ҚАЗАҚТЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫП, ЖӨН-ЖОСЫҚТАРЫ
- Далада, жолда тұрған жалғыз ағашты кеспейді. (ол қыста белгі, жазда пана ретінде сақталған).
- Өліара кезінде жұмыс бастамайды, көшпейді, той жасамайды.
- Буаз, төл ерткен аңды атпайды.
- Халық жердің, судың, ауаның, тазалығын сақтауды ежелден сақтай сақтай білген, өсімдіктерді құрып кетуден сақтау үшін жиі-жиі қоныс аударып отырған.
- Жаңа өсіп келе жатқан көкті жұлмайды. «Көктей солғыр» деген қарғыс осындайдан шыққан.
- Жаңа айды көргендер «ай көрдім аман көрдім, ескі айда есірке, жаңа айда жарылқа» деп бата жасайды.
- Күн күркіремей суға түспейді, дала жуасын жемейді.
- Түнде суға бармайды, суға түспейді. Адам шошынуы немесе ауруға шалдығуы мүмкін.
- Отпен ойнамайды, отқа түкірмейді, отты аттамайды.
- Құдыққа түкірмейді, маңайын ластамайды.
- Кірдің суын есік алдына, аяқ басатын жерге төкпейді.
- Күлді баспайды, үй жанына төкпейді.
- Суды қарызға сұрамайды және қарызға бермейді. Су сұрағандарға беру міндет. Су бермеу – өте жаман іс.
- «Судың да сұрауы бар» деп қазақ суды да ысыраптамаған. Су ішіне дәрет жібермейді.
- Өрттен немесе басқа табиғи апаттан құтқару жұмысына шақырмай-ақ бару міндет.
- Батар күнмен таласып жұмыс істемейді.
- Күн батар кеште ұйықтамайды.
- Көшкен үйдің жұртына үй тікпейді.
- Жар басына, суға өте жақын жерге үй тікпейді.
- Күнге, Айға қолын шошайтпайды.
- Құмырсқаның илеуін, құстың ұясын бұзбайды. Құмырсқаның илеуін басқан әйел әйел бала көтермейді деген қағида бар.
- Жол үстінде көлік доғармайды, жол үстіне қонбайды, дәретке отырмайды.
- «Ауруға шалдығады» деп жаңа туған баланың жолдасын аяқ баспайтын жерге терең қазып көмген.
- Аспаннан бір жұлдыз ағып түссе оны көрген адам «менің жұлдызым жоғары» деу керек.
- Тұз – қасиетті зат. Сондықтан оны баспайды, далаға төкпейді, ысыраптамайды.
- Ит – жеті қазынаның бірі. Күшігінен асыраған ит өлсе, иесі оның аузына нан мен май жағып, аулаққа апарып көмеді.
- Уылдырық шашар кезде балық ауламайды.
- Терісі бағалы аңдарды оның жүні жетілген кезде, яғни қысқы күндері, көктем басында ғана аулайды.
- Түнде астың, судың бетін жауып қояды.
- Үйге (көбінесе киіз үйге) кірген жыланның басына ақ құйып (айран, сүт т.б.) шығарып, өлтіреді.
- Малды зәбірлемейді, басқа ұрмайды, теппейді.
- Мал қорасы ішіне дәретке отырмайды, малдың киесі соғады рәі мал басы өспейді.
- Жауынды, дауылды, боранды күндері жолға шықпайды, өмірге қауіпті.
- Дінін сатпайды. Ондайлардың жазасы – өлім.
- Аллаға, дінге, аруаққа қарсы ғайбат сөз айтпайды. Ол – дінсіздердің ісі.
- Мұсылман баласы қабір тұсынан бет сипамай, дұға оқымай өтпейді.
- Таныс адамдардың қазасын естігенде «иманды болсын» деп бет сипайды.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Лебяжі ауданы, Павлодар облысы
|