ЖАҺАНДЫҚ ДАҒДАРЫСҚА ТӨТЕП БЕРЕР НӘН ҚҰЖАТ
Әлқисса, жылдағы игі дәстүр бойынша Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына жаңа Жолдауын Астана төрінен жария етті. Бақандай бір жарым сағатты қамтыған осынау стратегиялық маңызы бар басты құжаттың арқалаған жүгі жеңіл емес. Бүкіл әлемнің ауызекі сөйлеу сөздік қорында қазақша сәнге, жаһанша трендке айналып үлгерген «жаһандық дағдарыс» Жолдаудың мазмұнына заман лебіне сай айтарлықтай өзгерістер һәм нақтылықтар кіргізуге итермеледі. Бүгінгі ахуал – біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін кез. Сонымен алдағы бір-екі жылда еліміз енсеретін асу-белестерге қысқа да нұсқа көз тоқтатып көрейік.
Елбасы биылғы Жолдау неге «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» деп аталғанын нақты дәлелдермен түсіндірді.
«Санаулы күндерден кейін біз азатты
...
Читать дальше »
Просмотров:
785
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
04/12/2015
|
|
ҚАЗАҚТЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫП, ЖӨН-ЖОСЫҚТАРЫ
- Жылағанды жұбатып, тоқтау айтады, мұңын тыңдайды.
- Халықтың діни әдеті бойынша беті әрі қараған науқастың жанында күзетке отырады. Науқас жан тәсілім жасағанда иманы айтылмаса, оны «арам өлді» дейді. Бұл кейінгілерге үлкенге мін.
- Құранды жоғары жаққа қояды, дәретсіз ұстамайды. Мұсылман баласы құранға аяғын қаратып жатпайды.
- Құран оқылып жатқанда жалаңбас отырмайды.
- Өлі туған сәбиге ат қойылмайды.
- Аты-жөні белгісіз адамға жаназа шығарылмайды. Басы жоқ (мұндай да болады ғой) адамға жаназа шығарылмай жерленеді.
- Әйелдер ғұсылсыз, дәретсіз бала емізбейді.
- Мұсылман баласы «біссімілласыз» тамақ жемейді, іс бастамайды.
- Мұсылмандарға доңыз етін жеуге тыйым салынған.
- Қасиетті бейсенбі, жұма күндері өзін таза, әдепті ұстайды, әбес, ғайбат сөз айтпайды. Бұл қасиетті дінімізге құрмет белгісі. Аруақ
...
Читать дальше »
Просмотров:
621
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
04/12/2015
|
|
БЕЙБІТШІЛІК ӘЛЕМІНДЕ
Бейбітшілік бесігінде тербеледі даламыз,
Биік-биік үйлерімен аспандауда қаламыз.
Өркендей бер Тәуелсіздік тұғырында Қазақстан,
Бір өзіңді мақтан тұтар ұланы біз боламыз.
Бәйтерегі биіктеген Астананың төрінде,
Алатауға бауыр болған Алматының өзінде.
Елжандылық қасиеті киелі ғой әрқашан,
Алтын күнді аялаған Қыран-Бүркіт көзінде.
Бес жүз елу жыл толып отыр Қазақ хандық құрғалы,
Керей менен Жәнібек хандар оның басында тұрғалы.
Үш ғасырда шарықтады, аспандады биіктей,
Ел басынан өтті күндер төкпелі де аумалы.
Қасым ханның қасқа жолы жетеледі қазақты,
...
Читать дальше »
Просмотров:
665
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
04/12/2015
|
|
ҚАЗАҚТЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫП, ЖӨН-ЖОСЫҚТАРЫ
- Далада, жолда тұрған жалғыз ағашты кеспейді. (ол қыста белгі, жазда пана ретінде сақталған).
- Өліара кезінде жұмыс бастамайды, көшпейді, той жасамайды.
- Буаз, төл ерткен аңды атпайды.
- Халық жердің, судың, ауаның, тазалығын сақтауды ежелден сақтай сақтай білген, өсімдіктерді құрып кетуден сақтау үшін жиі-жиі қоныс аударып отырған.
- Жаңа өсіп келе жатқан көкті жұлмайды. «Көктей солғыр» деген қарғыс осындайдан шыққан.
- Жаңа айды көргендер «ай көрдім аман көрдім, ескі айда есірке, жаңа айда жарылқа» деп бата жасайды.
- Күн күркіремей суға түспейді, дала жуасын жемейді.
- Түнде суға бармайды, суға түспейді. Адам шошынуы немесе ауруға шалдығуы мүмкін.
- Отпен ойнамайды, отқа түкірмейді, отты аттамайды.
- Құдыққа түкірмейді, маңайын ластамайды.
- Кірдің суын есік алдына, аяқ басатын жерге төкпейді.
...
Читать дальше »
Просмотров:
631
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
04/12/2015
|
|
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕРЕЙЛЕНДІ
Жақында Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде қоғамдық-гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің апталығы өткізілді. Осынау кешенді іс-шаралар қатарында қазақ тілінің мәртебесі де, қадірі де, құдіреті де мейілінше мерейленді. Оың үстіне өткізілген барлық шара Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналды.
Аптаның бірінші күнінде сыныптан тыс шара ретінде қазақ тілінде білім алып жүрген 5,6,7-сыныптар оқушылары арасында «Жұлдызды сәт» атты ойыны оқу ордасының мультимедиялық дәрісханасында ұйымдастырылды. Ойынға 5-сыныптан Серікпай Айдана, Ахмедиев Азат, Тұрсын Тимур, Мурсалимов Сағыныш, 6-сыныптан Ағыбай Өміржан, Омаров Мерхат, Ерсайын Нұрмұхамбет, 7-сыныптан Джумашева Гүлзира қатысты. Жеті кезеңнен тұрған ойынға қатысқан оқушылар өзара қазақ тілін қаншалықты білетінін анықтауда барын салды. Ақыл-білім жағынан не бел, не белбеу кеткенше қызу тартысқа түскен қатысушылар қо
...
Читать дальше »
Просмотров:
1075
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
04/12/2015
|
| |