ӘДЕМІЛІК БІЗГЕ КӨПТІК ЕТПЕЙДІ
Ықылымнан әйелге деген ынта-ықылас толастамаған. Адам Атаның қабырғасынан
жаралды дегенімен бүкіл адамзаттың өмір сүруіне, өміршеңдігіне бірегей негіз
ғой әлбетте. Қарапайым қисынға салғанда, ешкім көктен түскен жоқ, әйел оның
анасы.
Жалғанда әйелдің орны бөлек. Ешкім әйелдің қыр-сырын ұғынып та, сезініп те
болмайды. Әйелдерсіз қоршаған орта да, қоғам да бар бояуынан айырылып қалған
сұр түстей ғой.
Он екі түнде гүлі ашылмаған, уыздай жас, мамықтай үлбіреген қыз мұраты –
кету. Бөтен босағаны оң аяқпен аттап, тастай батып, судай сіңу. Ибалық һәм
инабаттылықтың үлгісі болу. Өз құрсағында өзгеге жан
...
Читать дальше »