ҚАЗАҚТЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫП, ЖӨН-ЖОСЫҚТАРЫ
- Жылағанды жұбатып, тоқтау айтады, мұңын тыңдайды.
- Халықтың діни әдеті бойынша беті әрі қараған науқастың жанында күзетке отырады. Науқас жан тәсілім жасағанда иманы айтылмаса, оны «арам өлді» дейді. Бұл кейінгілерге үлкенге мін.
- Құранды жоғары жаққа қояды, дәретсіз ұстамайды. Мұсылман баласы құранға аяғын қаратып жатпайды.
- Құран оқылып жатқанда жалаңбас отырмайды.
- Өлі туған сәбиге ат қойылмайды.
- Аты-жөні белгісіз адамға жаназа шығарылмайды. Басы жоқ (мұндай да болады ғой) адамға жаназа шығарылмай жерленеді.
- Әйелдер ғұсылсыз, дәретсіз бала емізбейді.
- Мұсылман баласы «біссімілласыз» тамақ жемейді, іс бастамайды.
- Мұсылмандарға доңыз етін жеуге тыйым салынған.
- Қасиетті бейсенбі, жұма күндері өзін таза, әдепті ұстайды, әбес, ғайбат сөз айтпайды. Бұл қасиетті дінімізге құрмет белгісі. Аруақтарға дұға оқылады.
- Намаз оқыған адамның алдынан өтпейді.
- Қайыр-садақа сұрағандарға садақа тастайды. Егер ол басқа дін адамы болса сол қолымен береді.
- Егер басқа дін адамы «ассалау» деп сәлем берсе, онда оған «уағалейкум» деп қана жауап береді.
- Бәлиғатқа жетке адамдар (балалар) намаз оқып, ораза ұстауға міндетті.
- Құран оқып жатқанда әйел қауымы шашын көрсетпейді.
- Құран оқылып жатқанда ешкім жалаңбас отырмайды.
- Құран оқылып жатқанда үн шығармайды, сәлемдеспейді, сөйлеспейді, орнынан тұрмайды.
- Құранды, хадистерді, дін кітаптарын дәретпен ғана ұстайды, оларды таза жерге қояды.
- Айт, Ораза, Наурыз күндері бейпіл сөз айтпайды, жат, ерсі қылықтар жасамайды.
- Мешітте, қайғылы жерде дүние сөзін сөйлемейді.
- Мешітте орынға таласпайды.
- Намаз оқып отырған адам қандай жағдайда болмасын намазын бұзуға болмайды.
- Ораза кезінде біреу өзіңмен жанжалдасса немесе қатты сөзге барса, сен «аузым берік» еді деуің керек. Оныме сөз жарыстырма.
- Дін адамдарына сәлем беріп құрмет көрсетеді.
- Айт кезінде «айттық» сұраудың ерсілігі жоқ. Сұрағандарға да «айттық» беру керек.
- Ислам әдебі бойынша жаназа шығарылып жатқанда түрегеп тұруға болмайды.
- Айт – мереке әрі қасиетті күн. Бұл күні әр адам өзін таза ұстайды. Әр үйге кіріп «құтты болсын» айтады.
- Құрбан айтында ауру, ақсақ, соқыр малды және жылқыны құрбанға шалмайды.
- Әр үйде бір құран болғаны жөн. Бұл мұсылмандық әрі оған деген құрмет пен ықылас белгісі.
- Қорымға қол шошайтпайды, ол аруақтарды сыйлау.
- Қайтыс болған адамның отбасына туыстары мен іліктері көңіл айтады, бата жасайды.
- О дниелік адам туралы әңгіме болғанда оны еске алушы адам «жер хабарын бермесін» дейді.
- Жақсы сөз, тілек естіге немесе бата алса «әумин, періштенің құлағына шалынсын» деу керек.
- Ата-ана, туған-ьуыстар қабіріне барып дұға оқу – әрбір тірі адамның парызы.
- Кейбір адамдар (әсіресе дүниені көп жинайтын) жан-тәсілім алдында қатты қиналады, ауыр азапқа түседі. Мұндайда бір затты (табақша, ыдыс, пышақ т.б.) сындырады.
- Бата қылған немесе көңіл айтқан адамдар басқа үйге кірмейді. Бұл аруақты сыйлау және адамгершілік.
- Мұсылман баласы үшін ең үлкен күнә – арақ ішу.
- Жоқтауға қатысқан әйелдер үш күнге дейін ас-суға, дастарқан әзірлеуге араласпайды.
- Әбден тозығы жеткен құранды, хадистерді, т.б. қасиетті кітаптарды жағып, аяқ баспайтын жерге көмеді.
- Қабір басында артық қалған құрылыс заттарын үйге әкету жаман ырым. Иесінің рұқсатымен оны басқа адамдар қабір құрылысына пайдалануға болады.
- Ораза ұстағандар өтірік, өсек айтпайды. Анайы, әбестік, артық сөздерден өзін тыйып ұстайды. Ондай жағдайда аузы ашылып кетеді, оразасы қабыл болмайды.
- Сейсенбі күні жолға шықпайды, той жасамайды, құрылыс, іс бастамайды. Өйткені Қабыл әбілді осы күні өлтірген қанды күн.
- Басқа діннің де жол-жоралғысына құрметпен қарау керек. Оны мазақ етуге болмайды.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Лебяжі ауданы, Павлодар облысы
|