23:54
ҰБТ: озық тәжірибе, ортақ әдіс

ӨМІРДЕГІ МАҚСАТТАР ҚАЛАЙ АНЫҚТАЛАДЫ?

  1. Өзіңізді танып біліңіз.

Әр адамның өзіндік ерекшеліктері бар. Жасы, жынысы, ұлты, мәдениеті, сенімі, білімі, сезімі – бәрінің орны бөлек. Сондай-ақ жетілдіруді қажет ететін жасырынып жатқан ерекше жақтары да бар. Адам өзін тану үшін, осы ерекшеліктерге назар салу керек. Ол үшін өзіне мына сауалдарды қоя білуі керек:

  • Мені не қызықтырады?
  • Қай салаға қабілетім жетеді?
  • Қай мамандық қызығушылығым мен қабілетіме лайықты?

Осындай және осыған ұқсас сұрақтар өзіңізді тануыңызға және не қалайтыныңызға шешім қабылдауыңызға көмекші болады.

  1. Өзіңізге сеніңіз.

Әркімнің қолынан келетін міндетті түрде бір кәсібі болады. Кез келген адам өмірде түрлі сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Бұл сәтсіздіктер оның бұдан кейінгі өмірінде жалғасады деген сөз емес. Қайта әрбір сәтсіздіктен дәріс алып, қалай жетістікке жететінін ойластыру керек.

  1. Қолыңыздан не келеді?

Әр нәрсенің өзіне тән түрлі қиындығы бар, сондықтан болашақта өзіңіз жүзеге асыра алатын мақсаттарды белгілеуіңіз керек. Мақсатыңыз қызығушылығыңыз бен қабілеттеріңізге үйлесу керек. Ешкім өте маңызды деп тапқан бірнеше жұмысты бір уақытта істей алмайды. Соған орай, адам өзінің күш-жігерін өзі сүйетін, өзін бақытты ететін мақсатқа жұмсауы керек. Егер жұмыс рет-ретімен істелсе, жүйелі түрде орындалса, алға қойылған мақсаттар міндетті түрде жүзеге асады.

Бір жылдық мақсаттар тізімі:

  • Университеттің компьютерлік инженерия факультетіне оқуға түсу;
  • Мектептегі сабақты жақсы меңгеру;
  • Автокөлік жүргізу куәлігін алу;

Бір айлық мақсаттар тізімі:

  • Физикадан болатын сынақтан жақсы баға алу;
  • Математика пәні бойынша «Талапкердегі» тест сұрақтарын бітіру;
  • ҰБТ-ға дайындық сынағынан ең кемі 95 ұпай жинау.

Істерді маңызына қарай тізбектегенде, әрбір тізімдегі ең жоғарыда орналасқан екі пунктіні біріктіріңіз. Осылайша өміріңіздегі қысқа әрі ұзақ мерзімді мақсаттарыңызды көрсететін маңызды істердің тізімін жасап шығарасыз. Міне, осылар – сіздің нағыз жүзеге асыратын істеріңіз.

Мысалдағы оқушы үшін ұзақ мерзімге қойылған «Компьютерлік инженерия» маманы болу мақсатының орындалуы қысқа мерзімді жоспарларының орындалуына тікелей байланысты.

Жоспарланған істер тізімі:

  • Мектепте физика пәнінің сынағынан жақсы баға алау;
  • Математика пәні бойынша «Талапкердегі» тест сұрақтарын бітіру;
  • Ағылшын тілін жетік меңгеру;
  • Университеттің компьютерлік инженерия факультетіне оқуға түсу;
  • Компьютерлік инженерия маманы болу.

Бұл тізімді әрдайым көрініп тұратын жерге іліп қойыңыз. Ең басты мақсатыңызды өзге түспен үлкен әріппен жазып, алдыңызға қойыңыз. Сөйтіп, сабақ оқып отырғанда, басыңызды көтерген сайын, мақсатыңызды еске түсіріп отырыңыз. Осылайша, әрі ойыңыз аз бөлінетін болады, әрі сабақ оқуға деген ынтаңыз артады. Осылайша мақсаттарыңыз әрі ынтаңызды арттырады, әрі әрекеттеріңізді реттеп отырады.

Осыдан кейін өзіңізге арнап апталық және бір күндік бағдарлама жасаңыз. Апталық бағдарламаңызда «Жоспарланған істер тізіміндегі» істерге орын бөліңіз. Дәл сол секілді апталық бағдарламаңыз да бір күндік бағдарламаңыздың негізін қалау керек. Әйтпесе мақсатыңызға жете алмауыңыз мүмкін.

Мақсаттарыңызға жету үшін:

  1. Өзіңіз белгілеген бірінші деңгейдегі мақсатқа қалай жетуге болатынын жоспарлаңыз:

«мақсатыма жете алмаймын» деп ойламаңыз. Алды-арты ойластырып қойылған мақсатқа жетуге болады. Маңызды болғаны, өзіңіз соған ынталы болыңыз және соңына дейін төзімді бола біліңіз. Мақсаттарыңызға жеткізетін тиімді стратегиялар ойлап тапқан болсаңыз, қол жетпейтін мақсат қалмайды.

Жоспарлы әрекет ету – мақсатқа жетудің бірден-бір жолы, сондықтан өзіңіздің істерңізді қадағалап, уақытыңызды соған қарай реттесеңіз, өмірлік мақсатыңызға жете аласыз. Ал жетістікке жету үшін не істеу керек? Ендеше, төмендегілерді жүзеге асырыңыз!

  1. Мақсатыңызды белгілеңіз;
  2. Мақсатыңызға жүзбе-жүз жететініңізге сеніңіз;
  3. Жұмыс істеу жүйеңізді қарап шығыңыз;
  4. Атқарылатын істеріңізді алдын-ала жоспарлаңыз;
  5. Өзіңіз орындай алатындай апталық бағдарлама жасаңыз;
  6. Бағдарламаңызды төзімділікпен орындаңыз;
  7. Бағдарламаңызды өзгертпеуге көп күш салыңыз.
  1. Ойлаған нәрселеріңізді бір ретке келтіріңіз:

Адамның жан дүниесінде туындайтын ойлар болады. Бұларды болымды және болымсыз деп екіге бөлуге болады. Болымды ойлар сізді болашақтағы биік мақсаттарға бағыттайды. Мысалы, өз-өзіңізге «ҰБТ жақындап қалды, кем-кетіктерімді толықтырып, тест сұрағын көптеп шешуім керек, сабақтан қалмауым керек, өйткені жаңа тақырыптарды түсінбей қаламын» деген сөздерді ойша айтасыз.

Болымсыз ойлар сізді әп-сәтте әрі оп-оңай еске түсетін тілек-қалауларға бағыттайды. Мысалы, «ҰБТ жақындап қалды, кем-кетіктерім бар, сондықтан көп оқуым керек, дегенмен дайындықты 20-30 минуттан кейін бастасам да, ештеңе жоғалта қоймаспын» деген сөздерді ойша айтасыз. Нәтижесінде, «аз уақытта оп-оңай жетуге болатынын» іштей айтқан болымсыз ойлар сізді жеңіп шығады. (жалғасы бар)

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 664 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: