АЙНАЛАЙЫН, ҰЛЫ ДАЛА – ҚАЗАҚ ЕЛІ

 

Алты Алаш айбатынан жаралған,

Алауынан Желтоқсанның қуат алған.

Айналайын, Ұлы Дала – Қазақ елі,

Аждаһаның аранынан босанған.

 

Отарлау һәм езгіге де шыдаған,

Қайран қазақ жас емес, қан жылаған.

Айналайын, Ұлы Дала – Қазақ елі,

Қырандайын бүгін еркін парлаған.

 

Қазақ халі шектелді де байланды,

Хандық құлап, ояз-болыс сайланды.

Айналайын, Ұлы Дала – Қазақ елі,

Бодандықта аман қалған нең қалды?!

 

Қасиетті дінге қыспақ жасалды,

Дарқан дала жыртылды да оталды.

... Читать дальше »

Просмотров: 664 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 15/12/2015 | Комментарии (0)

ҚАСИЕТТІҢ ҚАДІР-ҚҰДІРЕТІ

Атамекен, туған жер – әркімнің ата-бабасы, өзі туып, өскен жер. Туған жер, өскен елді құрметтеу, оған барып тұру – азаматтық белгісі. «Алтын бесік» деп әспеттеп айтатын жеріне келген баладан бастап ересек адамдарды туған жеріне аунатып алатын қазақ ырымы бар. Бұл бала отаншыл болсын, үлкендердің ауру-сырқауы, шер-шемені кетсін деген ұғымнан туған.

Қара шаңырақ – ата-бабадан қалған үй. Атадан балаға қалып келе жатқан киіз үй (қыстау) қасиетті орын есебінде сақталған. Мұндай үйді күтіп, таза сақтайды.

Киелі орындар – әулие-әнбиелердің, батырлар мен би-шешендердің, атақты адамдардың мекен-жайлары, қабірі, мешіті киелі, қасиетті деп саналады. Мұндай орындарға халық әдейі барып зиярат етеді, түнейді, тілек іздейд ... Читать дальше »

Просмотров: 647 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 15/12/2015 | Комментарии (0)

СҮЙЕК, МҮЙІЗДЕН ЖАСАЛАТЫН ЗАТТАР

Қазақ шеберлері мен зергерлері сүйек пен мүйізді жеке бұйымдар мен заттардан басқа сәндік, әшекей, ою-өрнек жүргізуге де ұтымды қолдана білген. Мысалы, домбыра, қобыз, тағы басқа саз аспаптарына, ер-тоқым, сандық, қобдиша, кебеже, кереует, асадал, адалбақан, дыс-аяқтарды әшекейлеген. Қылыш, сапы, пышақ, бәкі, біз сияқты құралдарға сап, қын жасады. Мүйіздерден моншақ, түйме, ілгек, қапсырма, құрысқақ, сырға, тұмарша сияқты тағымдар мен әсемдік бұйымдар шығарып, олар көздің жауын алған. Сүйек пен мүйізге ағаш, жез, мыс, темір, алтын, күміс, асыл тастарды қосып, бағалы бұйымдар құнын арттыра түскен.

Етікшілер сиыр сирағының сіңірін ұзына бойы кесіп алып, әбден кептіріп, оы қатты соғу арқылы жұмсартып, тарамдап, ширатып, есіп «тарамыс» деп аталатын өте берік жіп жасайды. Онымен аяқ киімдер, ат әбзелдерін тағы бас ... Читать дальше »

Просмотров: 1101 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 15/12/2015 | Комментарии (0)

ЖАҚСЫ СӨЗ – ЖАРЫМ ЫРЫС

  • Кездескен адамдар бір-біріне «Ассалаумағалейкум!» деп сәлем береді. Бұл «сізге нұр жаусын» деген сөз. Сәлем алушы «Уағалейкумассалам!» дейді. Бұл «сізге де нұр жаусын» деген сөз.
  • Таңертеңгілік немесе таң атып келе жатқанда кездескен адамдар «қайырлы таң болсын» деп тілектестік білдіреді.
  • Наурыз күні «Ұлыс құтты болсын!», «төрт түлік ақты болсын» деуді ұмытпаған жөн.
  • Жаңа жылға «жыл құтты болсын», «бақыт, табыс жылы болсын» деп құттықтайды.
  • Халық әдетінде әрбір істі, тамақты «біссімілда» деп бастайды.
  • Үйге келген кісі шаңыраққа сәлем беріп кіреді. Үй иесі сәлемін алып, жасы кіші болса қайта сәлем беріп, «хош келдіңіз», «төрге шығыңыз» деп ілтипат көрсетеді.
  • Кешкілік үйге келгендер «кеш жарық» деп ... Читать дальше »
Просмотров: 1124 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 15/12/2015 | Комментарии (0)

СҮЙЕК, МҮЙІЗДЕН ЖАСАЛАТЫН ЗАТТАР

Аттарақ – жылқының жіліншігін жарып, жұқалап, оған егеп тіс салып, ағашқа саптайды.

Білезік – сиыр мүйізінен жасалады. Сырты жылтыр, оған түрлі ою-өрнектер салынады.

Бұғышақ – аңшылардың түрлі, қатты үн шығаратын үрмелі дыбыс құралы. Бұған мүйізден түтік қойылады.

Дойбы – бақайшық, қызасық және жіліншік басының түбін егеп, бояп дойбы тастарын жасайды. Сондай-ақ бұған ірі балық омыртқаларын да қолданады.

Жебе – ертеде жаугершілік жылдары жылқының жіліншік сүйектерінен кәдімгі садақ жебесінің ұштарын жасаған.

Зырылдауық – қойдың, ешкінің, киіктің ... Читать дальше »

Просмотров: 858 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 15/12/2015 | Комментарии (0)