23:55
Тіл - күретамыр

ҚАЗАҚТЫҢ ЖАҒЫМСЫЗ БЕЙНЕДЕГІ СӨЗДЕРІ

Керең (көрсоқыр, ойсыз, топас) – 1. Білсе де, білгісі келмейтін, көрсе де, көргісі келмейтін тоғышар; 2. Құлағы естімейтін адам.

Күншіл (қызғаншақ, өзімшіл) – біреудің жақсылығын көре алмайтын байғұс.

Көкбет (долы, көкдолы, бетпақ, тұрпайы, шайпау, ашушаң) – әлепсіз әйел.

Кесепат (кесір, терісбақан, қияңқы, теріссиген) – теріс мінезді, жөн білмейтін, қалыпсыз.

Күйгелек – ашуланшақ, байыз таппайтын.

Қар (әйел) – өсекші, ойнасқор, ұятсыз, бетсіз.

Қарабет (жүзіқара) – ел-жұрт алдында масқара болған, ең жаман адам. Мұндайлармен жұрт сәлемдеспеген, көрші қонбаған.

Қарбаша – жамандыққа жаны құмар бала.

Қанішер – адам өлтіруші.

Қорқау (қанағатсыз, тойымсыз, ынсапсыз) – еш нәрсеге тоймайтын, жағымсыз.

Қырсық (қыңыр, қисық, қиқар, қияңқы, қияс, қиямпұрыс, қияли, теріс, тоңмойын, бірезу, терісбаққан) – көпке қосылмайтын, теріс мінезді.

Қақпас – баласыз, жағымсыз жасы келген қария.

Қатыгез (қатты, тоңмойын, қайырсыз, мейірімсіз) – жақсылық жасамайтын, сараң, мінезсіз.

Қу (сұм, сұрқия, сұмпайы, сужүрек, қуаяқ, алдамшы, өтірікші, жағымсыз, сумақай, тұрақсыз, алаяқ, жылпос, қужақ, өсекші) – ел жек көретін, өтірік, өсек айтушы.

Қорқақ (сужүрек, боскөтен, қоянжүрек, жалтақ) – әр нәрседен орынсыз қорқа беретін адам.

Қылжақбас (қылжақ, сайқымазақ, сүйкімсіз) – орынсыз сөйлеп, қажетсіз жерде бос әңгіме айтушы.

Қарақшы (тонаушы, ұры, барымташы) – біреудің мал-мүлкін тартып алып, тонап күн көруші, жауыз.

Қатынбасшы – қазан-аяққа, әйел шаруасына араласатын еркек.

Қызғаншақ – біреудің озғанын, жақсы атын көре алмайтын немесе ерін, әйелін қызғанатын адам.

Масыл (жалқау, жатыпішер) – өзі еңбек етпейтін, біреудің еңбегімен күн көретін жағымсыз, жұқсыз.

Мақтаншақ (мақтангөй, кеппе, саппас, мақтансүйгіш, боскеуде, домбыт, парықсыз, дарақы) – орынсыз мақтанушы.

Мәңгүрт (миғұла, қансыз, ойсыз, бассыз, түйсіксіз, ұлтсыз, намыссыз, бейшара, меңіреу, өлімтік, сілімтік, ессіз, есуас, ауысқан, мәнсоқ, селсоқ, рухсыз, тексіз) – ел-жұрт намысын ойлай білмейтін, әркімнің жетегіне ере беретін, өзінше бағыты жоқ сатқын байғұс.

Мылжың (көкезу, көбікауыз, қырт, ауызжаппас) – орынсыз көп сөйлейтін, сөзінде береке жоқ.

Маскүнем (азғын, ішкіш, араққұмар, алқаш) – арақ ішіп азғындық жолға түсуші.

Нойыс (ашушаң, топас, тоңмойын) – ақылға емес, қара күшіне сенген, ақылсыз.

Ноқай (олақ, қырсыз, икемсіз, епсіз) – іске қыры жоқ.

Сараң – бар болса да бермейтін тасбауыр.

Сұм (сұмпайы, сұрқия) – жамандыққа жаны құмар.

Сорла (сормаңдай, бейшара, байғұс, сүмелек, жаман) – өмірден өз еншісін ала алмаған момын.

Сайқал 1. Күлім сөйлеп, өтірік айтып, сатқындық жасайтын екі жүзді, алдамшы; 2. Ерінің көзіне шөп салған әйел.

Салақ – шаруасын, ісін үлгірте алмайтын, қырсыз жамандық белгісі (Олақтан салақ жаман).

Санасыз – ештеңе ойламайтын ақылсыз, ойсыз.

Содыр – бұзық.

Ұятсыз (имансыз, бетсіз, бетіқалң, арсыз) – елден шыққан. Ел мұндайды «ұяттан үш күн бұрын туған» деп масқаралайды.

Ұры (ұрлықшы, қарақшы, баукеспе, жымысқы) – біреудің мал-мүлкін ұрлаушы.

Ұмытшақ – ұмытып қала беретін адам.

Ұшқалақ – жеңіл мінезді, ұятсыз.

Үйкүшік – үйден шықпайтын, ешқайда бармайтын.

Өтірікші (судырахмет, зұқит, алдамшы) – сөзінде шындық жоқ, жеккөрінішті.

Өсекші (әзәзіл, арабшы, ақсайтан) – біреуді біреуге өтірік айтып ұрыстырушы.

Өзімшіл (күншіл, қызғаншақ) – өзімнен өзгеге болмасын дейтін кісі.

Олақ (орашолақ) – қолынан іс келмейтін.

Опасыз (сатқын, екіжүзді, найсап) – сенімсіз, сатып кететін ұятсыз.

Оңбаған (қалыпсыз, ұятсыз, көргенсіз, қарғысатқан, екіжүзді) – жұрт алдында ажар-беделін мүлде жойған, керексіз.

Тасжүрек – мейірімсіз.

Тәкаппар (өркеуде, өркөкірек, боскеуде, менмен, тікбақай, кеудемсоқ, кеудесіне нан піскен) – өзін өзгелерден артық санайтын пасық.

Тоғышар (топас, надан) – ештеңе білмейтін надан.

баспаға әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 838 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: