ТӨРТ ТҮЛІГІМІЗ САЙ БОЛСЫН

Қазақ малды топтап бағады. Жылқы тобын – үйір; түйе, сиыр тобын – табын; қой-ешкі тобын – отар деп атайды.

Жегін көліктерді жеккенде, байлағанда да оның жеке атаулары бар. Айталық, түйеде – мұрындық, бұйда; жылқыда – ноқта; сиырда – басжіп; қойда, ешкіде – көген. Түйені тіздейді, жылқыны матайды. Әр мезгілде малдың жүнін, қылын, түбітін алудың да атау түрлері көп. Айталық, түйені жүндейді, жылқыны күзейді, қойды қырқады, ешкіні қырқады, түбітін тарайды.

Мал балаларын төл деп атайды. Түйе төлін 1 ай, жылқы 10 ай, сиыр 9 ай, қой, ешкі 5 ай көтереді. Түйе екі жылда бір рет боталайды («Он екі түйе, он жылқы, тоғыз сиыр, бес ешкі, бір жарым қоян». Шешуі: малдың төлін көтеру мерзімі). Алғаш төлдейтін малды тұмса дейді.

Ірі мал туар кезде (түйе, жылқы, сиыр) төлін қызғанып басқа жерге қашып барып төлдейді. Мұны бошалау ... Читать дальше »

Просмотров: 729 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 11/04/2017 | Комментарии (0)

СЫРЫМ ДАТҰЛЫ

Сырым Датұлы қазіргі Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Сарыой ауылында дүниеге келген. 1783–1797 жылдары Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен. Шыққан тегі – Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан. 20 жасында өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдігімен аты шыққан «Байбақтының бала биі» атанады. Сырым Кіші жүз бірлестігінің деңгейіне көтеріліп, ел ішінде құрметке ие болады. Сондықтан оны хан әулеті – Нұралы баһадүр өзіне тартады.

Нұралы Сырымның әпкесін алып, өзінің Орын деген әйелінен туған қызы – Айғараны қосып, туысқандық байланыс орнатады. Б ... Читать дальше »

Просмотров: 542 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 11/04/2017 | Комментарии (0)

РАЙЫМБЕК БАТЫР

Райымбек – батыр, қолбасшы, Ұлы жүз албан ішіндегі алжан руының сырымбет тармағынан. Атасы Хангелді батыр XVIII ғасырдың 1-жартысында жоңғарларға қарсы күресте аты шығып, 1733 жылы Төле, Қодар билер, Сатай, Бөлек батырлармен бірге Ұлы жүз қазақтары атынан орыс патшасымен Анна Иоановнаға елші жіберген. Райымбек батыр 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсетіп, батыр атанды. Қалмақтың Бадам, Қорын, Ағанас, Секер, т. б. хан, ноян, батырларын жекпе-жекте жеңіп, Қаратау өңірі мен Жетісуды жаудан азат етуге басшылық жасағандардың бірі болған. Торайғыр және Сөгеті таулары аралығындағы «Ойрантөбе» деген жерде өткен шайқаста көзге түсті. 1733 жылы Бөлек батырмен бірге елші болып барған.

... Читать дальше »

Просмотров: 558 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 11/04/2017 | Комментарии (0)

ӨТЕГЕН БАТЫР

Өтеген батыр – XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. Ұлы жүздің Дулат тайпасынан Жаныс руынан шыққан. Өтегеннің ата-бабалары да есімдері елге танылған батырлар болған. Бабасы Сырымбет 1635 жылы Ойрат ханы Батырдың 50 мың әскеріне қарсы соққы берген Салқам Жәңгірдің сапында ұрысқа қатысқан. Өз әкесі Өтеғұл да талай қанды жорықты бастан кешкен батыр адам болған. Шешесі Нұрбала атақты Қордай батырдың немересі екен. Өтеген батыр 15 жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа араласқан. 1723 жылы Тауасар, Райымбек, Ханкелді батырлармен тізе қосып, жоңғарлармен айқасады. 1740 жылы Іле бойында қалмаққа қарсы жасақ жинаған Төле би әскеріне қосылып, елін жаудан азат етіседі. 1756 жылы шамасында Абылайдың Қытаймен бейбіт болу саясатына қарсы шығ ... Читать дальше »

Просмотров: 549 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 11/04/2017 | Комментарии (0)

НАУРЫЗБАЙ БАТЫР

Наурызбай батыр Бурабай баурайында дүниеге келген. Мүсіні қолмен құйғандай. Жауырыны қақпақтай, күпшек кеуде, биік бойлы, денесі тіп-тік, белі жіңішке. Сол сұлулықтың үстіне Абылай атасына тартқызып, өнерді де шексіз жомарттықпен үйіп-төгіп мол беруі тіпті қайран қалдырарлық. Өзі ақын, өзі әнші, өзі композитор-күйші. «Төрелер күйі» деп аталатын көп күйлер бар, осы төрелер күйлерінің бір өкілі – Наурызбай еді. Тума талант өнер шеберлігімен қоса, тапқыр сері мінезді болған. Соның бәрінен де Наурызбайдың батырлығы басым еді.

Кенесары жауына шабуыл саларда әрдайым Наурызбайдың ақыл-кеңесіне ден қойып отырған, қысылтаяң, қиын жерлерге көбіне соны ғана жұмсаған. Өйткені туған інісі, әрі үзеңгіл ... Читать дальше »

Просмотров: 561 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 11/04/2017 | Комментарии (0)

ТӨРТ ТҮЛІГІМІЗ САЙ БОЛСЫН

Кең пейілді қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық қой. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бар олар мал өрісін, тіршілік табиғатын, қадыр-қасиетін әбден білген. Тіпті малдың айрықша қасиетін, ерекшелігін танитын Толыбай сияқты сыншылар да шыққан. Сөйтіп халқымыз өздерінің тіршілік, шаруашылық өмірін осы мал өсірумен байланыстыра жасаған. Оның өнімдерін тіршілік құралы етіп оңтайлы пайдалануды шебер игерген. Малдың еті, сүті, жүні, түбіті, қылы, шудасы, терісі, тіпті мүйізіне, сүйегіне дейін өз қажетіне жаратып, ұқсатып отырған. Мінсе – көлігі, ішсе – сусыны, жесе – тамағы, кисе – киімі, тұтынса – бұйымы да, байлық, мақтан, салтанаты да осы мал болған.

Мал өсіруге аса қолайлы Қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес. Мал біздің еліміз үшін бұдан былай да аса маңызды шаруашылық болып қала бермек. Олай болса, кейінгі жастарымыз қасиетті төрт түлікк ... Читать дальше »

Просмотров: 675 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 11/04/2017 | Комментарии (0)

ҚАРАСАЙ БАТЫР

Алтынайұлы Қарасай – қазақтың қаһарман батыры, әйгілі қолбасшысы, есімі шапырашты руының ұранына шыққан аса көрнекті тарихи тұлға. Қарасай батыр Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбе тауының етегінде Қарасаз деген жерде дүниеге келіп, Арқа жерінде Көкшетау үшін болған шайқаста ауыр жараланып дүние салған. Топырақ Көкшетау алабындағы Айыртау сілемінің Құлшынбай деп аталатын төбесінен бұйырған. Қасына өзінің қанды көйлек досы арғын Ағынтай батыр жерленген. Қос арыс – шапырашты Қарасай мен арғын Ағынтай батырға һәм олармен бірге қанды шайқаста қаза болған сарбаздарға қос күмбезді кесене орнатылған.

Қарасай батырдың шыққан тегі Ұлы жүз шапырашты. Шежіре дерегі бойынша, Шапырашты Шам (Ысты ... Читать дальше »

Просмотров: 545 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 11/04/2017 | Комментарии (0)

ЖӘНІБЕК БАТЫР

Жәнібек Тархан Қошқарұлы, Шақшақ Жәнібек – қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің қаһарманы. Орта жүз құрамындағы арғын тайпасынан шыққан. Атасы Шақшақ Аманжолұлы «Еңсегей бойлы Ер Есім» атанған атақты Есім хан қолбасшыларының бірі болған Жәнібек Тархан 1710 жылы он жеті жасында Тәуке ханның қолымен бірге жауға шығып, жекпе-жекте қалмақтың бас батырын өлтірген. Абылай ханның тұсында қол бастап, ханның негізгі кеңесшісінің бірі болған, ел басқару һәм мемлекет аралық қатынастарға белсене араласқан. 1717 жылы Аягөз маңындағы шайқаста 24 жасында қол бастап, ерлік көрсеткен. 1723 жылдан бастап Жәнібек Тархан бір жағынан Кіші жүз жасақтарына көмектесіп, Еділ қалмақтарымен, екінші жағынан, Бөгенбай, Қабанбай, Малайсары, Райымбек, Өтеген батырла ... Читать дальше »

Просмотров: 633 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 11/04/2017 | Комментарии (0)

ЖАСЫБАЙ БАТЫР

Жасыбай батыр – 18-ғасырда өмір сүрген батыр. Орта жүз құрамындағы Арғын тайпасынан шыққан, Бәсентиін руынан. Олжабай батырдың жиені. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі тарихында ерекше рөл атқарған ірі тұлға. Әкесі Өмірәділ от ауызды, орақ тілді шешен адам болған. Анасы – қазақтың атақты батыры Олжабайдың апасы. Шежіре деректерде батырды «Олжабайдың жиені» дейтіні де содан. Жасыбай екі ағайынды болған, інісі Байсары да жоңғарларға қарсы күресте ерлігімен көзге түскен белгілі батырлардың бірі көрінеді.

Жасыбай жөнінде Н.Я.Коншиннің жазбаларында, халық шежірелерінде, аңыз-әңгімелерінде, батырдың өзіне арналып шығарылған «Ер Жасыбай» жыр-дастанында бір ... Читать дальше »

Просмотров: 511 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 11/04/2017 | Комментарии (0)

ЖАЛАҢТӨС БАТЫР

Жалаңтөс Сейітқұлұлы Сырдария өзенінің бойы, Нұрата аймағында дүниеге келген. Жалаңтөс батыр – мемлекет қайраткері, батыр, қолбасшы, би. Әйтеке бидің үлкен атасы Жалаңтөс батыр бес жасқа келгенде әкесі Сейітқұл хан (Сейітқұл 1570 жылы өзіне қарасты алшындармен Нұрата өңіріндегі өзбек, қарақалпақтардың басын біріктіріп, хан болады да, 5000 тұрақты жасақ құрып, жеке ел билейді) оны Нұратадағы мешітке оқуға жібереді. Алғыр да зерек Жалаңтөс батыр: батырлар жырын, атақты хандар туралы жылнамаларды көп оқып, өзін батырлыққа, ел басқару ісіне шыңдап, түрлі әскери өнерді де игере бастайды. Баласының бейімділігін байқаған әкесі Жалаңтөс батырды 1590 жылы Бұхар ханы Абдулланың жоғарғы дәрежелі қолбасшылар даярлайтын әскери мектебіне оқуға жібереді. Бұл мектепте Шыңғыс ханның қол ... Читать дальше »

Просмотров: 542 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 11/04/2017 | Комментарии (0)