңғарларды түпкілікті талқандау екендігін һәм бұл мәселелерді уақытша болса да, Ресей империясына бодан болу арқылы шешуге тырысқандығын терең ұғынған. Сондықтан да Әбілқайырдың саяси қадамдарына қолдау көрсеткен. Бұл ханымның 1731 жылы 22 қарашада орыс патшайымы Анна Иоанновнаға, 1748 жылы 5 қазанда Елизавета Петровнаға, әр уақытта Орынбор әкімшілігі жазған хаттарынан айқын көрінеді.

... Читать дальше »

Просмотров: 618 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 17/04/2017 | Комментарии (0)

АЯЗ БИ

Аяз би Жаманұлы – қазақ халқының ежелден елге аты мәшһүр болған, аты аңызға айналып кеткен ақылгөй абыз, шешен, биі. Оның есімі бүгінгі ұрпаққа «Аяз би» ертегісі һәм «Аяз би әлініңді біл, құмырсқа жолыңды біл» дейтін қанатты нақыл сөз арқылы сақталып жеткен. Аяз бидің ғұмырнамасы жөнінде әр түрлі деректер бар. Майқы би Мән баласының шежіресін жазған Шапырашты Қазбек бек Тауасарұлы өзінің «Түп-тұқияннан өзіме дейін» дейтін кітабында Аяз бидің және оның серігі Құмырсқа батырды «Майқы би дәуірінде өмір сүрген, Майқы Мәнұлының оң жағында отыратын сенімді ақылгөй билер еді», - деп жазады. Сонда бұл дерек бойынша, Аяз би хижра жыл санауынан 711 жылы бұрын туып, 800 жылы дүниеден өткен, Майқы Мәнұлының замандасы болып шығады. Ал зерттеуш ... Читать дальше »

Просмотров: 586 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 17/04/2017 | Комментарии (0)