МЕКТЕПТЕГІ НАУРЫЗ-ДУМАН
Ен де дархан далаға, сән де зәулім қалаға наурыз айы келісімен, Табиғат-Ана түрленіп, жазғытұрымға қарай бет түзеп, жылуы мен шуағын аямай шашып, алтын Күн сәулеленіп нұрлануда. Сірескен қар сай-жылғалай бұлақтанып, қасиетті Жер-Ана бір бусанып жасаруда.
Қандай да бір игі дәстүрдің болып, заңды жалғасын тауып отырғаны қандай жақсы. Ұлыстың ұлы күні үмітке жетелейтін наурыз айымен келеді. Наурыз мейрамын мерекелеу-тойлауда Қазақ елі, Қазақстанның орны басқа да Шығыс елдерінің, Түркі тектес ел-жұрттың ортасында өздігінен айырықша, өз алдына дербес қой, шіркін!
Жуырда Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде жаз хабаршысы көктемнің осынау мейрамына арналған «Наурыз-думан» атты ұлттық өнеге-тағылымға самсап тұрған оқушылар сын-байқауы ұйымдастырылды да өткізілді. Атаулы шараға оқу ордасында оқу-тәрбие алып жүрген 5 – 10 сынып оқушылары қатысып, өзара қызықты тартысқа түсті. Ал о
...
Читать дальше »