ЛАТЫН ТІЛІ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТІЛ

Жағдай 800 жылдарға таман өзгерді. Шіркеулерге қарайтын мектептерде реформа жүріп, дамыды. Латынша жазу мен оқуды үйренгендердің қатары көбейе түсті. ХІІ ғасырда бүкіл Еуропада, тіпті ешқашан Рим империясына кірмеген қазіргі Германия, Польша, Дания сияқты елдерде де латын жазуы қолданылды. Одан басқа жазу болмағандықтан, латын көптеген елде үстемдік құрды. Бұл кезде латын ешкімнің ана тілі болмаса да, оны көп салада қолданды, әсіресе мектепте латынша оқи және жаза білуді үйренуге мәжбүр шіркеу қызметкерлері арасында латын тілі еш тоқтаған емес. ... Читать дальше »

Просмотров: 195 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 08/11/2021 | Комментарии (0)

АРАЛАС БУЫНДЫ ӨЛЕҢ – өлең өрнегі. Абайдың «Бай сейілді» сияқты өлеңдерінен бастап орныққан төрт буынды тармақпен жеті-сегіз буынды тармақтар араласып келуі осы өлең үлгісіне жатады. Сондай-ақ, Абайдың «Сегіз аяқ», «Сен мені не етесің» атты өлеңдерінде қолданылатын күрделі өлең өрнегі де аралас буынды болып келеді. Осында ұзынды-қысқалы тармақтар араласып келетін өлең өрнегін, басқа да көптеген ақындардың туындыларынан кездестіреміз. Кейде бір өлеңде екі түрлі қалыптасқан өлшемді, айталық, жеті буынды тармақтарды араластырып қолдану да кездеседі.

 

АРБАУ ӨЛЕҢ – ауыз әдебиетіндегі тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Арбау өлеңінің табиғаты ... Читать дальше »

Просмотров: 217 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 08/11/2021 | Комментарии (0)

БІР ҚҰДАЙ

Кез келген ресми доктрина Құдайдың тылсым құпия екенін жоққа шығармайды. Раввиндер әрдайым Құдайдың мүлде танылмайтынын атап өткен. Құдай жұмбағына Мұса да бойлай алмаған. Ал Дәуіт патша өзінің құдайды тануға бағытталған әрекеттерінің сәтсіз болғанын мойындаған: Ол адам санасынан мейлінше жоғары. Еврейлерге тіпті Оның атын атауға тыйым салынды. Бұл – Құдай болмысын тануға бағытталған кез келген әрекетке сәтсіз болу жазылғанының тағы бір ескертпесі. Құдай атын YHWH түрінде жазды және киелі мәтіндерді оқығанда атамайтын. Қоршаған ортадағы Құдай әрекеттеріне тандануға болады, бірақ раввин Хуна айтпақшы, бұл ақиқаттың бір сәттік көрінісі ғана.

... Читать дальше »

Просмотров: 186 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 08/11/2021 | Комментарии (0)

ТҰМАР ТАСТАРДЫҢ ДА ӨЗ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ БАР

Тастардың да адам өмірінде алатын орны бар. Оны халық аузында қалған «Ақыл – гауһар бағасыз, ақымақ – ауру дауасыз» деген қанатты сөзден де аңғаруға болады. Мән бере қарасақ, ақылды гауһар таспен теңегені тегін емес. Сонан кейін, «Адам – гауһар, қолы – гүл» нақылында да адамның өзін гауһарға балауда үлкен мән бар. Яғни, гауһар сияқты тұмар тастар адам үшін бағалы болғаны.

Тастардың қасиетін анықтап, түбегейлі зерттеумен айналысқан ғалымдар төмендегідей қорытындыға келген: ... Читать дальше »

Просмотров: 189 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 08/11/2021 | Комментарии (0)